Технология. Гобелен тоқу өнері.

Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы

Пәні: Технология. Сыныбы:9ә
Сабақтың тақырыбы: Гобелен тоқу.
Сабақтың мақсаты: Халық қолөнерімен таныстыру, үйрету арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайтуға, әсемдікпен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету.
Білімділік мақсаты: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға қолөнердің эстетикалық мазмұнын бойына сіңіру арқылы шеберлікке, жинақылыққа, икемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, сарамндық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, сурет.
Сабақтың көрнекілігі: Венн диаграммасы, Құрасбек Тыныбековтың, Батима Зәуірбекованың туындыларының суреттері, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, түгендеу;
б. Жұмыс орнын ұйымдастыру, әкелген құралдарын тексеру.
в. Ұйымдастыру сәті кезеңінде сабақтың жұмыс ырғағын анықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Өлшем адамның қай жағынан алынады?
Өлшем не үшін алынады?
Өлшем қандай затпен алынады?
Киімдегі ақау дегеніміз не?
Мода дегеніміз не?
Мода қай елдің сөзі?

ІІI. Жаңа сабақты түсіндіру.

Кілем – үй жасауы деп санаймыз, оны жерге төсеуге, қабырғаға ілуге болады және кілем иірілген тоқыма жіппен тоқылады. Кілем – сәндік қолданбалы өнер түріне жатқызамыз және шалу әдісімен тоқылады.
Кілем түкті және түксіз болып бөлінеді. Түк салып тоқу өнері көбінесе Қызылорда, Торғай, Қостанай, Шымкент өңірлерінде жақсы дамыған.
Гобелен –суретті, түксіз, қабырғаға ілінетін және жерге төселетін кілем, яғни қолмен тоқылған кескіндеме. Гобелен – сәндік қолданбалы өнер түріне жатады.
Гобелен өнерінің шығу тарихы 20-шы ғасырдың басынан басталады. Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойы, Кавказға кең тараған ертеден келе жатқан алаша, тықыр кілем тоқу өнері гобеленнің қазақ халқының дәстүрлі қолөнеріне жат емес.

Гобеленнің отаны – Франция. Сонау орта ғасырларда өмір сүрген ағайынды Гобелендер негізін салғандықтан, солардың есімімен аталатын осы бір өнер түрінің қазақ жерінде жылы қабылданып, тез таралуы – бізде негіздің барлығынан. Ол қандай негіз? Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет.
Түкті кілемді тоқу барысында тоқу мәнеріндегідей техниканы қолдана отырып, сол түктерді кейбір жерлерде 10-15 мм-дей ұзындықта қалдырып, кей жерлерінде тақырлай қысқартып үйлестіріледі. Жалпы гобелен тоқу үлкен сезімталдылықты талап етеді.
Түкті кілем негізін құру үшін станок болу керек. Станок ағаштан жасалынады. Гобелен өнері оқушыларды әсемдікті, сұлулықты түсінуге, биік адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, олардың ой-өрісін, рухани байлығын дамытады.

Халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып, бүгінгі заманға жеткізуде гобелен өнерінің де үлесі жыл санап артып келе жатыр. Қазақ гобеленінің негізін қалаған марқұм суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова. «Ана», «Дала мадоннасы», «Сәукеле киген қыз», «Ұзату», «Күту» сынды туындылардың авторы.
Гобелен өнерінің дамуына ерекшеүлес қосқан Қазақстанда суретшілер қатарына:

Қ.Тыныбеков,
Б.Зәуірбекова,
И.Ярема,
Ә.Бапанов,
С.Бапанова,
Қ.Жұбаниязова,
А.Ихонова,
Н.Павленко т.б.атауға болады.
Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.

