Физика. Тербелістер. 9 сынып

Қарағанды қаласы, КММ ЖББ № 74 ОМ. Кенежанова Назгүл Алпысбайқызы

Сабақтың тақырыбы:   Тербелістер. Тербелмелі қозғалыс.Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға тербеліс ұғымына басты мәліметтер беру және оның мағынасы қандай екендігін түсіндіру. Тербелмелі қозғалыстың түрлері,  негізгі сипаттайтын шамаларының  ролін және оның түрлерінің  өзара әсерлесу периодына жиілігіне байлансытылығын сипаттап беру.  Cонымен қатар тербелістердің тұрмыста,  практикада  қалай қолданатындығын  түсіндіру,  сол арқылы оқушыларға тербеліске деген  көзқарастарын,  ойлау  қабілеттерін арттыру.  Мысалдар  мен  тәжірбиелерін  компьютердің көмегімен көру және есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Дамытушылық: Тербелмелі қозғалыстардың басқа физикалық шамалардан заңдардан  айырмашылықтарын салыстыра білу  қабілеттерін дамыту.  Күштердің әсерлерін пайдаланып, физиканың айла тәсілдерін қолдана білуге  дағдыландыру.  Сонымен қатар техника арқылы жұмысты жеңілдетуге үйретуге.

Тәрбиелік:Тербелмелі қозғалысты  пайдаланып,  еліміздің  жаңа техникаларын игеруге  деген құштарлықтарын арттыру және мамандыққа  бағдарлау.

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру

2.      Өткен сабақты қайталау

3.      Жаңа сабақты түсіндіру

4.      Пысықтау

5.      Үйге тапсырма

Сабақтың  түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер:  Компьютерлік слайдтар және жазбалар.

Әдіс тәсілдер:   сұрақ-жауап, сауалнамалар.

Өткенді қайталау: слайд арқылы- қас қағым сәт

Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.

Тұйық жүйені құрайтын және бірімен-бірі әлемдік тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін  денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.

 

 

 

Жаңа сабақты түсіндіру

Күнделікті өмірде  біз тербелмелі қозғалыстар немесе жай ғана тербелістер деп аталатын қозғалыстармен жиі ұшырасамыз. Бұл қозғалыстардың бір-біріне ұқсастығы: олардың барлығы қайталанып отырады. Және қандай да бір уақыт өткен соң бастапқы орнына қайтып келеді. Дененің тербелмелі қозғалысы периодтылығына тән. Қозғалыстың периодтылығы бұл дене орнының белгілі бір уақыт өткен соң шамамен дәл қайталанып отыратындығы.  Механикада тербеліс дегеніміз дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалыс.

Тербелмелі қозғалыс кезінде денеге қандай күштер әсер ететіндігін қарастырайық.

1)      Төмен қарай бағытталған ауырлық күші Ға

2)      Жоғары қарай бағытталған серпімділік күші Ғс

3)      Теңәрекетті күш Ғ

Ғ = Ғс+ Ға=0

Денеге әсер етуші күштердің векторларының қосындысы  нөлге тең болған кездегі күйі – тепе-теңдік күйі деп аталады.

Теңәрекетті күш үнемі тепе-теңдік күйге бағыттап отырады. Немесе бұл күш серіппенің серпімділік күші болып табылады. Дененің теп-теңдік күйден ауытқуын ығысу деп аталды.  Ығысу х әрпімен белгілейді.  Гук заңы бойынша серпімділік күші ығысуға тура пропорционал:

Ғ = -kх

Ығысуға пропорционал  және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп аталады.

Тербелмеі қозғалыс кезінде: 1) денені тепе-теңдік күйден шығаратын және қайтаратын күш болу керек. 2) үйкеліс мейлінше аз болу керек.

Дене қозғалысы  толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын тербеліс периоды деп атаймыз. Тербеліс периоды – бір толық тербеліс жасауға кеткен уақыт.

Дене бір нүктеден шығып, сол нүктеге қайтып оралғандағы қозғалыс процесін цикл д/а. Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны жиілігі деп аталады.

Т = 1секунд,

1 Гц  бұл бірлік неміс ғалымы Генрих Герцтің құрметіне берілген. Еселік бірліктері 1кГц, 1МГц қолданылады. Егер t уақыт аралығында n тербіліс жасалса:

Сабақтың көрнекілігімен толық нұсқасы

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.