Көк тудың желбірегені – әншісі, компазиторы, ақыны.

“Көк тудың желбірегені” – рухты оятатын нағыз патриоттық ән

Есімі енді-енді танылып келе жатқан жас әнші Ибрагим Ескендір орындауындағы «Көк тудың желбірегені» жаңа заманғы әндердің бірі.

«Көк тудың желбірегені» әні – сағымды сағынышқа толы, жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән. Ол арнайы тапсырыспен жазылған ән емес. Ол атамекенге деген ыстық сағыныш пен бойдағы елжандылықтан туған ән. Тарихи отанына жете алмай жүрген өзге елдердегі қазақ бауырлардың жүрегінің лүпіліндей естілетін ән авторы Ермұрат Зейіпхан. Ал сөзін ақын Алмас Ахметбекұлы жазған….

Толық ақапарат: http://massaget.kz/madeniet/music/2813

Көк тудың желбірегені
Сөзін жазған: Алмас Ахметбекұлы
Әнін жазған: Ермұрат Зейіпхан
Орындаушысы: Ибрагим Ескендір

Көк тудың желбірегені –
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.

Көк тудың желбірегені –
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,
Маған керегі-
Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Әр жаққа тартпай, қазағым,
Бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені –
Бақыттың елжірегені,
Қиырда қалған қазақтың
Азат отанға жете алмай
Көзінің мөлдірегені.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

4 комментария

  1. Тамаша, керемет ән! Қазақ халхының даңқы асқақтай берсін!

  2. Тамаша, керемет ән! Қазақ халхының даңқы асқақтай берсін!

  3. толғанай

    өте керемет ән

  4. толғанай

    өте керемет ән

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.