Информатика-3. Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техника ережесін сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көзге жаттығу жасау. ДК-ді қолдану салалары және маңызы. Тінтуірмен жұмыс.

ШҚО Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәні мұғалімі – Муратканова Перезат Муратовна.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Оқушыларды есептеуіш техникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының, компьютер кабинетінде өзін-өзі алып жүру ережелерімен және көз талғанда жасалатын жаттығулармен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың ойлау  қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтық түрі:  дәстүрлі сабақ
Көрнекілік: ТҚЕ,  дәптер

Сабақтық барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі :
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.   Өткен оқу жылына шолу жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пунктерге бөлуге болады.
І. Жалпы
ІІ. Дк-де жұмысты бастау алдында
ІІІ. Жұмыс істеу кезінде
ІҮ. Авариялық жағдайларда
Ү. Жұмысты аяқтағанда

І. Жалпы қауіпсіздік талаптары:

Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарды, розеткаларға, штекерге тиісуге тыйым салынады.

Мұғалімнің рұқсатынсыз класқа кіруге және кластан шығуға болмайды.

ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

Компьютер кабинетінде жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ІІ. ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойлатын қауіпсіздік талаптары:

ДК электр тоғына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне  көз жеткізу керек.

Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі  қою керек.

ІІІ. ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық-50см.

Келушілер келгенде оқушылар орнынан тұруының қажеті жоқ.

Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен  жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білу керек.

ІҮ. Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:

ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.

Қажет болса өртті сөндіруге көмектесу керек.

Қажет болса, электр тогын зақымдағандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.

Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге  болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

Ү. ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері.

І. Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

Токты ажырату

Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату.

Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету.

Дәрігер шақыру.

ІІ. Күйгенде көмек көрсету.

Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (аналгин, валерьянка)

Күйген жеріне май жағу  (винилин)

Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдынала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау

Дәрігер шақыру

ІІІ. Талып қалғанда көмек көрсету

Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу.

Дәрігер шақыру

ІҮ. Демі тоқтағанда көмек көрсету

Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру

Дәрігер шақыру.

Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан-ауызға) керек.

Көз талғанда жасалатын жаттығулар

1-жаттығу

Көздіріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар

Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар. Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар

2-жаттығу

Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар. Көздеріңді талдырмаңдар

Алысқа қадалып қараңдар

3-жаттығу

Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер

Алысқа қадалып қараңдар.

4-жаттығу

Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.

Ғылыми-техникалық әр түрлі есептеу машиналарын құруға себепші болды. Осы заманға қоғамда ақпаратты қайта өңдейтін технология құралының негізгі техникасы – ДК болып табылады.

ДК  «пайдаланушы» деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған . Қазіргі кезде ДК адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады: өңдірісте,ғылымда,білім беруде, медицинада және т.б.

ДК жасау ғасырдың ең маңызды өнертабыстарының біріне жатады. ДК – есептеуіш техниканың адам өміріндегі мәні мен ролін айтарлықтай өзгертті.

Тапсырма. Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техника ережесін сақтау.(мәтінді теріп жазу)

ІҮ. Жаңа сабақты қорыту

Техника қауіпсіздігі ережелерін қандай топтарға бөлуге болады және оларды ата?

Жалпы ережелерді ата?

Жұмыс жасау алдындағы ережелер?

Жұмыс жасау барысындағы ережелер?

Авариялық жағдайдағы ережелер?

Жұмысты аяқтау барысындағы ережелер?

Алғашқы мед.көмек көрсетуде не істеу керек?

Көз талғанда қандай жаттығулар жасау керек?

IY.Үйге тапсырма.

ТҚЕ жаттап келу және естерінде сақтап жүру.

Конспект оқу,мазмұндау.

Сабақтың толық нұсқасын, көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

 

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.