Тақырыбы: Қадірлесең салт-дәстүр-қымбатты асыл қазына (тс).

Батыс  Қазақстан облысы, Орал қаласы,М.Өтемісұлы  атындағы сауықтыру мектеп- интернатының  тәрбиешісі Мүтиева Светлана Тантаевна

Мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының салт- дәстүрі туралы жалпы білім беру
Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық мәдениетке қызығушылық, өз халқының салт- дәстүрін сактауға дайын тұлғаны қалыптастыру.Ата салтымыздың асыл мұра, алтын Қазынасын жас ұрпаққа үйрету.
Өту-әдісі: Сұрақ-жауап, пікір алмасу.
Қажетті құралдар.
Ұлттық салт-дәстүрге байланысты түрлі- түсті суреттер, бейне таспа, Кіріспе сөз.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы. «Қадірлесең салт-дәстүр – қымбатты асыл қазына».
Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан cалт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек.Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен
сенімнің тұрмыс-тіршілгіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізгі ретінде қалыптасқан.
І.Негізгі бөлімде әрбір топ өздерін жеке-жеке таныстырады.
Біз «Мұрагер» ұраны.
«Салт-дәстүрді қастерлеп сақтаймыз».
Біздің тобымыз «Шежіре» ұраны.
«Ата-бабамыздың өнерін салт-дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз, ұмытпаймыз».
«Жақсы сөз жарым ырыс» демекші, жақсы, іс-әрекет пен қимыл да жақсылықтың нышаны. Сондықтан жақсы сөздерді айтумен қатар сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлық
пен іс-әрекеттерге қалыптастыру әрбірата-ана мен мұғалімнің міндеті. Олай болса, ырым мен тыйым салынған әрекеттер мен қылықтардың себебімен танысып көрейік.
Екі топтан бір-бір оқушы ортаға шақырылып қоржыннан нөмірленген асықтарды алып жауап береді.
№1. «Үлкенің алдын кеспе» деген тыйым қалай түсінесіз.
№2. «Мықыныңды таянба»
№3. «Қолыңды қусырма»
№4. «Тізеңді құшақтама»
№5. «Кісі ақысын жеме»
№6. «Отқа түкірме»
№7. «Аққуды атпа»
№8. «Қонаққа сынық кесемен шай ұсынба»
№9.«Қонаққа берілетін затты сол қолмен емес оң қолмен ұста»
№10. «Үйге қарай жүгірме»
№11. «Бос бесікті тербетпе»
Бүгінен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза,
көңілі-ақ рухани сезімдерге бай адам болыңыздар.
Көрініс. «Сыйласым»
«Тест» сұрақтары таратылады.
Келесі кезекте мақал-мәтелдердің
– жалғасын тауып аяқтау керек.
– №1.Қызым саған айтам,
– (Келінім сен тыңда).
– №2.Ағасы бардың тынысы бар,
– (Асы бардың ырысы бар).
– №3.Алтыдағы бала ауылға келсе,
– (Алпыстағы қария келіп сәлем берер)
– №4.Атаңа не істесең,
– (Алдыңа сол келер)
– №5.Мейірімділікті анадан үйрен,
– (Әдептілікті данадан үйрен)
– №6.Балапан ұядан не көрсе,
– (Ұшқанда соны іледі)
– №7.Жақсыдан үйрен,
– (Жаманнан жирен).
– №8.Жақсы сөз жұбатады,
– (Жаман сөз жылатады)
– №9.Сөйлей- сөйлей шешен боласың,
– (Көре-көре көсем боласың)
– №10.Туған жердей жер болмас,
– (Туған елдей ел болмас).
– Халқымызда «Үлкенге-құрмет кішіге ізет»-деген мақал бар.
– Кім өз түсінігін ортаға салады.
– Ой сергіту: «Орамал тастау» ойыны.
– «Білікті-бірді жығар
– Білімді-мыңды жығар»-дегендей келесі мағлұмат беруі, сайысымыздың сұрақ-жауап түрінде болады.
1. «Ерулік беру» деген салт туралы не білесіз?
2. «Жеті ата» деген ғұрып туралы не білесіз?
3. «Қыз қуу» деген (дәстүр, ойын)туралы не білесіз?
4. «Тізе бүгу» деген ырым туралы не білесіз?
Көне ұғымдардан ата-аналар мағұлмат
береді.
Сауалнама.
Би: «Әке толғауы».
Нені білдім; Нені игердім; Нені
түсіндім;
Салт-дәстүр; Бейне таспа.
Қортынды сөз.
– «Жаңбырмен жер көгерер,
– батаменен ел көгерер.
Үлкен кісіден бата сұрау.
1.Айтары мол ғұлама
Көп жасаған бұл адам
Әкесі ол әкеннің
Білер оны сұраған.Ол кім?
2.Аймалайды «күнім» деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті-ақ дейді немере.
«Бал шырындай үнің» деп.
Ол кім?
3.Атанның баласы,
Кей кезде таласып қаласының
әжеге,
Қанеки кім шешер,
Білгенің асады кәдеге.Ол кім?
4.Әлпештеп өзіңдей өсірген,
Нағашы әженнің баласы.
Төрінде жалпиып көсілген
Бұл күнде жиеннің анасы.
Ол кім?
5.Өресің шашын да,
Қарайсын басында,
Бас-көз бой жүресің
Сен кімнің қасында? Ол кім?
6.Көмекші шешеге
Құйттай қыз кешегі.
Сіңлісін уатып
Қамқор боп өседі.
Қазақта ол жанды
Кімісі деседі?Ол кім?
7.Кімнің «жағасы»,
Қымбат тым бағасы
Қамқоршы ініге
Асқар тау кім болар?
8.Ағаның тынысы,
Тындырар жұмысын
Ол кім деп білеміз?
Қорытындылау

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.