Қазақ тілі. Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер.

Ақмола облысы Бұланды ауданы Никольск орта мектебі Ережепова Гауһар Тұрлыбекқызы.

1. білімділік:
А. Оқушыларды сын есімді қалай меңгергенін тексеру (оларды құрамына және мағынасына қарай ажырата білу) сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу.
Б. Сан есім және оның құрамдық түрлері жайлы теориялық білім беру.
2. дамытушылық:
Ұлағатты сөздердің мәнін түсіндіре отырып шешендік  өнерге,алғырлыққа,тез ойлауға,оқу дағдыларын жетілдіріп,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау
3.тәрбиелік:
Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін,ұлттық өнерді бағалай білуге баулып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа білім беру.
Сабақта қолданылатын әдіс:түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қорыту,ойын ойнату,тест т.б
Пәнаралық байланыс:әдебиет,математика,ән күй.
Сабақтың көрнекілігі: Эпиграф
2. Үлестірмелі қима қағаздар.
3. Сөз жұмбақ.
4. Шолуға арналған «кәмпит» сұрақтар.
5. Мақал-мәтел,жаңылтпаштар.
6. Тест сұрақтары.
7. Сан есімнің құрамдық түрлері жазылған тірек-сызба.
8. Шешендік сөздер,жұмбақтар.
9. Қосымша материалдар,рефераттар.

Сабақ барысы:

Жаңа сабақ.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Кезекшінің мәлімдеуі

ІІ. Есіңе түсір.(қайталау сұрақтары)

Біздің өткен сабағымыз-қуаныш.Әр қуанышқа кеңпейіл халқымыз шашу шашқан.Шашу–тілек,береке.Ендеше, біз де сендердің нұрлы келешектеріңе қуаныш тілеп,шашу шашайық.(шашу «кәмпит» шашылады)Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы шашудан ауыз тиген болып саналады.

1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сын есімнің маңызды белгілерін ата.
3.Сын есім құрамына қарай неше топқа бөлінеді?
4. Негізгі сын есім дегеніміз не?
5. Туынды сын есім дегеніміз не?
6. Күрделі сын есім дегеніміз не?
7. Дара сын есім дегеніміз не?
8. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтарды ата.Мысал келтір.
9. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақты ата.Мысал келтір.
10. Сын есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді.
11. Сапалық сын есім дегеніміз не?
12. Қатыстық сын есім дегеніміз не?
13. Сын есім сөйлемде көбінесе қандай қызымет атқарады?

ІІІ.Сынап көр.

А. Оқушыларға қашқын қылмыскер туралы хабарландыру оқып,балалардың көңілін аудару.

Хабарландыру.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.