ИНФ-5-7. "Тапқыр достар" (СТС).

Информатика пәнінің мұғалімі  Айым Ахметова

Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз

Сыныбы:____
Күні:____
Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жинақтаған білімдерін тексеру, жүйелеу, Paint графикалық редакторында жұмыс істей алу деңгейін анықтау;
Тәрбиелік: Тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шығармашылыққа баулып  үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстракциясын, ұжымда жұмыс істей алуын дамыту.
Сабақтың  түрі: жарыс сабақ
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Көрнекіліктер: слайд
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, дәптер,  жұлдызшалар, сұрақ карточкалары.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру – 3минут.
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру -4 минут.

III. Өткенді қайталау, жарыс кезеңдері -30 минут.

IV. Сабақты бекіту-4 минут.

  1. V. Үйге тапсырма беру-1минут.

VI. Бағалау-3минут.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, дайындықтарын тексеру, сабақтың мақсаты мен өту барысы жайлы айтып кету. (1 слайд)

Өткенді қайталау. Бүгінгі жарыс-сабағымызды бастамас бұрын, алдымен әрқайсымыз жұптасып бір тапсырма орындалық, бұл алғашқы кезеңіміз – Жұптық тапсырма. (әр жұпқа 3 сұрақтан тұратын карточка беріледі, жауаптарына сәйкес жұлдызшамен бағаланады, ойлануға 30 секунд уақыт беріледі). (2-3 слайд)

Карточкаларда жазылатын сұрақтар:

  1. 1. Аты бар байттар тізбегі? (файл)
  2. 2. Қағаздағы суретті немесе мәтінді экранға түсіруші? (сканер)
  3. 3. Пернетақтадағы ең ұзын перне қалай аталады? (бос орын, пробел)
  4. 4. Дүниежүзілік желі? (интернет)
  5. 5. Жүйелік блоктың  ішінде қандай құрылғылар  бар? (процессор, қатқыл диск, CDROM ,диск жетек)
  6. 6. Зиянкес программа қалай аталады? (вирус)
  7. 7. Келесі жолға өту пернесі? (enter)
  8. 8. Компакт-диск оқу құрылғысы? (CD-ROM)
  9. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

10. Файлдар қайда сақталады? (қапшық)
11.  Латынның  «information» сөзі нені білдіреді?
12. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (70 см)
13.  Ақпараттың  өлшем  бірлігі
14. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)
15. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (BackSpace)
16.  Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).
17. Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)
18.  Компьютердің негізгі құрылғылары.  (монитор, жүйелік блок, маус, модем).
19.  Баспа құралы. (Принтер)
20. Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)
21. ЭЕМ неше буынға бөлінеді?   (Бес буынға)
22. Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)
23.  Информатика не туралы ғылым.  (Ақпараттық процестерді зертейтін ғылым).
24.  Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы.   (Модем)
25.  Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)
26. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)
27.  Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)

Ал, енді екі қатар бойынша екі топ болып бөлінейік, топтың атын, капитандарын сайлайық!

2-кезең. Капитандар сайысы. Әр топ капитандары Paint графикалық редакторында  қыс мезгіліне пейзаж салулары тиіс, кімдікі әдемірек, сол ЖЕҢЕДІ!!! Берілетін уақыт 3кезеңнің аяқталуына дейін. (4-5слайд)

3-кезең. «Шетелге ұшамыз» кезеңі. (6-8слайд)

«Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілдің құрметте»- деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, шетелде ағылшын тілінсіз болу мүмкін емес. Сондықтан келесі сұрақтардың жауаптарын орыс және ағылшын тілдерінде айтуға тиіссіздер.

Сұрақтар: (9-13 слайд)

1. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі.
(Ақпарат-Информация-Informatio)
2. Компьютерге мәтін енгізуге арналған құрылғы. (Пернетақта-клавиатура-Keyboard)
3. Компьютер пенетақтасында қанша пернетақта бар? (Жүз бір-сто один-One hundred one)
4. Мысыққа ойын керек, бірдеңеге өлім керек. (тышқан-мышка-mouse)
5. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді. (енгізу-ввод-enter)
6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (өшіру-удалить-delete)
7. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады. (Бос орын-пробел-Proble)
8. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. (терезе-окно-window)
9. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады? (Шекара-Граница-Border)
10. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет-корзина-basket)
11. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор. (кітапша-блокнот-notebook)
12. Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(Антивирус)

Сабақты бекіту. Кезеңдерді қорытындылай келе берілген жұлдызшаларды санап, жеңімпаз топты атау. Екі топты да қатысқандары үшін марапаттау.

Аты бар байттар тізбегі?
Қағаздағы суретті немесе мәтінді экранға түсіруші?
Пернетақтадағы ең ұзын перне қалай аталады?
Дүниежүзілік желі?
Жүйелік блоктың  ішінде қандай құрылғылар  бар?
Зиянкес программа қалай аталады?
Келесі жолға өту пернесі?
Компакт-диск оқу құрылғысы?
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал?
Файлдар қайда сақталады?
Латынның  «information» сөзі нені білдіреді?
Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек?
Ақпараттың  өлшем  бірлігі
19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым
Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне
Адам ақпаратпен не істейді?
Компьютердің атасы.
Компьютердің негізгі құрылғылары.
Баспа құралы.
Бір килобайт қанша байтқа тең?
ЭЕМ неше буынға бөлінеді?
Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды?
Информатика не туралы ғылым.
Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы.
Іске қосу- батырмасын ата.

Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама
Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

2 комментария

  1. Kymbatty Айым Ахметова khanym. sabagynyz ote keremet!!! alga koigan maksatynyzga zheteberuinizge sonymen katar biik belesterden korine beruinizge tilektespin. s/n Rafaello

  2. Kymbatty Айым Ахметова khanym. sabagynyz ote keremet!!! alga koigan maksatynyzga zheteberuinizge sonymen katar biik belesterden korine beruinizge tilektespin. s/n Rafaello

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.