1946ж Батима Зәуірбекованың туған жылы
1970ж Гобелен саласындағы алғашқы туындысы «Шеберлер» деп аталған. Сарғалдақ түстес көйлек киген бойжеткен қыз жасыл өрнек арасында отыр. Осынау құпиясы мен қызығы мол, қиындығы да көп өнерге таңырқай қарайды. Әрине, бұл оқшау өнердің алғашқы көрінісі, бұлақ сылдырындай әуені ғана ғой. Бірақ өнер зерттеушілері осы еңбегін жақсы бағалады.
1972ж «Жіп иіруші қыз» атты гобеленде авторға тән шеберлік айқын көзге ұрады. Мұнда шебер қыз жұмыс үстінде бейнеленген. Басын сәл биязы бұруы, қолдарының әсем қимылы, жеңдерінің қанық түспен бүрмеленуі, шығарманың жалпы әшекейлік сипатымен астасып алғанын терең сезіммен ұғынуға бағдарлайды. Көркемдік мәні де ұштасуынан пайда болған үндестікке байланысты арта түскен.

Құрасбек Тыныбековтың «Шопан» атты гобелені. Бұл шығармадағы басты кейіпкер – жас шопанның қолтығындағы жаңа туған қошақанға назар салыңызшы: қошақанның – жартылай жануар, жартылай ою түрінде бейнеленгенін байқаймыз. Демек, бұл – қазақтың «қошқар мүйіз» оюының символы екенін көрсетеді. Аспан төріндегі ақша бұлттар да әртүрлі бейнедегі ою-өрнек болып баяу қалқып бара жатқандай әсер сыйлайды. Гобелен бетіндегі жазықтық табиғат құбылыстарынан хабар бергендей: түнгі аспандағы жұлдыздар әлемі, біресе желдің ұйтқи соққан әуені мен теңіз толқындары тәрізді алуан-алуан қимыл-қозғалыстарды бір кеңістікке еркін сиғызып, түрлі бояулармен қанықтырып, айрықша серпін мен ширақтық танытады. Осы көріністердің бәрі де ою-өрнектік символикалар арқылы берілгеніне таңданыс білдірмеске лажыңыз жоқ. Көне мен жаңаның өзара үндесуі дегеніміз осы.

Гобелен тоқу үшін:

1. Гобеленші-суретші алдымен тоқылмақшы гобеленнің суретін кіші қағазға түсіріп алады.

2. Гобеленші-бояушы суреттегі түрлі-түстерге сәйкес жіптерді алу үшін ақ жіптерді әр түрлі гүлдердің жапырақтарын, тамырларын, ағаш қабықтарын пайдаланып бояйды.

3. Гобеленші-картоньер кіші қагаздағы суретті тоқылмақшы гобелен елшеміндей картонға бояулы етіп салады.

4. Гобеленші-тоқымашы салған суреті бойынша кілемді тоқиды.

IV Сарамандық жұмыс.

· Жұмыс киімін киеміз;

· Кергішті үстел бетіне дұрыс орналастыру;

· Ине ұстау кезінде инені оң қолыңмен ұста;

· Қайшыны құрбыңа үшкір жағымен ұсынба;

· Алдымен кергішті алдымызға алып, негізгі жіпті бос тастап, ұшын инеден өткізіп, дұрыс отырамыз;

· Тоқылу әдісі кергіш бетінде оңнаң солға қарац жүргізу арқылы және солдан оңға қарай жүргізу апқылы орындалады;

· Тоқылу әдісінің арақашықтығы 3-4 мм болады;

· Тоқылу әдісінде жіптер мата бетін толық жауып, суретті нақтылай тоқу керек.

V. Сабақты бекіту.

1.Гобелен өнерінің шығу тарихы қай ғасырдан басталады?
2.Гобелен дегеніміз не?
3. Гобелен атауы қай елден шыққан?
4. Гобеленнің кілемнен айырмашылығы неде?
5. Құрасбек Тыныбековтың өмір сүрген жылдары?

7.Ең алғашқы гобеленші қазақ қыз?


Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграммасын қолдану.

 

Кілем

Ортақ қасиеттері

Гобелен

VI. Оқушы білімін бағалау.

Әр бір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.


VII. Үй тапсырмасы.

Гобелен туралы, Қазақстандағы басқа да гобеленшілер туралы қосымша деректерді жазып әкелу.

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.