«Менің рәміздерім- тәуелсіздіктің белгісі» атты ашық тәрбие сағатының С Ц Е Н А Р И Й І

Жұмабеков Ербол Ерғабылұлы Қармақшы ауданы Аудандық оқушылар үйі «Сурет-дизайн» үйірмесінің жетекшісі.

Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл торуына орай ұйымдастырылып отырған
«Менің рәміздерім- тәуелсіздіктің белгісі» атты ашық тәрбие сағатының С Ц Е Н А Р И Й І

Өтілетін орын тақырыпқа сай безендіріледі. Дыбыс күшейткіштен Отан, туған жер тақырыптарында әндер орындалып тұрады.

Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, Отан сүйгіштікке, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырыптық плакаттар, шарлар, еліміздің рәміздері, слайд

1-жүргізуші:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң қонақтар.

2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл торуына орай ұйымдастырылып отырған «Менің рәміздерім- тәуелсіздіктің белгісі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!Қашанда елтаңбамыз еңселі, туымыз бейбіт күнде желбіреп, әнұранымыз егемен елдің ашық аспанында шарықтай берсін!

1-жүргізуші:
Әкелсін туын , көтеріп асқақ айбыным,
Қуантып елді, жасартып мәңгі ай, күнін.
Әкелсін туды, шырқалсын өршіл Әнұран,
Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын.
Шарықтағын Әнұраным шарықта,
Оны айтуға ел жастары жалықпа.
Өздеріңдей өркендерге сеніп тұр,
Мынау тарих, келешекте халықта.
Назар таударыңыздар ортаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін!

2-жүргізуші:
Әнұраным- жан ұраным,
Айтар әнім- сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны. (Қ.Р-ның мем.әнұраны орындалады.)

1-жүргізуші:
Тәуелсізбін көкте ғарыш айлағым,
Елі сенген Елбасым бар –айбарым
Әнұраным, Елтаңбам бар айбатты,
Бейбіт күнмен желбіре көк байрағым!

2- жүргізуші:
Бәрі болған қазақ деген көне елде
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар, болмаған деп Әнұран?
Бас білгізіп, жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салған ен таңба?!

1-жүргізуші:
1992 жылы Қазақстан Республикасының нышандары бекітілді. Қазақстанның президенті Н.Ә.Назарбаевтың мына бір сөзіне құлақ салайық; «Біз тәуелсіздікті аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның жалауын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай тануы қажет. Елдігіміздің саналатын бір тұсі осы»-деген екен.

2-жүргізуші:
Әрбір баланың еңбек құқығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар.Қазақстан тәуелсіз ел. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік рәміздері болады. Ол осы елдің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.

«Сурет-дизайн» үйірмесі мүшелерінің әдеби-әуезді монтажын тамашалаңыздар!

1-оқушы
1992 жылы 4 маусым Қ.Р-ның Жоғарғы кеңесі Мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Мемлекеттік рәміздер- елтаңба, ту , әнұран.

2- оқушы
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің
Бабам тұлпар жаратты
Құлынында танып ақ
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмайды шаңырақ
Тәуелсіздік көркі ол да
Өркениет өрені
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде

3- оқушы
Қ.Р-ның Мемлекеттік елтаңбасының авторлары- Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін ортақ элемент- шаңырақ. Шаңырақ- отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Түндік көк аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді. Уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны- күн сәулелерін ес ке алады.

4- оқушы
Пырақ тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты- біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі.

5- оқушы
Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

2- жүргізуші:
Желбіресін байрағың желді күнде,
Биіктесін мәртебең елдігіңде.
Таныта бер, ұлы тіл, бар әлемге,
Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де!
Ән орындалады. «Қармақшым» әні

1-жүргізуші:
Енді қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына назар аударайық.

6- оқушы
Тудың авторы Шәкен Ниязбеков. Туымызыдың ашық көгілдір түсі халықтың мәдени – этникалық бірлігінің, сонымен қатар мемлекеттің біртұтастығын білдіреді. Көгілдір түс сондай-ақ төбеміздегі көгілдір аспанның, ортақтығы жайлы зор ғаламшарлық және жалпы адами ой- мұраттарды ашып көрсетеді.

