Электростатикалық өріс (онлайн – сабақ) Физика-8.

gulzhanShaja000 Шажабаева Гүлжан. Алматы қаласы,  №175 “Жаңа ғасыр мектеп-гимназиясы.

Күні __________________ Пәні_______________________ Сынып______________     №        сабақ

Сабақтың тақырыбы: Электростатикалық өріс
Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өзін-өзі дамытуы және жетілдіруі. Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуының қалыптасуы. Пәнге деген қызығушылығының артуы. Оқушылардың топпен  жұмыс істеуі арқылы, ой қорыту, салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту;

Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндігін пайдалану және интернет желісінде ақпарат алмасу жүзеге асырылады. Сонымен қатар, білім беруді басқару және көшбасшылық тәсілі қолданылады.

Бүгінгі сабақ ерекше сабақ. Сабағыма қатысып отырған әр оқушыны белсенділікке шақырамын.

Жаңа технология: дамыта отырып оқыту, шоғырландырып қарқынды оқыту, деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту, сын тұрғысынан ойлау, жобалап оқыту, ақпараттық  технологиялар.
Сабақтың типі: оқу материалын бекіту және жүйелеу сабағы.
Сабақтың түрі: жарыс сабағы, әңгімелеу сабағы, сырттай саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: 1. Иллюстрациялық түсіндіру. Ақпаратты әңгімелеу, демонстрациялық жеткізу.

2. Репродуктивті әдіс. Білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.
3. Зерттеу әдісі. Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығару, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
4.  Эвристикалық әдіс. Ішінара ізденгіштік әдіс, оқушылар мақсаты немесе міндетті мұғалімнің  көмегі арқылы шешу.
5. Мақсатты әдіс. Мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.

Таным қызметін ұйымдасыру үлгісі:

  1. 1. Жекелік үлгі- танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.
  2. 2. Жан-жақтылы- барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.
  3. 3. Топтық-жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.
  4. 4. Ұжымдық форма-ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану пәндері

  1. 1. Ұйымдастыру кезең;.
  2. 2. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;
  3. 3. Сабаққа мақсат қою;
  4. 4. Шығармашылық  тапсырма. (жоба түрінде топтық тапсырма);
  5. Телекөпір
  6. 6. Шығармашылық жұмыс (жоба қорғау);
  7. 7. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі;

а. Деңгейлік тапсырма
ә. Тест

  1. 8. Рефлексия
  2. Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру
  3. Оқушылардың білімін бағалау.(Топ басшылары бағалайды, басқа оқушылардың келісімі ескеріледі, қорытынды бағаны  мұғалім қояды)

Сабақтың барысы:
ІΙ. Психологиялық ахуал:

Оқушылар бір-бірін  өз есімдерінің бірінші әрпіне сәйкес жағымды  сөз тіркестері арқылы тілек білдіреді.

Нұрлыбек – нар жігіт, Айнұр ақылды, Әйгерім – әдемі, Камила – кәделі, Айтхан – алғыр, Сардар – салмақты, Қымбат – қамқор, Ерсұлтан – ержүрек, Нұрдаулет – нұрлы, Шыңғыс – шыншыл, Жәния – жайдары, Абзал –абыройлы

Топқа бөлу (стикерлер таңдап алады). Топқа ат беріледі.

Оқушыларды   түс таңдауларына байланысты тақырыптар   (электрон, кернеулік, потенциал)

атауымен  үш топқа бөлу.  Топ басшысы тағайындалады, бағалау крийтерийлерімен таныстырылады.

12 баллдық жүйе бойынша бағалау критерийлері

  1. Жоба қорғау (3 балл)

а) теориялық мазмұнын ашқаны  формулаларды қорыта білгені, өлшем бірліктерін дұрыс анықтай алғаны үшін (2 балл)
б) демнострациялық іс-әрекет (2 балл)
в) әсерлі, жаңашыл, тың идеялар қосқаны үшін (3 балл)

  1. Деңгейлік тапсырмалар  (6 балл)

а)  1-есеп (1 балл)
б) 2-есеп (2 балл)
в) 3-есеп (3 балл)

  1. Тест  (3 балл)

а) 1-2-3 дұрыс жауапқа 1 балл
б) 4-5-6-7 дұрыс жауапқа 2 балл
в) 8-9-10 дұрыс жауапқа 3 балл

ІІІ. Сабаққа мақсат қою:

Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалім   оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.

