Информатикадан 7-сыныпқа арналған тереңдетілген курс жоспары (102 сағат).

Мақала авторы анықталуда.

Түсінік хат

Қазіргі уақытта республика мектептерінде 7-11 сыныптырда информатика пәнінің мазмұны мен оған қойылатын талаптар жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт көлемінде анықталады. Сонымен бірге мемлекеттік стандартта қосымша бағдарлама бойынша информатиканы оқытуға мүмкіндік берілген. Ол оқушылардың білімдік қажеттілігін қанағаттандыруға екі және одан да көп жылдар көлемінде қарастырылады.

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
республикалық оқу – әдістемелік кеңесі ұсынған, авторлары: Н. Ермеков, С. Мұхамбетжанова, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Ол 7 – 11 сыныптарда информатиканы тереңдетіп оқыту мәселелерін қамтиды. Оқу жүктемелерінің көлемі төмендегідей: аптасына 7-сыныпта 3 сағат. Негізгі оқу сағаттарынан басқа 28 сағаттан кем емес жаздық практиканы өткізу де қарастырылады.

Тереңдетілген курстың

Мақсаты:

  • Мемлекеттік білім стандартында жаратылыстану – математика бағыты үшін мектептің негізгі және жоғары сынып оқушыларының міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды орындайды;
  • Бағдарламалау саласы, компьютерде есептерді шешу әдістерін модельдеу тәсілдері кең көлемдегі ақпараттарды өңдеу сияқты информатиканың қосымша материалдарынан түсініктер беру.

Міндеттері:

  • Оқушылардың ғылыми – танымдық әдістерін, ғылыми дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру, ақпараттық модельдеу әдістерін және түрлі салалар бойынша бағдарламалар жүйесінің құралдарын қолдану.
  • Формализация, компьютерлік эксперимент ретіндегі ғылыми –танымның қазіргі әдістерін терең меңгерту, оптимальды шешім қабылдауға бағытталған әрекеттік ойлау қабылетін қалыптастыру;
  • Білім берудің ақпараттық бөліктерін меңгерту;
  • Мектеп пәндері бойынша ғылыми жобаларды орындау, түрлі бағдарламалық құралдардын жасақтау, зерттеулер жүргізу сияқты әрекеттер бойынша оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Алгоритмдеу және бағдарламалау курстарын тереңдету арқылы олимпиадаға оқушылар дайындау;
  • Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы қазіргі қоғам талабына сай мамандыққа даярлау.

7-ші сынып информатикасын тереңдетіп оқыту курсының оқу материалының мазмұны:

Ақпарат және ақпаратты өңдеу. Тірі табиғаттағы, қоғамдағы, техникадағы ақпараттық процестер: ақпаратты алу, беру, түрлендіру, сақтау, қолдану. Ақпаратты кодтау, екілік код. Стандарттық кодтық кесте. Мәтіндер мен сандарды кодтау. Ақпараттың өлшем бірліктері.

Компьютер. Компьютердің қолдану салалары. Оның негізгі құрылғылары және олардың өзара байланыстылығы. Қауіпсіздік ережелері.

Компьютердің құрылымдық кескіні. Компьютердің негізгі құрылғыларының атқаратын қызметтері. Нейман фон принциптері. Архитектура принциптері.

Енгізу-шығару құрылғылары. Пернетақта. Тышқан, т.с.сДинамиктер. Сканер. Принтер. Монитор.

Бағдарламалық қамсыздандыру. Бағдарламалық қамсыздандыру түрлері. Оларды топтау: жүйелік, қолданбалы. Операциялық жүйелер. Олардың атқаратын қызметі және түрлері. Windows операциялық жүйесінің жұмыс үстелі. Терезе, оның элементтері мен құрылымдары. Файлдар, папкалар, таңбашалар. Папкалар иерархиясы. Нысандарды жылжыту, көшіру. Себет. Нысандарды өшіру, қайта қалпына келтіру. Сілтеуіш(Проводник). Анықтама алу.

Графиктік ақпараттарды өңдеу тенологиясы. Paint графиктік редакторында бейнелерді сақтау, жүктеу. Бейне бөліктерімен және үзінділерімен жұмыс. Кез – келген файлдардан суреттерді қою. Бейнелерді баспаға беру.

Мәтіндік ақпараттарды өңдеу технологиясы.  WordPad редакторының терезеснің құрылымы. Мәтін үзінділерімен жұмыс.Алмастыру буфері. Мәтінге графикалық нысандарды, мәтінді суретке қою тәсілдері.

Сандық ақпараттарды өңдеу технологиясы. Калькулятор. Жай және күрделі есептеулерді жүргізу.

