Технология. Түнгі көйлектің сызбасын жасау.

Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна

Автордың сабақ жоспарлар жинағы (Технология. Кыздар)

Сабақтың мақсаты:  оқушыларға өз бетінше түнгі көйлек моделін таңдауды уйрету.Оқушыларды әсемдікке, талғаммен әдемі  киіне білуді  үйрету.
Сабақтың міндеті:
Білімділігі: оқушыларға түнгі көйлек туралы мағлұмат беру, өлшем алуды үйрету;
Дамытушылығы: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту;
Тәрбиелілігі: оқушыларды, ұқыптылыққа, талғампаздыққа , икемділікке тәрбиелеу, өнерге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: дайын түнгі көйлек түрлері
Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу, тарих, бейнелеу өнері, биология,
Сабақтың әдісі. Теориялық сабақ, Сарамандық, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың барысы: 1) ¥йымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесемін;
  • Оқушыларды түгендеу;
  • Оқу-құралдарын тексеру.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аударту;

Өткен сабақты қайталау.

  1. Өлшем алу не үшін керек?
  2. Түнгі көйлек тігу үшін қанша өлшем аламыз?
  3. Мо дегіміз қандай өлшем?
  4. Бел орамы қалай өлшенеді?

Жаңа сабақты түсіндіру.

Үлгіні таңдаған кезде киімнің қолайлы, әдемі, соңғы үлгідегі сәнмен сай болғаны дұрыс. Қазіргі заманғы киімдер көп қырлы, киюге ыңғайлы және қолайлы. Алайда, тігін бүйымы өмір ағымына сай, қандай болғанда да, негізгі талаптарға сай болуы керек. Яғни, гигиеналық жағынан – әдемі, сәнді, пайдалану жағы нан – тө зім д і, ұзақ киілетін, экономикалық жағынан – бағасы қымбат болмауы тиіс.Сән, мода сөзі – француз тілінен келген. Ол өзіне дейінгі латынша «modus» сөзінен шыққан, өлшем, бейне, тәсіл деген мағынаны білдіреді. «Burda» журналы – дүние ж үзінд егі ең танымал сән журналы. «Burda» – өз оқырмандарын халықаралық сәннің соңғы үлгілерімен таныстырады.Сән дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында барынша танымал болған және көпшілік мойындаған ең үлкен таралым. Әрбір үлгінің өз нөмірі болады. Қосымшадағы осы нөмірдің астында оны дайындау жөнінде нұсқаулар жазылады. Одан үлгінің суретін, материалдық шығынды, қосымша парақты, піш імдердің кішірейтілген сызбасын, жайылманың жоспарын, түсініктеме ақпаратты табуға болады. Үлгінің суретінде барлық тігістер мен бөлшектер көрсетіледі.Материалдық шығын – мұнда үлгіні дайындауға қажетті барлық материалдық шығындар жайлы мәліметтер беріледі.Қосымша парақ – пішім беттері, контурлы сызықтар әр түрлі журналдарда әрқалай белгіленеді. Мысалы, «Маусым сәндері» (Модели сезона) журналында ол I, II, III, IV секілді рим цифрларымен белгіленсе, «Burda», «Boutigue» журналдарында А, В, С, Д әріптерімен белгіленеді.Пішімдердің кішірейтілген сызбасы – пішімнің беттерінен нені көшіріп алу жайлы түсінік береді. Кіш ірейтілген сы збаны ң бөліктері пішімнің беттеріндегі түпнұсқамен толықсәйкес келеді. Әрбір бөліктің өзіндік нөмірі болады. Онда сызықтар ж үр гізіл іп , цифрлар мен шартты белгілер салынады.Жайылма жоспары – қағаздағы пішім бөліктерінің матада орналасуының барынша тиімді тәсілдерін көрсетеді. Мұндайда мата беткі жағы ішіне қаратылып, қос қабатталы п бүктеледі. Матаның бүктемесі бүктеме (стб) деп, ал, матаның бойлық шеткі кенере (кромка) деп таңбаланады.Түсініктеме мәтін – онда үлгінің аталуы, өлшемі, ұсынылатын матаның шығыны, бөліктердің тізімі және тігу ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы беріледі. Өлшемді анықтау, пішімдерді пайдалану. Пішімді көшіріп алу үшін төмендегідей қүралдар қажет: сантиметрлік таспа, калька, қарындаш, сызғыш, қайшы, түйрегіштер. Пішімді көшіріп алудан бұрын, әркім берілген кесте бойынша езінің өлшемін алуы қажет. Ол үшін мынадай тәртіппен әрбір жеке өлшемдерді білу керек.

Сарамандық жұмыс.

Оқушылар сантиметрлік таспамен елшемдерін өлшеп, сызба құрастырады. Иықты бұйымдарға қажетті өлшемдерді түсіру.

1) Кеуде айналымы – Ка.Кеуденің жоғарғы нүктесі арқылы айналдыра өлшеу;
2) Бел айналымы – Ба.Алдын ала белді баумен байлап алып, сантиметрлік таспаны белге тығыздау етіп, айналдыра өлшеу;
3) Бөксе айналымы – БКа.Таспамен бөксенің шығыңқы жерлерін айналдыра өлшеу;
4) Кеуде биіктігі – Кб.Иықтыңжоғарғы нүктесінен кеудеге дейін өлшеу;
5) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы – Ап.б.ү.Иықтыңжоғарғы нүктесінен кеудеге дейін өлшеу;
6) Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы – Ар.б.ұ.
7) Иық ұзындығы – И.үз.Иықтың жоғарғы нүктесінен қолмен жалғасқан жеріне дейін өлшеу;
8) Қолдың ұзындығы – Қ.үз.Қолды сәл иіп, оның иықпен жалғасқан жерінен білезікке дейін;
9) Қолдың жоғарғы бөлшегінің айналымы – Қа. Қолдың ең жалпақ бөлшегін айналдыра өлшеу;
10) Мойын айналымы – Ma.Мойынды айналдыра өлшеу;
11) Өлшемдерді түсіріп, дәптеріңе жазып ал Пішім парагы қалай алынады?

Сабағымызды бекіту үшін өлшем алу жолдарын атаңдар?
1) Кеуде айналымы;
2) Бел айналымы;
3) Мойын орамы;
4) Бөксе айналымы;
5) Кеуде биіктігі;
6) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы;
7) Иық ұзындығы;
8) Қолдың ұзындығы;
9 ) Қолдың жоғарғы белшегінің айналымы;
10) Кеудеден белге дейінгі ұзындық;
11) Белден тізеге дейінгі ұзындық.

Үйге тапсырма: тігіс түрлерін қайталау, жасалған пішім үлгісін аяқтап келу.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.