Инф. «FrontPage және HTML тілі мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістері» (арн.курс).

Fariza-150x150Кенбай орта мектебі.  10 сыныпқа арналған жаратылыстану-математика бағытындағы қолданбалы курс бағдарламасы
Құрастырған физика және информатика пәні мұғалімі: Жұмабаева Фариза
2010 жыл
10. Шығармашылық жұмыс тақырыбы: – «Ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу үрдісінде тиімді пайдалану»

– «Электрондық оқулық құру тиімділігі»

Қолданбалы курс тақырыбы«FrontPage және HTML тілі мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістері»

Бейімі:  жаратылыстану –математика
Бағдары: информатика

Информатика пәнінен қолданбалы курс мектеп компонентінің вариативті бөлігінің есебінен жүргізіледі.
Мектеп компоненті

Оқу пәні Жүктеме
Апталық Жылдық
1. Қолданбалы курс:«FrontPage және HTML тілі мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістері»

 

1 34

Түсінік хат

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі , айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Демек, Қазақстанның болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы мен нәтижелігі заман талабына сай жалпы орта білім бейінді оқытуға көшу .

Сондықтан да жаратылыстану пәндерінің бірі информатика бағытындағы «FrontPage және HTML тілі мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістері» қолданбалы курс бағдарламасы 10 сыныпқа арналады. Информатика пәнінен Frontpage және HTML тілінің қосымша мүмкіндіктерін оқушыларға меңгерте отырып, теорияны практикамен ұштастыру мақсатында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оның ғылым мен техникадағы қолданыс аясын кеңейтуде маңызы зор.

Курс 10 сыныпқа аптасына -1, жылына -34 сағатқа есептелініп жоспарланып жасалынған. «FrontPage және HTML тілі мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістері» қолданбалы курста программаның құрылымы, негізгі түсініктері жан-жақты қарастырылады. Оқушылар теориялық білімдерін практикалық білімге қолдана біледі.

Курстың мақсаты: Оқушылардың компьютерлік технологиялардың ерекшеліктерімен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету. Сонымен қатар қазіргі қоғам талабына сай, оқушыларға жұмыс істеу кезінде туындайтын нақты сұрақтарды шешу үшін ақпараттық технологиялар негіздерін үйрету.

Қолданбалы курстың мазмұнына қойлатын талаптар:

  1. Ғылымилығы: FrontPage және HTML мүмкіндіктері жан-жақты танымдық, практикалық болуы
  2. Түсініктілігі: теориялық білімді нақты үйрету
  3. Көрнекілік ұстанымы: оқушының жан-жақты дамуы

Курстың міндеті: Оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге дағдыландыру, компьютермен еркін жұмыс жасай білуге баулу. Өз  беттерімен тапсырмалар орындауға бейімдеу. Оқушылардың ғылыми ойлау, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту

Курстың өзектілі:

Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық   прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі   қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің бірі.
Пәнаралық байланыс:    физика, математика, биология
Кәсіпке бағдарлау:         программист, информатик
Курсты ұйымдастыру формасы:  -дәріс, семинар, практикалық жұмыстар,
коференция әрбір тарау сайын талдау
Бағалау жүйесі:            мониторингі жүргізу
«FrontPage және HTML тілі мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістері» қолданбалы курсының жоспары:

Сабақтың тақырыбы Сағат саны
Бар-лығы Дәріс Прак-тика
1 2 5 6 7
Frontpage» мүмкіндіктері 16 13 3
1 Кіріспе 1
2 «Frontpage» редакторы, мәліметтерді беру, мүмкіндіктерді көрсету. 1
3 Редакторды іске қосу, құрылымы 1
4 FrontPage мәзірі және параметрлері, құрал саймандар тақтасы 1
5 FrontPage батырмаларымен жұмыс 1
6 Файлдармен жұмыс 1
7 Web-құжаттарды жасау барысында оларды жадта сақтаудың бірнеше әдісі 1
8 Практикалық жұмыс 1
9 Сурет кірістіру 1
10 Графикалық объектілермен жұмыс 1
11 Рамка, кесте қою 1
12 Практикалық жұмыс 1
13 Макет эффектісі 1
14 Векторлық графикамен жұмыс 1
15 Front Page программасынан http протоколымен файлдарды жөнелту 1
16 Практикалық жұмыс 1
HTML тілі туралы  жалпы түсінік 18 9 9
17 HTML тілі туралы  жалпы түсінік 1
18 HTML пішіндері. HTML тілінің құрылымы 1
19 Пішін элементтерін Web-параққа кірістіру 1
20 Практикалық жұмыс 1
21 HTML құжаттарының форматы 1
22 HTML код, тегтерімен жұмыс 1
23 Дыбыс, видеоматериал қосу 1
24 Гиперсілтемемен жұмыс 1
25 Эскиз құру 1
26 Практикалық жұмыстар 1
27 FrontPage және HTML арнайы мүмкіндіктері 1
28 Тест тапсырмалары 1
29 Электрондық оқулықпен жұмыс 1
30 Интернет әлемімен жұмыс 1
31 Практикалық жұмыстар 1
32 Оқушылар шығармашылығы 1
33 Практикалық жұмыстар 1
34 Қорытынды қайталау 1

Пайдаланылған әдебиеттер:

Оқушы үшін:

  1. Оқушы анықтамалығы
  1. Microsoft FrontPage 2000. Шаг за шагом», Самоучитель

3. Э.Шафран. Создание WEB – страниц. Питер. 1999 г.

Мұғалім үшін:

  1. Балапанов Е., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. -Алматы: «Джагамбек и С», 1999.
    1. Латышев В. П. Компьютерные технологии обучения. М., МАИ, 1992.
  2. Microsoft FrontPage 2000. Шаг за шагом», М.: «Эком», 2002
  1. М.Қ . Байжұманов., Л.Қ.Жапсарбаева . Информатика Астана 2004ж.-53б
  2. М.М.Ерекешова, З.Р.Мурзабекова. WEB- парақтарды құру  технологиясы. Ақтөбе 2006ж.-79 б
  3. 6. Э.Шафран. Создание WEB – страниц. Питер. 1999 г.
  1. С.В.Симоновича., Г,Евсеев., А.Алексеев. Специальная информатика: универсальный курс.-М.: АСТ-ПРЕСС;

Инфорком- пресс, 1999г.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

11 комментариев

  1. рахмет! жақсы программа екен.

  2. Өте жақсы құрылған. Фариза саған шығармашылық табыс тілеймін!

  3. Бейімі емес бейіні (профиль) болу керек шығар? Жауап берсеңіз.

    • Бейімі емес, бағдары жаратылыстану-математика,
      Бағдары емес, білім саласы информатика болуы керек.
      Нормативтік құжаттарды талдаңыз.

  4. қосыламын. Бағалаумен қатар, қолыңыз тисе, мақаланың сапасын арттыруға атсалыссаңыз екен.

  5. жақсы программа екен

  6. шығармашылық тақырыпты кең көлемде алыпсыз.өте жақсы

  7. шығармашылық тақырыпты кең көлемде алыпсыз.өте жақсы

  8. Эльвира

    Сәлеметсізбе! Осы матиралыңызды қайдан толығырақ алсак немесе көруге болады?

  9. Эльвира

    Сәлеметсізбе! Осы матиралыңызды қайдан толығырақ алсак немесе көруге болады?

  10. Асылбек

    Осы бағдарламаның сабақ жоспарларын алуға болады ма?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.