VISUAL BASIC ОРТАСЫНДА МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ ПРИНЦИПТЕРІ

Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп – гимназиясы Нұрғалиева Бибігүл Жомартқызы информатика пәні мұғалімі

Мәліметтер қоры бұл ақпараттарды сақтауға арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек ғана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.

Мәліметтер қоры – бұл алдымен кестелер жиынтығы, мәліметтер қорына  процедуралар және басқа объектілер қатары кіреді.  Кестені қандай да бір  объектілер жиынның  атрибуттары бар екі өлшемді кесте ретінде елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол арқылы оған сілтеме жүреді. Кестенің бағандары сол немесе басқа объектілердің  характеристикаларына, яғни өрістерге сәйкес келеді. Әрбір өріс  сақталған  мәліметтердің  аты мен типі арқылы сипатталады. Өрістің аты – идентификатор. Ол әртүрлі программалардағы мәліметтерді манипуляциялау үшін қолданылады. Өрістің аты латын әрпімен жазылады. Өрістің типі  мәліметтер өрісінде сақталғандардың типтерін сипаттайды. Ол жол, сан, үлкен текстер, кескіндер  т.с.с. болуы мүмкін.

Мәліметтер қоры төмендегідей талаптарды қанағаттандырады:

  1. Мәліметтер тәуелсіздігі – бұл принципті екі жақты анықтауға болады.

а) Мәліметтер  өзгертілгенде осы мәліметтерге қолданылған программа өзгертілуі міндетті емес.

ә) Мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын барлық программа  басқа программадағы өзгертулерден оқшауланған болуы тиіс.

  1. Мәліметтер қорында мәліметтер мүмкіндігінше  қайталанбауы тиіс, яғни, артық мәлімет болмайтындай етіп, сақтауды ұйымдастыру.
  2. Жан – жақты байланысты орнату және қолдау. Мұндай байланыстар қандай да бір файлды әр түрлі қолданбалы программалардан шақыруды ұйымдастырады.
  3. Үзіліссіз дамытылуы, яғни, барлық уақытта мәліметтер өзгертіліп және кеңейтіліп отыру мүмкіндігі бар.
  4. Мейлінше аз шығындану, яғни жадыдан көп орын алмау.

Мәліметтер қорын жобалау кезендері

МҚ   жобалауда   мәліметтерді   ұйымдастыруды   үш   кезенде:
ақпаратты-логикалық         (инфологиялык),         даталогиялық (концептуалдық)   және   физикалық   деңгейлерде   қарастыру қабылданған. Бұл деңгейлерге пәндік саланың инфологиялық, концептуалдық және  физикалық  модельдері  сәйкес  келеді.

Мәліметтер қорын құратын және оларға сұрауды өндейтін бұл-МҚБЖ болып табылады. Дербес МҚБЖ бір компьютерде орындалатын жеке мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Жеке МҚБЖ – Paradox, dBase, FoxPro, Access. Комплекстік мәліметтер қорын программалаудың ортасы көмегімен құруға болады. Мысалы, Delphi, Visual Basic т.б.

Visual Basic ортасы Access, FoxPro, Dbase, Paradox форматындағы мәліметтер қорымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қолданылатын мәліметтер қоры  «клиент-сервер» архитектурасымен жұмыс істейді. Visual Basic ортасында клиент-сервер архитектурасымен жұмыс істеу үшін ADO(ActiveX Data Objects) технологиясы қолданылады, бұл мәліметтер қорына ену әдістерін қамтитын жаңа технологиялардың бірі.

ADO технологиясын Access, Oracle, SQL, және т.б. мәліметтер қорына қосылу үшін қолдануға болады. Бұл технологияда МҚ-на тез және ыңғайлы түрде қосылуға мүмкін беретін OLE DB жаңа механизмі қолданылады. ADO технологиясында OLE DB драйверлері бар кез келген МҚ-на қосылу мүмкіндігі бар.

VB қосымшаларында ADO технологиясын жүзеге асыру үшін үш түрлі құрал қолданылады:

  1. ADO Data Control
  2. ADO Connection Object(МҚ-на қосылуды жүзеге асыратын объект)
  3. ADO Recordset Object(жазбалар жиынтығы мен жұмыс істеуге арналған объект) ADO Connection Object және ADO Recordset Object обьектілері  DLL – кітапханалар болып       табылады. Сондықтан олармен жұмыс істеу типтер кітапханасына сілтеме жасау көмегімен   іске асады, яғни қасиеттер, әдістер, оқиғалар және мәліметтер типтері осында орналасқан.

Visual Basic ортасында мәліметтер қорын, кестелерді құру және оларды өңдеу үшін Visual Data Manager қосымшасы қолданылады.    Мәліметтер қорында сақталатын буманы көрсетіп мәліметтер қорына атау бергеннен кейін оның құрамына кіретін кестелер, индекс, кілттік өрістер құруға болады.

Visual Basic ортасында мәліметтерді кесте режимінде көру үшін DataGrid, FlexGrid, DataBoundList компоненттері, ал форма режимінде көру үшін ListBox, TextBox, ComboBox компоненттері қолданылады.

Visual Basic ортасында мәліметтер қорымен байланыс орнату үшін ADO Data Control 6.0 басқару элементін қолданамыз.

Мәліметтерді өңдеу үшін SQL құрылымдық сұраулар тілі қолданылады. Мәліметтерді таңдап алуда Select  операторы қолданылады. Бұл оператор SQL   операторы тілінің негізгі операторы болып табылады, ол күрделі критерийлерді қанағаттандыратын жазбаларды таңдап алуда қолданылады.

Visual Basic ортасында Crystal Reports pro программасының көмегімен есептерді құруға болады. Бұл программаны қолдану үшін оны алдымен компьютерге орнату керек.

Crystal Reports pro программасы орнатылғаннан кейін Visual Basic-ті іске қосамыз. AddIns менюінен  ReportDesigner  программасын таңдаймыз. Ашылған диалогтық терезеде жаңа есепті құру үшін File-New компонентін орындаймыз. Есеп шебердің көмегімен құрылады. Шебердің жұмысы бірнеше қадамнан тұрады. Барлық қадамды орындағаннан кейін есепті алдын ала көру режимінде көруге болады. Егер есеп өз қалауымызша шықпаса, оған әртүрлі түзетулер енгіземіз. Ол үшін design жапсырмасына көшеміз. Бұл бөлім есептің құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді. Яғни бұл жерде өрістің орналасу ретін ауыстыруға, әртүрлі шрифт түрлерін таңдауға, артық өрістерді жоюға, графикалық бейнелерді орналастыруға және т.б орындауға болады. Есеп кеңеймесі .rpt түрінде сақталады. Есепті қосымшада қолдану үшін стандартты емес элементті(Crystal Report) проектке қосу керек.

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Тим Андерсон. Visual Basic «Шаг за шагом». – Москва, 1997.-223 б.
  2. Халықова К.З, Бостанов Б.Ғ, Тұрғанбаева А.Р. Обьектілі бағдарланған программалау жүйелерінің негіздері. – Алматы, 2005.
  3. Д.П. Мак-Манус. Обработка баз данных на Visual Basic 6.0.М, С-П, Киев, 2000. – 396 б.

 

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.