Power Point 10сынып

Жақсылықова Жаңагүл Арал ауданы, №82 орта мектептің  ІІ санатты информатика пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Power Point – қа графикалық файлдарды енгізу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Power Point редакторына әртүрлі графикалық суреттерді , диаграммаларды , жазулар мен сызбаларды орнату жолдарын үйрету;
Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және техника қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтай білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан – жақты дамыту;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдері: түсіндірмелі, практикалық, деңгейлік тапсырмалар – СДО
Қолданылатын құрал –жабдықтар мен көрнекіліктер: компьютерлер, бейнепроектор, электрондық оқулықтар
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: 1. «Информатика негіздері» журналы
2. « Практикум» оқулығы
3.С.Т.Мухамеджанова «Ms Office бағдарламасы»
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдыстыру кезеңі:
A. Ұжымдық әрекет;
B. Санитарлық – гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;
C. Техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;
D. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару;

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау:
І – кезең :«Бағдаршам» ( Сабақты сұрай кезінде оқушы өзінің қандай дайындықта екенін білдіру мақсатында картоннан жасалған ұзын таяқшасын көрсетеді. Таяқшаның бір жағы қызыл, екінші жағы жасыл болады. )

1. Презентация ұғымы не деген мағына береді?
2. Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?
3. Қандай терезе элменттерден тұрады?
4. Power Point – та неше бейнелеу режимі бар? Қандай?
5. Слайда орындалатын объектілер қандай?
6. Жаңа презентация жасаудың неше әдісі бар?
7. Power Point – та үлгітүрдің неше түрі бар?

ІІІ . Жаңа тақырыпты түсіндіру:

А) 1-3 деңгей тапсырмаларына мұғалімнің қысқаша түсініктемесі.
ә) Компьютерде өз бетінше деңгейлік жұмыстарды орындау.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
І – деңгей:
1. Power Point бағдарламасын ашыңыз.
2. Формат – фон командасын орындаңыз.
3. Исключить фон образца пунктінде жалаушаны алыңыз және оң жақтағы үшбұрышты тышқанмен шертіңіз.

ІІ – деңгей:
1. Способы заливки ді таңдаңыз. Рисунок жапсырмасын таңдаңыз
2. Бір суретті таңдап ОК батрмасын басыңыз.
3. Екінші бос бет құрыңыз. Беті Другие цвета бөлімі арқылы фон құрыңыз.
ІІІ – деңгей:
1. Заголовок слайда өрісін өшіріп, І – оқу тоқсанының қорытындысы деп жазыңыз.
2. Заголовок и объект бөлімінен диаграмманы таңдаңыз.
3. Диаграмма өрісін толтырыңыз. «10 – сынып» деп сақтаңыз»

Сабақты қорытындылау:
Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.
Бағалау:
Үйге тапсырма беру: Графикалық файлдарды ендіру.

 

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.