Алгоритмдеу және бағдарламалау.  Алгоритм, оның қасиеттері. QBASIC бағдарламалау тілі. Сандық есептеулер. Графика операторлары. Шамалармен жұмыс. Сызықтық, тармақталу, таңдау командалары. Тестік бағдарламалар құру бойынша шығармашылық жұмыс. Циклдер, кіріктірілген циклдер, күрделі циклдер.

Жиымдар(Массивтер). Берілген элементтерін іздеу, элементтерін реттеу. Марицалар.

Литерлік шамалар. Біріктіру, қию функциялары.

Көмекші алгоритмдер. Ішкі бағдарламалар.

Интернет. Интернет желісі. Ақпарат іздеу жолдары. Электрондық поштамен жұмыс

Оқушылар білуі тиіс:

  • Ақпаратты өндеу, сақтау, беру тәсілдерін, екілік, он алтылық санау жүйелері мен ASCII кодтары арқылы кодтау тәсілдерін,  Бит пен Байт деген не екенін білу.
  • ЕТ машинасының құрылу прициптерін, аппараттық құралдардың негізгі жиынына не кіретінін, бағдарламалық жабдықтаманың не үшін керек екенін;
  • Жұмыс үстелі ұғымын, есептер тақтасын, тышқанмен орындалатын әрекеттерді, терезе ұғымын, файлдар мен папкалар ұғымын анықтамалық ақпараттарды іздеуді, Windows нысандарымен жұмыс істеуді;
  • ГР не екенін, оның терезесінің құрылымын, редакторда сурет салу техникасын, құралдар тақтасын пайдалануды, суреттерді сақтауды, үзінділермен әр түрлі операцияларды орындауды;
  • WordPad терезесінің құрылымын, құралдар мен сызғыштарды пайдалануды, мәтіндерді редакторлауды.
  • Калькулятордың негізгі жұмыс режимдерін;
  • Алгоритм және алгоритм қасиеттерін, алгоритмді бейнелеу тәсілдерін;
  • Таңдау командасы мен тармақталу командаларының операторларын, шамалардың түрлерін, тестік бағдармалар құрлысын, тармақталу командаларының түрлерін, цикл және оның түрлерін, цикл операторларын.
  • Массивте берілген элементтерді іздеу, массив элементтерін реттеу, матрицалар.
  • Литерлік шамалар деген не екенін, қию функциясының операторларын;
  • Интернет пен электрондық поштаны пайдалану.

Оқушылар нені үйренуі керек:

  • Қоғамда, тірі табиғатта, техникада және адам іс – әрекетінде ақпараттарды өндеу, сақтау, беру процесіне мысалдар келтіру, қарапайым хабарларды кодтау мен кері кодтауды.
  • Пернелерді пайдалануды, иілгіш және компакт дикілерді қолдануды.
  • Объектілерді жылжыту және көшіруді, анықтама жүйесінен ақпарат алу тәсілдерін;
  • Сурет салуды және оларды редакторлауды, суретке мәтін кірістіруді, шрифт өлшемдерін, түстерін өзгертуді, үзінділермен жұмыс істеуді;
  • Мәтіндік файлдады құруды, редакциялауды, сақтауды, ашуды, алмасу буферін қолдануды, файлдарға объектілерді енгізуді;
  • Әр түрлі тәсілдермен алгоритм құруды;
  • Таңдау командасы мен тармақталу, цикл командаларын қолданып әртүрлі есептерге бағдамалар құрастыруды, бағдарламаларды компьютерде орындауды;
  • QBASIC бағдарламалау тілінде массивтер мен матрицаларға арналған  есептерді шығаруды және орындауды;
  • Литерлік шамаларды қолданып программа құрастыруды, оны QBASIC бағдарламалау тілінде орындауды, сөйлемдегі, сөздегі әріптер санын анықтау, әріптердің орындарын алмастыру, полиндром сөздермен жұмыс істуді;
  • Интернетте ақпарат іздеуді, поштамен хабар жіберуді, алуды.

Қолданылған әдебиеттер мен программалық құралдар тізімі

Нормативтік құжаттар:

ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. 2002 жыл.

Оқулықтар:
Информатикадан 30 сабақ.Е. Балапанов, Алматы: «Шартарап»
Жалпы информатика. С. Симонович, Г. Евсеев- Москва: «АСТ-ПРЕСС»
Информатика 7, Н. Ермеков, Н. Стифутина. – Алматы: Атамұра, 2007ж.
Информатика 9, Н. Ермеков, В. Криворучко, Л. Кафтункина.-Алматы: «Жазушы», 2002ж

Әдістемелік құралдар:
Информатика 7, Н. Ермеков, Н. Стифутина. – Алматы: Атамұра, 2007ж.
Информатика 9, Н. Ермеков, В. Криворучко, Л. Кафтункина.-Алматы: «Жазушы», 2002ж
Есептер жинағы 9 сынып. В. Криворучко, Л. Кафтункина, Л. Язенко.-Павлодар: ҒӨФ «Эко», 2002ж.

