Веб технология құру. Web-сайт құруда бағдарламалау тілдерін пайдалану.

Нургул Биболова

Мақсаты:

Сайт құру барысынды бағдарламалау тілдері мен  басқару жүйелері негіздерін көрсете отырып өзара әдіс-тәсіл алмасу.

Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі.  Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр. Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар,  Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері.

Сайт жасауда дайын  сайтты басқару жүйелері яғни Joomla, Drupal, WordPress, Dle қолдануға немесе  сайтты  бағдарламалау тілдері яғни PHP, Python, Java, Perl, Asp арқылы өзінің басқару жүйесін жасау арқылы құруға болады.  Joomla – дүние жүзінде ашық кодты мәлеметтерді басқару жүйелері арасында бірінші орында. Ол бүкіл дүние жүзінде қолданылады, Joomla арқылы шағын сайттардан бастап үлкен жобаларға дейін жасауға болады.  Мысал ретінде PHP бағдарламалау тілі  және Joomla басқару жүйесі арқылы жасалған сегізінші гимназия сайтын жасау барысын қарастырып өтейік.

Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңнен турады:
§        Жоспарлау;
§        Элементтерді жасақтау;
§        Бағдарламау;
§        Тестілеу;
§        Жариялау;
§        Жарнамалау;
§        Бақылау;

Жоспарлау кезеңінде сайттың орны яғни хостинг анықталады. Хостинг жүйесін әртүрлі хостинг компанияларынан PS хост, ID хост, және Хоster немесе басқа компаниялардан таңдуға болады. Біздін сайт үшін қазақтелеком хостинг жүйесі таңдалды. Осы хостинг жүйесінде жеке сервер немесе виртуалды сервер тарифтік жоспарларын таңдауға болады. Мектеп сайты коп ресурсты қажет етпегендіктен виртуалды хостинг жүйесі таңдалған болатын, енді осы жүйе жұмысын қарастырайық. Келесі суретте қазақтелеком жүйесіне тіркелу  барысын қарастырайық.

 www.idhost.kz

Алғашқы ретте Idhost.kz сайтына кіріп өзіміздін сайтқа лайықты тарифтік жоспарды таңдаймыз, біздің ретте хостинг жүйесі.

Осыдан кейн хостинг тарифтік жоспарына кіретін ішкі жоспарды таңдаймыз, таңдау барысы сайттың ресурстылығына байланысты яғни сайттқа бөлінетін орын домендік атаулар саны, почталық адрестер саны, мәліметер қоры саны және т.б.-ға байланыста таңдалады. Біздің жағдайда  KZ1 тарифтік жоспары таңдалды. Сатып алу батырмасын басу арқылы келесі қадамға өтеміз.

Келесі қадамда  домендік атауды таңдау парақшасы ашылады

Домендік атау таңдалғаннан кейн келесі  тіркелу парақшасына өтеміз.

Тіркелу парақшасын толтырғанан кейін  келесі қадамда басқару панеліне өту қажет, яғни басты бетке оралып  Войти в систему батырмасын басамыз. Тіркелу барысында таңдалған логин мен құпия сөзді енгізіп басқару жүйесіне кіреміз.

Енді біздің сайт үшін Joomla басқару жүйесін орнату қажет, ол үшін
Диспетчер файлов  гипермәтінін шертіп файлдармен жұмыс істеу парақшасын шақырамыз. Осы интерфейс арқылы алдын ала дайндалып қойылған (http://joomla.ru/, http://joomlaportal.ru/) Joomla басқару жүйесінің  бастапқы орнату пакетін жүктейміз. Жүктелгенен кейн осы жүйенің орнату барысына көшеміз. kazgimnazia8.kz адресіне өтіп орнату процесін бастаймыз.

Орнатудың алғашқы бетінде сайт тілін  және басқа да параметрлерін таңдап оранатуды аяқтаймыз. Орнатылу аяқталғаннан кейін келесі адресті теріп  kazgimnazia8.kzadministrator басқару панеліне өтеміз.

 

Жалпы Joomla жүйесі мәліметтік материалдардан  осы материалдар кіретін категориялардан және мәзірден тұрады. Сонымен қатар joomla жүйесіне қосымша мүмкіндіктер қосу үшін модулдер және компоненттер қолданылады. Joomla шаблондық жүйе болғандықтан сайт интерфейсін әр түрлі шаблондар арқылы өзгертуге болады.

Сайтқа жаңа мәлімет қосу үшін Создать материал батырмасын басып жаңадан мәлімет қосу терезесіне өту қажет.

Жаңа мәлімет қосу бетінде  тақырыптың атауын және қай категорияға жататынын таңдап мәліметтерді келесі интерфейс арқылы  мәтіндік және мультимедиялық түрде толтыра аламыз.

Толтырылған мәліметтер сайт бетінде келесі түрдегідей көрінеді.

Сайт мүмкіндігін артыру үшін PHP және HTML тілінде фотогалерея жүйесі жазылды.

<html>
<head>
<title>Fresh Sliding Thumbnails Gallery with jQuery and PHP</title>
<meta http-equiv=”Content-Type” content=”text/html; charset=UTF-8″/>
<meta name=”description” content=”Fresh Sliding Thumbnails Gallery with jQuery and PHP” />
<meta name=”keywords” content=”jquery, images, gallery, full page, thumbnails, scrolling, sliding, php, xml”/>
<link rel=”stylesheet” href=”css/style.css” type=”text/css” media=”screen”/>
</head>
<style>
span.reference{
position:fixed;
left:10px;
bottom:0px;
font-size:9px;
}
span.reference a{
color:#aaa;
text-decoration:none;
}
span.reference a:hover{
color:#ddd;
}
</style>
<body>
<div class=”albumbar”>
<span>
&lta href=”http://www.flickr.com/photos/2dogs_productions/sets/72157594522520053/” target=”_blank”>
Vincent Boiteau’s photostream
</a>
</span>
<!– The JavaScript –>
<script type=”text/javascript” src=”http://ajax.googleapis.com/ajax/libs/jquery/1/jquery.min.js”></script>
<script type=”text/javascript” src=”jquery.gallery.js”></script>
</body>
</html>

Сонымен жалпы жұмыс барысында  www.kazgim.kz атаулы сайт  толығымен жасалып шықты.

Толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.