Информатика-9. Өрнектер, меншіктеу операторы. Стандартты функциялар

ШҚО, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Раисов Бекжан Сергазинович – информатика пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға өрнектердің математикалық жазылуы программалау тілінде жазылу ерекшеліктерін ұғындырып, берілген өрнекті программалау тілінде жазуды үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға өрнектердің математикалық жазылуы мен программалау тілінде қалай жазу керектігі жайында ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың түрі: Әңгімелеу

Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу, класс тазалығына көңіл бөлу
б) Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын сұрау үшін бірнеше сұрақтар қою

  1. Мәліметтердің қандай типтері бар?
  2. Мәліметтердің стандартты типтері қалай сипатталады?
  3. Логикалық типке қандай амалдар қолданылады?
  4. Символдық типке қандай амалдар қолданылады?

Жаңа сабақты баяндау
Сабақтың жоспары

  1. 1. Арифметикалық өрнектер
  2. 2. Логикалық өрнектер
  3. 3. Стандартты функциялар
  4. Өрнектерді Паскаль тіліндже жазу мысалдары
  5. 5. Бақылау сұрақтары мен жаттығулар

Анықтама: арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар функциялар, жиымдар т.б мағынасы бар сөздер тізбегі өрнектер деп аталады

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағнасы бар ең қарапайым сөйлемі оператор деп аталады.

Арифметикалық өрнектерге  арифметикалық амалдар қолданылады да, өрнектің нәтижесі нақты немесе бүтін сандар болады.

Арифметикалық өрнектердің қатесіз жазылуы және оның нәтижесі дұрыс болуы үшін төмендегі ережелерді ескеру қажет

  1. Екі амал қатар жазылмайды (А+ – В өрнегі дұрыс жазылмаған, өрнек А+(-В) түрінде жазылуы керек)
  2. Басымдағы жоғары амлдар алдымен орындалады (мына өрнекте х*у-d/4 алдымен көбейту мен бөлу амалдары содан соң азайту амалдары орындалады.)
  3. Егер барлық амалдардың  орындалу басымдығы бірдей болса, олар солдан оңға қарай орналасу ретімен біртіндеп орындалады (2/h*j өрнегінде алдымен 2 саны h-қа бөлініп сонан соң нәтижесі j-ға көбейтіледі.)
  4. Жақшаның ішіндегі амалдар алдымен орындалады ((а+b)*(c+d)) өрнегінде көбейту амалы ең соңынан орындалады
  5. Математикалық мағнасы жоқ өрнек жазуға болмайды, мысалы нөлге бөлу, нөлді логарифмдау, теріс саннан түбір табу т.с.с
  6. Паскальда өрнек бір жолға тізбектеліп жазылады

Логикалық өрнектер

Логикалық өрнектің нәтижесі ақиқат (True)  немесе жалған (False) болады. Логикалық өрнек логикалық тұрақты, логикалық айнымалы, логикалық функциялардан қатынас және логикалық амалдарадан, жақшалардан құрылады.

Бекіту сқрақтары

  1. Идентификатор деген не?
  2. Шамалар қандай жағдайда міндетті түрде тқрақты ретінде анықталады?
  3. Паскаль тілінде тип ұғымының енгізілу себебі не?
  4. Жүйелі тип не үшін қажет?
  5. Стандартты функциялардың программалауда алатын орны қандай?

Үйге тапсырма 2.6, 2.7,2.8
Оқушыларды бағалау

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.