И-7. Файлдар, бумалар, жарлықтар.

ШҚО Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәні мұғалімі – Муратканова Перезат Муратовна.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды  файлдармен,  бумалармен және таңбашалармен  таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа  үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, слайдтар

Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру.
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Терезе дегеніміз не?
2. Терезе түрлері туралы айтып бер.
3. Терезе элементтерін ата.
4. Активті терезе дегенімізді қалай түсінеміз?
5. Іске қосу батырмасының көмегімен программаны қалай іске қосамыз?
6. Іске қосу батырмасының көмегімен құжатты қалай ашамыз?
7. Менің компьютерім қапшығы арқылы программаны қалай іске қосамыз?
8. Менің компьютерім қапшығы арқылы құжатты қалай ашамыз?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Файлдар мен бумалар
Файл   дегеніміз не? Файл– аты бар бірқатар байттар тізбегі.Файл не бағдарлама не құжат болуы мүмкін.Windows-та  бағдарламалардың басқа атауы –қолданба да қолданылады.

Әр файлдың аты  болады.Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның  типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.

Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:

* .bmp   Paint
* .doc  Word  WordPad
* .txt   Блокнот қолданбасының құжаты
* .wav  Фононграф қолданбасының дыбыстық файлы.
* .avi  Бейне – клип
* .xls  Excel кестелік процессорының құжаты
* .ppt  PowerPoint  қолданбасының тұсаукесері

Бума – бұл аты аталған файлдар тобы.Windows 98- дің бумалары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы кәдімгі ішіне  қағаз беттерін – файлдарды салатын бумалармен салыстыруға болады.Windows 98- дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Бумалардың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете  алады.

Буманың пиктограммасы болуы мүмкін. Бумаларда  таңбашалар, файлдар және басқа   бумалар да болуы мүмкін. Бума бос болуы да мүмкін. Бумада аты бірдей объектілер болмауы керек. Буманың ішіндегісін қарап шығу үшін, тінтуірдің батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.

Бумалар екі түрлі болады:
-жүйелік бума-каталогтар;
– жұмыс бумалар (Менін компьютерім,  принтерлер және т.б.)

Бумаларды құру оның құрылымы:

Бума элементтері: тақырып,меню,терезені басқару батырмалары,айналдыру жолағы,құрал саймандар тақтасы,қалып күй жолы.

Терезеде жаңа бума құру:

Буманы Файл®Создать®Папка командасын құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің бумалары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа бума белгішесі болады.Буманың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады.Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматты түрде «Жаңа Файл» аты меншіктеледі.

Жұмыс үстелінде жаңа  бума құру:

Жұмыс үстелінің жаңа буманы орналастырмақшы болған жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу-контексті меню пайда болады.

Создать®Папка комадасын орындау. Жұмыс үстелінде бума белгішесі пайда болады.

Буманың атын енгізіп,енгізу пернесін басамыз.

Таңбаша– нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер.Олардың бума белгішесінен айырмашылығы – оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар.Таңбашаны жойғанда,оның көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.

Таңбашалардың негізгі міндетті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай-ақ қатынауды қамтамасыз ету.

Таңбашаны қалай жасайды. Алып бару әдісі.

Бірінші жолы:

  • Таңбашаны орындайтын объектісі бар қапшықты ашыңдар.
  • Тінтуірдің нұсқағышын керек объектіге апарып,онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.
  • Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау.

Екінші жолы:

  • Таңдаған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту.
  • Пайда болған динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдау. Windows таңбашаны объектінің өзі орналасқан қапшықта жасайды.
  • Жаңа ғана жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжыту.

4.Сабақты бекіту тапсырмалар мен сұрақтар

1. Файл денегіміз не?
2. Файл типтерін ата.
3. Бума дегеніміз не? Бума түрлерін ата.
4. Компьтерде бума құру әдістерін көрсет.
5. Таңбаша дегеніміз не? Таңбашалардың қызметін ата.
6. Таңбашаны қалай жасайды?

№ 1 тапсырма
Файлдардың дұрыс аттарын таңдандар:

1) Қыс туралы шығарма.
2) 12>13.
3) Еврика!
4) Список 8 «А».

№2 тапсырма
My game атты бумада төмендегі файлдар бар:

Ойын нұсқауы қай файлда жазылуы мүмкін екенің анықта.
1)      My_game.exe
2)      My_game.txt
3)      My_game.bmp
4)      My_game.avi
5)      My_game.wav

3 тапсырма
Пиктограмма бойынша файлдың типын анықта.

5.Мен сабақ жөнінде не айталамын?

  • Нені білдім __________________________
  • Немене  қызықты болды _________________________
  • Неменеге  таңғалдым_________________________
  • Нені білгін келеді ________________________

6.Үйге  тапсырма: Файлдар, бумалар,таңбашалар.

Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.