ІҮ. Шығармашылық жұмыс. Флипчарт, маркерлер, стикерлер, интернет желісіне қосылған компьютерлер

(Өткен тарау бойынша, берілген тақырыптарға әр топ шығармашылық жоба дайындайды. Бұл жерде  оқушылар өздерінің технологиялық білімдерін, яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының көмегіне сүйене отырып,  әр топ өздері жасаған жобаны қорғау. Бұл-  технологиялық білімдер мен пәндік білімдердің өзара әрекеттесуінің тәсілі. АКТ- ны қолдану тарау туралы толығырақ түсінік қалыптасуына ықпал етеді  және осы түсініктерге  ауқымды мәлімет ала алады. Мұнда ҮЛГІЛЕУ (симуляция) баламалары заңдылықтардың шынайы әсерлерін көрсету, яғни, нақты жүйе, оған қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты, қолданылуы қауіпті не рұқсат етілмесе қолданылады.(электрондық оқулық тсс))

Ү. Телекөпір
Сабақтың келесі сатысында әр топ  меңгерген білімдеріне  сүйеніп, басқа аудиторияның сұрақтарына  жауап берді.
1. Жамбыл обл, Шу қаласы, Жібек жолы мектебі
2. «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия
3. Видеосұрақ.   Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы Тезекеев Серіктің бейне сұрағы
4. Алматы қаласы, Алатау ауданы, №91 орта мектеп
5. Қашықтықтан оқыту. Үйде оқытылатын оқушы «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия 8 “А” сынып оқушысы

ҮІ. Оқушылар білімдерін айқындау мақсатында:
а. Деңгейлік тапсырма
1- топ Кернеулік
А.  Зарядтары q және  q/2 бірдей екі шар түйістіріліп, одан кейін ажырытылған. Шарлардың әрқайсысының зарядтары қандай болады?
В. Екі бірдей нүктелік зарядтар ваккумда 0,1 Н күшпен әсерлеседі. Зарядтардың арақашықтығы 6 м. Осы зарядтың шамасын табыңдар.
С. Бір-бірінен 10см қашықтықта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23мН күшпен озара әсерлеседі. Әр шардағы артық электрондардың санын табыңдар.

2- топ Электрон
А. Зарядтары q және 4q аттас зарядталған бідей екі шар бір-біріне тиістіріліп қойылып, одан соң олар қайта ажыратылып қойылған. Олардың әрқайсысының заряды калай әзгерді?
В. Бір-бірінен 5 см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 0,4 мН күшпен әсерлеседі. әр зарядтың шамасы қандай?
С. Өрістің бір нүктесінде тұрған 3 нКл зарядқа 0,6 мкН күш әсер етеді. Осы нүктедегі өріс кернеулігін табыңдар.

3- топ Потенциал
А. Радиусы 30 см металл шарға 6 нКл заряд берілген. Осы шардың бетіндегі өріс кернеулігін табыңдар.
В. Керосин ішінде орналасқан екі зарядтың 6∙10-7 Кл және 2∙10-7 Кл, олардың ара қашықтығы 0,4 м. Зарядтың центрлерін қосатын түзүлердің ортасында орналасқан нүктенің өріс кернеулігін табыңдар.
С. Электр өрісінің қайсібір нүктесіне енгізілген 0,33∙10-7 Кл зарядқа 1∙ 10-5 Н күш әсер етеді.

ә. Тест

ҮІІ.   Рефлексия
Бүгінгі сабақ несімен қызықты?
Бүгінгі сабақтың ерекшелігі неде?
Бүгінгі сабақтың негізгі түйіні неде?

ҮІІІ.  Үйге тапсырма

3 түрде беріледі:
1. Сабақта өтілген формулаларға есептер шығару.
2. Өткен білімімізді еске түсіре отырып, формулалар қорытып, есептер шығару.
3. Өз қалаулары бойынша жеке тапсырма: күрделі есептер шығару.

ІХ. Бағалау.    (критерийлер бойынша топ басшыларына сөз)

an>%�<p0C��DKZ style=’font-size:10.0pt;mso-ansi-language:KZ’>

Сабақтың барысы:
ІΙ. Психологиялық ахуал:

Оқушылар бір-бірін  өз есімдерінің бірінші әрпіне сәйкес жағымды  сөз тіркестері арқылы тілек білдіреді.

Нұрлыбек – нар жігіт, Айнұр ақылды, Әйгерім – әдемі, Камила – кәделі, Айтхан – алғыр, Сардар – салмақты, Қымбат – қамқор, Ерсұлтан – ержүрек, Нұрдаулет – нұрлы, Шыңғыс – шыншыл, Жәния – жайдары, Абзал –абыройлы

Топқа бөлу (стикерлер таңдап алады). Топқа ат беріледі.
Оқушыларды   түс таңдауларына байланысты тақырыптар   (электрон, кернеулік, потенциал) атауымен  үш топқа бөлу.  Топ басшысы тағайындалады, бағалау крийтерийлерімен таныстырылады.

12 баллдық жүйе бойынша бағалау критерийлері

  1. Жоба қорғау (3 балл)

а) теориялық мазмұнын ашқаны  формулаларды қорыта білгені, өлшем бірліктерін дұрыс анықтай алғаны үшін (2 балл)
б) демнострациялық іс-әрекет (2 балл)
в) әсерлі, жаңашыл, тың идеялар қосқаны үшін (3 балл)

  1. Деңгейлік тапсырмалар  (6 балл)

а)  1-есеп (1 балл)

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.