Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы. 

Олимпиада – бұл көзге көрінбейтін құлпыныс: жоғары өрлеу мен төменге құлдырау, үміт арту мен көңілдің қалуы, көз жасы мен қуаныш, жеңілу мен көптен күткен жеңіс.
Сайып келгенде мұның барлығы ұлы мәртебелі есептің төңірегінде айналшықтап жүреді.
Олимпиадалық есептер – бұл  өзге әлем, олардың әр бірінде өзіне тән ерекшелігі, ол есептің шешілу кілті болып табылады. Мұнда есеп шығарушы тура бір қиын істі шешіп жатқан ізкесуші іспеттес.

Істің мән-жәйі белгілі болса да, олардың кейбіреулері дұрыс, кейбіреулері бұрыс. Сіз Шерлок Холмс сияқты автордың ойын дәл таба аласыз ба, немесе бұрыс жолмен кетесіз бе?

Олимпиадалық есептерді шешу алдында бірнеше кеңестер:
Оқушыларға кеңес:

  • Есеп шығарып болғасын, оқушыларға осы тақырыпқа арнап есеп құрастыруын ұсынып отырыңыз;
  • Егер сіздің оқушыңыздың бағдарламасы барлық тесттен өтсе, бірақ сіздің шешіміңіз өзгеше болса, сізден өтініш, осы есепті бөліктерге бөліп қайта тексеріп көріңіз.
  • Көп жағдайларда мен өзім оқушыларды олимпиадаға даярлағанда қарапайым есептерден беріп отырамын және де есептерді бөліктерге бөліп шығаруына үлкен назар аударамын.
  • Оқушыларды информатикадан олимпиадаға қатыстыру үшін басқа пәндерді жақсы оқуына және де ойлау қабілеттерін бірінші орынға қоямын.  Яғный әр түрлі жағдайлардан жол тауып кете алатын болуы тиіс.

Оқушыларды олимпиадаға даярлағанда қызықты есептерді алып оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту керек. Жәнеде тек қана математикалық формулалармен шектеліп қоймастан оқушыларды жан-жақты ойландыру қажет. Төменде қарапайым дярлық есептерін қарастырайық және осы есептерге бағдарламалар құрастырамыз.1 есеп. Берілген натурал N санын зерттеп шығу.

  1. Тақ немесе жұп
  2. Санның квадраты
  3. Санның түбірі
  4. Жай сан болып табыла ма?
  5. Егер жай сан болса, онда нешінші жай сан?
  6. Жай сан болып табылмаса бөлгіштері;
  7. Екі санның қосындысы түрінде жазу;
  8. Екі санның көбейтіндісі түрінде жазу;
  9. Үш санның қосындысы түрінде жазу;
  10. Үш санның көбейтіндісі түрінде жазу;
  11. Факториал саны болама ма?
  12. Фиббоначи саны болама ма?

2 есеп. Сандардың таңғажайып қасиеттеріне есептер

  • аbc=a3+b3 +c3 ;     153 = 13 + 53 + 33  ,…
  • abcd=a4 +b4 +c4 +d4;     1634=14 +64 +34 +44 ,…
  • Жай сандар;
  • Фиббоначи сандары;
  • Кемел сан (өзінен кіші бөлгіштерінің қосындысына тең сан);

6, 28 …

  • Дос сандар;

284=1+2+4+5+10+11+20+22+44+55+110;
220=1+2+4+71+142

3 есеп. Математикалық ребустар.

Берілген пішіндерді цифрлармен ауыстырғанда  теңдік дұрыс шығуы қажет. Бірдей пішіндер бірдей цифр, ал әр түрлі пішіндер әр түрлі цирларға сәйкес келеді. Ребустарды шешіңдер:

  •         ABCDE x 4 = EDCBA

21978 х 4 = 87912
65866 x 4 = 66856

Нәтиже: A=2; B=1; C=9; D=7; E=8;

  •         СИНУС + СИНУС + КОСИНУС = ТАНГЕНС
  •         УХА * ХАУ = УооХоА (ооо бұл нолдер)
  •         ОХОХО + АХАХА = АХАХАХ
  •         ДЕСЯТЬ : ДВА = ПЯТЬ
  •         ДВА * ДВА = ЧЕТЫРЕ

Пайдаланылыған әдебиеттер:
1. Даулеткулов А.Б. Олимпиады по информатике: Учебно-методическое пособие. -Алматы: ИНТ, 2004 – 242 c.
2. Нагибин Ф.Ф. Математическая шкатулка.Москва, 1958 – 167 с.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.