7-оқушы
Күн – тіршілік пен қуат көзі, сондықтан күн бейнесі тіршілік нышаны болып табылады. Геральдика заңы бойынша күн бейнесі байлық пен молшылық нышаны деп есептеледі, сондықтан байыптап қарағанада елтаңбамыздағы күн сәулелерінің молшылық пен байлық негізі – бидай масағы түрінде берілуі бекер емес.

8- оқушы
Көшпенділер дүниетанымында дала қыранының орыны ерекше . Нышындар тілінде қыран бейнесі мемлекет билігін, кеңдігі мен көрегендігін білдіреді. Дала тұрғындары үшін бұл – бостандықтың, айқын мақсатқа , биікке ұмтылудың, болашаққа самғаудың белгісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыраны қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой ниетінің биіктігін білдіреді.

9- оқушы
Туымыздың жаңаша әрі қайталанбас рең қосатын элементінің бірі- оның сабын бойлай қатар өрілген ұлттық ою-өрнектен тұратын жолақ. Ою-өрнек туымыздың ұлттық ерекшелігін айқындау үшін берілген.

10- оқушы
Желбірейді шарықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкке қыран халықтап,
Қанат қағып барады.
Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.
Ұлттық өнер мұрамыз,
Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай.

11- оқушы
Өзіңдікі- Туың да,
От пен ауа суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
Мәнерлеп оқу «Желбіре көк байрағым» оқушы шығармашылығынан

1-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа, елімізді қорғауға шақырады.

2- жүргізуші:
Әнұраным жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Тауымыздың, көне күннің
Даламыздың байтақ үні.
Ол әні ғой жүрегімнің
Мың қайталап айтам мұны.

12- оқушы
2006 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран авторы Жұмекен Нәжмадинов, Нұрсұлтан Назарбаев, музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов

13- оқушы
Күндер өтті кешегі
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі
Баға жетпес асыл ән.

1-жүргізуші:
Қолымызда- Тәуелсіздіктің көк Туы, Елтаңбасы, Әнұранымыз бар. Халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз да бар.

2-жүргізуші:
Қөк байрақтың астында көп ұлтты мемлекетімізді бейбітшілік жағдайда басқарып отырған тұңғыш Предидентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Нені де болса, еліммен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін» дейді.

Үйірме мүшелерінің орындауында қазақ биі

1-жүргізуші:

Енді көрермендерге ел рәміздері туралы виктариналық сұрақтар берелік…

  1. Отан тақырыбында қандай мақал-мәтелдер білесіздер?
  2. Әнұранның сөзін, әнін жазған кім?
  3. Мемлекеттік рәміздерді ата
  4. Елтаңбадағы бейнеленген көріністерді ата
  5. Жаңа әнұран қай жылы қабылданды?
  6. Тудың жобасын жасаған кім?

 

2-жүргізуші:

Байрағың биікте желбірей жайнасын,

Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын.

Уа, халқым, қуаныш құтты боп жасай бер,

Басыңнан мәңгілік бақытың таймасын!

1-жүргізуші:

Қазақстан:

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты.

2-жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік болсын. Біздің ел басы былай деген: «Бізге азаттық арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болады, ұзағынан сүйіндіреді деп сенемін».

1- жүргізуші:

Біз қазақ ата-бабамызды пір тұтқан халықпыз. Сондықтан да атадан, тілімізді анадан таратқан ұлтпыз. Ұрпағымызды жылатпай, қызды аялап, ұлды ұлықтап тәрбиелеуді өмірлік мақсат етейік. Халқымыз ұйымшыл, еліміз тыныш болсын!

2- жүргізуші.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы өз орнына апарылсын.

1-жүргізуші:

Бүгінгі Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл торуына орай ұйымдастырылып өткен «Менің рәміздерім- тәуелсіздіктің белгісі» атты ашық тәрбие сағатына келіп қатысқандарыңызға рахмет! Тәуелсіздіктің 20 жылдығы құтты болсын!

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.