Информатика. Электрондық кестелер. ЭЕМ-да сандық ақпаратты өңдеу. Кестенің құрылымы.

ШҚО, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Муратканова Перезат Муратовна – информатика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Формулалар түрін және операторларын оқып-үйреніп,  оқушылардың сандық ақпараттарды өңдеу машықтарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың электрондық кестенің мүмкіндіктері туралы ой- өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Компьютер кабинетінде техника қауіпсіздігін сақтап, берілген тапсырманы ұқыпты орындауға тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекіліктері: ДК, тапсырмалар, слайдтар.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Қолданылатын әдіс: Көрнекіліктер арқылы баяндау, компьютер арқылы жаттығулар орындау.
Сабақтың барысы:
I.
Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, кластың тазалығын, оқу құралдарын тексеру.
II. Үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексеру.
Техника қауіпсіздік ережесін қайталау
Қайталау сұрақтары.
1. Excel кестелік процессорының терезе элементтерін атаңдар.(слайд – MS Excel-дің терезесі )
2. Жұмысшы кітаптың жұмысшы беттерін неше бетке дейін көбейтуге болады?
Жұмысшы бет неше  жолдан, неше бағаннан тұрады?
3. Электрондық кесте дегеніміз не?
4. Кестеге жұмысшы беттерді қосу үшін қандай команда орындаймыз?
5. Электрондық кестенің ұяшығы деп нені айтады?
6. Ұяшықтың ауқымы деген не?

III.Сабақ барысы
Электрондық кестенің мәндері келесі типтерде бола алады:
–         мәтіндік;
–         сандық;
–         формулалық;
–         күндік (слайд, дәптерге жазып алу)

ЭК-дағы мәтіндік жазбалар әріптердің, сандардың және арнайы символдардың, қандай да болса тізбегі болуы мүмкін.Мысалы, «М.И.Дәулетов», «9-Б сынып», «100 тенге».

Мәтінді енгізу үшін ұяшық таңдаймыз,оны тереміз. Енгізуді аяқталғаннан кейін формула жолындағы Ввод батырмасын шертеміз немесе <Enter> пернесін басамыз. Excel үнсіз келісім бойынша мәтінді ұяшықтың сол жақ шеті бойынша туралайды.

Сандық деректер – бұл цифрдан «+» немесе «-» белгілерінен немесе ондық үтірден басталуы мүмкін цифрлар тізбегі.(Слайд, дәптерге жазып алу керек)

Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды да енгізуге болады.

Электрондық кестедегі формула деп есептеу үшін қолданылатын кәдімгі математикалық өрнектерді айтады.(Слайд, дәптерге жазып алу керек).Формулалар белгілі ереже бойынша жазылады.

Формулалардың мынандай түрлері бар:
–         математикалық;
–         статистикалық;
–         қаржылық;
–         логикалық;
–         жіберу(ссылки) және т.б. (слайд)

Формулалар операторлардың көмегімен жазылады:
–         арифметикалық;
–         салыстыру;
–         жіберу;
–         мәтіндік(слайд,дәптерге жазып алу)
Математикалық операторлар                    Салыстыру операторлары

Оператор Функция
< Кем
> Артық
= Тең
<> Тең емес
<= Кем немесе тең
>= Артық немесе тең
Оператор Функция
+ Қосу
Азайту
* Көбейту
/ Бөлу
^ Дәрежеге шығару
% Процентті есептеу

Жіберу операторлар                                 Мәтіндік операторлар

Оператор Функция
׃ Ұяшықтар ауқымы арасына бөлу
; Біршене адресті біріктіру
Оператор Функция
& Символдарды біріктіру

Excel-де барлық формулалар әрқашан теңдік белгісінен басталады(жазылған формуланы көрмету,слайд)  =B3+C3+D3 , егер оны жіберіп қойса,онда енгізілген формула мәтін ретінде қабылданады. Формулаларды енгізген уақытта олар формулалар қатарында бейнеленеді. Enter пернесін басқанда Excel берілген формула бойынша есептеуді орындайды.

=B3+C3+D3 мұндай ұзын формуланың орнына = СУММ (B3:D3) формуласын енгізсе де болады. Электрондық кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады,сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында    белгісінің батырмасы қарастырылған (слайд).

Мынандай статистикалық функцияларды қарастырайық:
–         СУММ  – жолдағы, бағандағы немесе ауқымдағы сандардың қосындысын есептейтін функция;
–         СРЗНАЧ функциясы бір қатар мәндердің арифметикалық ортасын есептейді;
–         МИН – жолдағы, бағандағы немесе ауқымдағы минимал (ең кіші) элементті есептейтін функция;
–         МАКС – жолдағы, бағандағы немесе ауқымдағы максимал (ең үлкен) элементті есептейтін функция(слайд, дәптерге жазып алу керек).

Енді мына тапсырманы талдап керек.
Тапсырма 1.
Үлгі бойынша кестені құрыңыз.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.