Физика-7. §44. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

Қарағанды қаласы, КММ ЖББ № 74 ОМ. Кенежанова Назгүл Алпысбайқызы

Сабақ тақырыбы:
1. Оқушыларға  қатты денелер, сұйықтар және газдар қалай жеткізетіні туралы, Паскаль заңы туралы  түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Күштің әрекеті тіреу ауданына тәуелді болатынын көрсететін мысалдарды келтіріңдер.
  2. Қолмен іс тіккенде неліктен бармаққа оймақ кигізіледі?
  3. Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды?
  4. Жүк машимналарының артқы доңғалақтары қос-қостан болатыны неліктен?
  5. Қысым дегеніміз не?
  6. Қысымды қалай анықтайды?
  7. Қысымның қандай бірліктері бар?
  8. Қысымды арттырып, кемітуге бола ма? Ол үшін не істеу керек?
  9. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақ.
Блез Паскаль Blaise Pascal, XVII-ғасырдың 1623-1662 жж  өмір сүрген француз математигі және физигі, әдебиетшісі. Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның  негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының авторы. Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды. Әкесі Этьен математик және астроном болған. Әкесі баласын ғылым үйірмесіне қатыстырған. Сол кезде зерек бала сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен. 16 жасында паскаль «Қима туралы» еңбегін жазады. Ол газбен сұйықтардың қасиетін көп зертттеп, заңдылығын тағайындаған және атмосфералық қысымның бар екендігін өз тәжірибесімен дәлелдеп берген.Оның атымен қысым бірлігі және информатикада программалау тілі аталған. Ол бағдарламалау тілін 300 жыл бұрын алғашқы болып ашқан.

Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың барлық қасиеттері олардың құрылысына байланысты. Біз ең әуелі оларды құрайтын молекулалардың қалай орналасқанын, қалай қозғалатынын және бірімен –бірі қалай әрекеттесетінін қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерін еске түсірейік.

Қатты дененің молекулаларының орналасуы

Пішінін мен көлемін сақтау – қатты денелерге тән қасиет.

Сұйықтың молекулаларының орналасуы

Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет.

Газдардың молекулаларының орналасуы

Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.

Қатты денелер өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана жеткізеді

Паскаль шары деп аталатын құрылғымен тәжірибе жасап көрейік.  Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су толтырып, поршеньді бассақ, шардың  саңылауларынан су барлық бағытта бірдей ұзындықта шапшып шығатыны байқалады.

ПАСКАЛЬ   ЗАҢЫ:

Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі.

ІV. Тест жұмысы
V. Қортындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §44.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

 

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.