Информатика және биология пәндері бойынша кіріктірілген сабақ

Қарағанды қаласы, КММ ЖББ № 74 ОМ.    Кенежанова Назгүл Алпысбайқызы  Шалдыбаева Асемгул Матай қызы

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
 Көпжасушалы жәндіктер және жануарлар дүние тармағын қорытындылау  және ақпараттық технология. Графикалық ақпараттарды өңдеу. 2011 – 2012 оқу жылы

Сабақтың мақсаты:

1. БІЛІМДІЛІК:   Ақпаратпен және негізгі ақпараттық  процестермен, ақпарат түрлерімен, ақпараттың берілу жылдамдығын, биология пәні бойынша алған  білімдерін тексеру.
2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Ой-өрістерін арттырып, білік-дағдыларын жетілдіру, ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
3. ТӘРБИЕЛІК:   Алғырлыққа, сыйластыққа, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, тест, өзінді жұмыс
Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру ісінің түрі: Топтық
Көрнекі – құралдар:Компьютер, интерактивті тақта,
Пәнаралық байланыс: Биология, информатика

Сабақ барысы:
Жоспар:

 І. Ұйымдастыру кезеңі                                          – 2 мин

ІІ. Ой қозғау                                                           – 5 мин
а) Сұрақ – жауап
ІІІ.  «Миға шабуыл»
а) “Білім бүкіл өміріңе”
Пәнаралық байланыс сипаттамасы
(биология,информатика)                             –  10  мин
  ІV. “Білгенге маржан, білмегенге арзан”

Практикалық тапсырма                               – 10 мин

V. Рефлекция                                                       -10 мин
VІ. Бағалау                                                            –  3 мин
VІІ. Үй тапсырмасы                                             –  2 мин

І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Ой қозғау
Ертегі – сұрақ

Ғажайып ел

            Біз сіздермен бүгін ерекше сабақ өткізгелі тұрмыз. Біз саяхаттап баратын ел – Ақпараттар елі деп аталады. Бұл ел екі аралда орналасқан. Аралдардың арасын улкен көпір жалғайды. Ақпараттық әлемнің жергілікті тұрғындары бір-бірімен байланысқа шығу үшін, көпірді жалғауымыз керек. Ол үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет.

  1. «Ой қозғау».
  2. «Миға шабуыл».
  3. «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
  4. Рефлексия
  5. 1.     Көпірдің алғашқы бөлігін құрастырайық. Сұрақ – жауап( тестпен жұмыс)

Биология пәнінен қайталауға арналған тест сұрақтары

1.Ішек қуыстылардың денесі неше қабаттан тұрады?
а)  5      в) 3     с) 2   д)   4

2.Жүйке торы ең алғаш  кімдерде байқалған?
а) жалпақ құрттар    в) жұмыр құрттар  с) буылтық құрттар д) ішекқуыстыларда

3.Бунақ денелілерді зерттейтін ғылым…..
а) экология    в) гельминтология  с) энтомология  д)микология
4. Имаго……………..
а) дернәсіл    в) жұмыртқа  с) қуыршақ д)ересек жәндік

5.Адамның бауырында кездесетін паразит?
а) Бауыр сорғышы     в) таспа құрт  с) кірпікшелі құрттар  д) сүлік

6.  Paint графиктік редакторын іске қосу
а.  Пуск → Программы → Стандартные → Word Pad
в.  Пуск → Программы → Стандартные → Paint
с. Пуск → Программы →  Word Pad
д. Пуск →  Стандартные → Paint

7. Бұл не?
а. Тақырып        в. Меню қатары
с. Құралдар тақтасы       д. Түстер палитрасы

8.     Бұл не?
а. Тақырып жолы      в. Меню қатары   с. Құралдар тақтасы  д. Түстер палитрасы

9.  Бұл не?
а. Тақырып жолы  в. Меню қатары  с. Құралдар тақтасы  д. Түстер палитрасы

10. Бұл не?
а. Тақырып жолы       в. Меню қатары     с. Құралдар тақтасы д. Түстер палитрасы
2. Көпірдің жалғастыру үшін келесі кезеңге көшеміз.ол – « Миға шабуыл»
 БІЛІМ БҮКІЛ ӨМІРІҢЕ     

Бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін балалар. Қызыл кітапқа тіркелген қандай жәндіктерді білесіңдер?
Қызыл кітап-өз алдына ерекше кітап . Қазақстан Респпубликасы Қызыл кітабында  тіркелетін жануарлар 5 санатқа бөлінеді.

1-ші санат: жойылып бара жатқан түрлер мен түртармақтарды.
2-ші санат: саны азайып бара жатқан түрлер мен түртармақтарды.
3-ші санат: сирек түрлермен түртармақтарды.
4-ші санат: белгісіз түрлермен түртармақтарды.
5-ші санат : қалпына келтірілген түртармақтарды.

Осы Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген бунақденелілердің кейбір өкілдеріне тоқталып өтейік.

Нәзікқұйрық инелік– Республикамыздың Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабына ғана тіршілік етеді.
Көркемше инелік– Бұл бізге инеліктерден қанатында ерекше белгінің болмауымен ерекшелінеді.
Шолғыншы инелік- Бұл- күйенті тұқымдас инеліктердің бір түрі. Шолғыншы инеліктің қанаттары қалыпта болмайды,бірі ұзын,бірі қысқа болып келеді.
Ақтеңбіл дәуіт– Бұл Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген жалмауыз дәуіт.

Редактор:

  1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
  2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
  3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
  4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;
  5. Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.

Сурет салу тәсілдері

  1. Тінтуірдің сол жақ батырмасын басу арқылы құрал таңдаймыз. Егер қажет болса, сызықтар қалыңдығын, түсін, оның конфигурациясмын немесе қажет режимді, мысалы, эллипсті таңдаймыз.
  2. Тінтуірдің сол жақ батырмасын басып отырып, сурет саламыз.
  3. Мәтінді енгізгенде алдымен жазу, қаруп, оның өлшемі және басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз.

3.  Көпірдің қай жеріне жеттік екен?
БІЛГЕНГЕ МАРЖАН, БІЛМЕГЕНГЕ АРЗАН        

 Практикалық жұмыс
Тапсырма: Жаңағы «Қызыл кітапқа» еңген және «зиянды» бунақденелерді, графикалық редактордың көмегімен салайық.

4.     Көпірдің құрылысын аяқтау үшін: РЕФЛЕКСИЯ көшейік.

Оқушылар өз істеген жұмыстарын қорғау.
Сонымен, осы тапсырмаларды орындай отырып, екі аралдың ортасына дәнекер болған КӨПІРДІ құрастырдық. Биология елінен Информатика еліне жеттік. Мақсатқа жету үшін атқарған жұмыстарымыздың нәтижесін көрейік.

Бағалау:
(тест жұмысының бағасы, практикалық жұмыс бағасы, қорытындылау)

Үй тапсырмасы
Биологиядан: 236 бет – «Білімінді сына» жазбаша түрде, дайындалып келу.
Информатикадан: 4.4 тақырып – «Үзіндіні жылжыту және көшіру» 1,2 тапсырма

Сабақтың толық нұсқасы, көрнекіліктерімен

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.