Қолданбалы программалық  құралдар:
Windows XP операциялық жүйесі,WordPad, графиктік редактор Paint, CorelDraw, «Қауыпсіздік техникасы», QBASIC бағдарламасы, «Электрондық оқулық» (авторлық).

7 «а» сыныбында информатика пәнін тереңдетіп оқытудың тақырыптық жоспары. Аптасына 3 сағ (102 сағ)

 

Негізгі блок Тақырыптар мазмұны Сабақ түрлері Сағат саны
Бар-лығы Теория Прак-тика

 

Ақпарат және ақпараттық процестер a) Зат, энергия және ақпарат – қазіргі ғылымның іргелі ұғымдары. Тірі табиғаттағы, қоғамдағы және техникадағы ақпараттық процестер Ақпаратты түрлендіру тәсілдері. Табиғи және жасанды тілдер Пікірлесіп түсіндіру. Дебат – сабақ 

 

 

 

 

2-3 b) Ақпарттарды кодтау. Ақпаратты түрлендірудің екілік формасы. Ақпараттар саны және өлшем бірлігі. АС және ПС Интерактивтік тақтаны пайд 2 1 1
4-5 c) Мәтіндік ақпараттарды кодтау. Жаттығу сабақтары 2 1 1
6-78 Стандарттық кодтық кесте. Сандарды кодтау. Графиктік ақпараттарды кодтау.Бақылау жұмысы АС (Интерактивтік тақтаны пайд) 21 1 1
Оқушылар нені білу керек Оқушылар нені үйрену керек
  • Ақпараттар түсінігін;
  • Ақпараттар түрлерін;
  • Өндеу тәсілдерін;
  • Ақпаратты өндеу, сақтау, беру тәсілдерін.
  • Екілік, он алтылық санау жүйелері мен ASCII кодтары арқылы кодтау тәсілдерін.
  • Бит пен Байт деген не екенін білу.
  • Аналогтық пен дискреттік сигналдардың айырмашылығын.
  • Қоғамда, тірі табиғатта, техникада және адам іс – әрекетінде ақпараттарды өндеу, сақтау, беру процесіне мысалдар келтіру.
  • Қарапайым хабарларды кодтау мен кері кодтауды.
  • Әр түрлі ақпараттық процестердегі сигналдар табиғатын анықтауды.
  • Ақпарат тасымалдауға жауапты ақпараттық процестің параметірлерін анықтауды, көлемін анықтауды.
1- деңгей 2 – деңгей 3 – деңгей
a)      1.1.3b)     1.1.10 1.1.51.1.6 1.1.81.1.11

Күнтізбе жоспарның толық нұсқасын Сабақтар 2011 беті, 7-сынып бөлімінен көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

4 комментария

  1. Гулжамал

    Информатикадан 7-8-9 сыныптарға арналған тереңдетілген курс жоспарын жасап, сіздің сайтқа жіберген мен едім. Ол жөнінде сізге ( Мұқаметжан Жақаевқа)жазған едім. Біресе Камиль Айбектің, біресе сіздің атыңыздан жарияланып жүр. Сондықтан сайтта басқа біреудікін иемдену қалыпты жағдай ма деп ойлаймын.

    • Бүрынғы сайттан жаңаға көшіргенде, ол мақаланы мен сайтқа шығарған едім, сондықтан менің атымнан болып тұр. Ал, авторын көрсетпеген себебім, кімдікі екенін білмедім. Сізде, мысалы бір жылдан соң айтып отырсыз бұл туралы. Бұрынырак неге айтпадыңыз. Енді дәлелдеңіз мақала сіздікі екенін. Ал, қазір мақала авторы белгісіз. Сізді жаза салсам ертен басқа біреу дауласпайма?
      Әзірге мақала авторы анықталуда деп қойдым.

  2. Гулжамал

    Информатикадан 7-8-9 сыныптарға арналған тереңдетілген курс жоспарын жасап, сіздің сайтқа жіберген мен едім. Ол жөнінде сізге ( Мұқаметжан Жақаевқа)жазған едім. Біресе Камиль Айбектің, біресе сіздің атыңыздан жарияланып жүр. Сондықтан сайтта басқа біреудікін иемдену қалыпты жағдай ма деп ойлаймын.

    • Бүрынғы сайттан жаңаға көшіргенде, ол мақаланы мен сайтқа шығарған едім, сондықтан менің атымнан болып тұр. Ал, авторын көрсетпеген себебім, кімдікі екенін білмедім. Сізде, мысалы бір жылдан соң айтып отырсыз бұл туралы. Бұрынырак неге айтпадыңыз. Енді дәлелдеңіз мақала сіздікі екенін. Ал, қазір мақала авторы белгісіз. Сізді жаза салсам ертен басқа біреу дауласпайма?
      Әзірге мақала авторы анықталуда деп қойдым.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.