Информатика-9. Циклдік алгоритмді программалау.

raisovbekjan-150x150ШҚО, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Раисов Бекжан Сергазинович – информатика пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:

Циклдің түрлері. Циклді ұйымдастыру операторлары
Білімділік мақсаты: Оқушылардың өтілген тақырып пен жаңа тақырыптарды игеру барысында алған білімдерін тереңдету, бір жүйеге келтіру. циклдік операторларды пайдаланып  программа құра білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушының пәнге деген сүйіспеншілігін, ынтасын, қызығушылығын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушының жан дүниесін адамгершілікке, көпшілікке, бауырмалдыққа, тапқырлыққа еңбек сүйгіштікке, өзін-өзі басқара білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: Математика
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, M.S. Powerpoint программасында жасалған слайдтар, схемалар, таблицалар
(видеопроектор арқылы көрсетемін)

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй жұмысын тексеру
  3. Тақырыпқа байланысты өткен тақырыпты қайталау
  4. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  5. Есептер шығарту
  6. Сұрақтармен тақырыпты бекіту
  7. Үйге тапсырма беру
  8. Сабақты қорытындылау
  9. Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезең Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, класс оқушыларын түгендеу, класс тазалығына назар аудару.
ІІ. Үй жұмысын тексеру: Бір оқушыдан үйге берілген тапсырманы сұрау.
Тақтаға екі оқушыны шығарту
ІІІ. Үй жұмысының есептері:
Есеп №40 While операторын пайдаланып 1-ден 99-ға дейінгі сандардың ішінднгі тақ сандардың қосындысын есептейтін программа жазыңдар.

Есеп №49 Repeat операторын қолданып пароль сұрайтын және пароль дұрыс табылса, онда «Жарайсың!» деген хабарды басып шығаратын программа жазыңдар.

Program U;
Var x: integer;
Begin readln (x);
Repeat if x<6 then writeln;

Өтілген тақырыпты қайталау сұрақтары:

  1. Қандай алгоритмдер циклдік деп аталады?
  2. Қайталау (цикл) операторлары қандай міндет атқарады?
  3. Қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік оператордың неше түрі бар?
  4. WHILE операторының жазылу ережесі мен орындалуы
  5. WHILE операторынның синтаксистік диаграммасы
  6. WHILE операторының блок схемасы
  7. WHILE операторының алгоритмдік тілдегі программасы
  8. WHILE  және REPEAT операторлардың бір-бірінен өзгешелігі неде? Екеуіде қандай жағдайда пайдаланған қолайлы?
  9. REPEAT операторларының жазылу пішімі
  10. REPEAT операторының орындалуы
  11. REPEAT операторының блок схемасы түсіндір
  12. REPEAT операторының операторының синтаксистік диаграммасын түсіндір?

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

а) Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру
б) Жаңа тақырып

Циклдегі операторларды қайталау саны алдын ала белгілі болған жағдайда FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады. Оператор FOR сөзіне басталатын оның тақырыбынан және цикл тұлғасынан тұрады. Синтаксистік диаграммасының суретін кескіндеу:

(сурет)

FOR операторының диаграммаға сәйкес оның жазылуының екі түрі болады.

for <айнымалы>: = <S1> to <S2>do <оператор>;
for<айнымалы>:= <S1> downto <S2> do <оператор>;

мұндағы S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for …do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор> – цикл тұлғасы.

FOR – үшін, TО – дейін,  DO – орындау деген мағынаны беретін түйінді сөздер. Паскал тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе  DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін , DOWNTO – кері қарай) түйінді

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

2 комментария

  1. Маған ұнады. Рахмет!

  2. Маған ұнады. Рахмет!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.