Кезінде "Ақжүніс" деген телехабарды үзбей көруші едік…

…Жақында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің қабылдауында болдым. Ол кісі де «Ақжүніс-Астана» журналы өте креативті, жаңашыл бағыттағы басылым екенін, қолдау танытатынын айтты, осы бағыттан таймай жұмыс істеуге шақырды.
Министр мырзаның сөзі қанат бітірді…
Демеушілік көмек көрсетемін дейтін аға-әпке, іні-бауырларымыз табылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді, әрине. Оқырмандарға айтарым, еңбек ету – бізден, еңбекті бағалау – сізден, қадірлі оқырман! Журнал сапасының артуы тікелей өздеріңізге байланысты екенін ұмытпағайсыздар. Атсалысыңыздар! «Ақжүніс-Астана» журналына жазылуға шақырамын! Жазылу индексі – 74505. «Қазпошта», «Евразия-Пресс» бөлімшелері арқылы жазылуға болады…
Akjunis.kz сайтына кіріңіздер, пікір қалдырыңыздар. Блогер ретінде тіркеліп, өз жазбаларыңызды жариялауларыңызға болады. Ол үшін редакциямызға қоңырау шалыңыздар: 8 (727) 394-42-04
Біз сіздермен тығыз шығармашылық байланыс орнатуға дайынбыз.


– Қазақстанның халық жазушысысыз, Қырғызстанның халық ақынысыз, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегерісіз. Өз еліңіздің мемлекеттік марапаттарынан, тіпті, «Халық қаһарманы» атағынан бас тартуыңыздың себебі не?

– Менің қағидам бар: Отанына, еліне, халқына адал адам еңбегін бұлдамауы керек. Бірақ Отан да өзінің дараланған ұлдарын марапататтап отыруы шарт. Оны ешкім жоққа шығармайды. Бірақ ол өте әділетті болуы керек. Қазір кез-келген ұрының, түрмеде шіруге тиісті ұрының екі орден, үш медалі бар. Солардың қатарында жүргім келмейді. Міне, менің ұстанымым осы. Бірақ шет мемлекеттер тағайындаған сыйлықтарды аламын. Ол ұлт үшін қажет. 20-дан астам мемлекеттердің әрқилы сыйлықтарын иелендім. Ондаған шетелдік академиялардың, өнер, ғылым ордаларының академигімін, докторымын, профессорымын. Егер сол атақтарымның бәрін үстіме тағатын болсам, оларға арқамда да орын жетпеген болар еді…

 

Мақаланы толық оқу үшін …

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.