И-10. Visual Basic ортасында бағдарламалау

ШҚО Жарма ауданы Қызылағаш орта мектебі КММ Туякбаев Ерсайын Қуандықұлы

Сынып: 10
Тақырыбы:    «Visual Basic ортасында бағдарламалау» атты сайыс сабақ.
Сабақтың мақсаты:
1)    Білімділік:  оқушыларға меню құру және бағдарламалау жолдарын түсіндіру;
2)    Дамытушылық:  теорияда алған білімдерін тәжірибемен  байланыстыру;
3)    Тәрбиелік: сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сайыс

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау. Сыныпты 2 топқа бөлу. «Паскальдар» және «Бейсиктер». Тәуелсіз сарапшы 11 сынып оқушысы Манашева Айгерім. Әр топтың кезең бойынша орындаған тапсырмасын 5 балдық жүйеде бағалайды. Әр топтың топбасшысын тағайындалады. Топтарға сәттілік тілейміз!
Сайыс кезеңдері:

 

  1. Бәйге:

–         1 топ элементтердің сол жақ, ал 2 топ элементтердің оң жақ бөлігіндегі сінің атын кезекпен кезек жазады.

–         Басқару элементтерінің қасиетінің сипаттамасын топтар жазады.

  1. Жорға:

–         Компьютерде практикалық тапсырманы орындау.
1 топ – электронды тапсырманың 1-5 дейін, ал 2 топ – электронды тапсырманың 6-10 дейін орындайды.

–         2 топ та 10 сыныпқа арналған электронды оқулықтың жалпы тапсырмалар ретіндегі программалау бөліміндегі 1- 9 дейінгі тапсырманы орындайды. Ұпай дұрыс тапсырмамен есептелінеді.

  1. Дода бөлімі:

–         Тесті 2 топ орындайды. 1 деңгейді – Паскаль, 2 деңгейді – Бейсик тобы орындайды.

–         Visual Basic элементтерін сәйкестендір. 1 топ – 1 суретті, ал 2 топ – 2 суретті сәйкестендіреді.

  1. Мәре бөлімі: Тәуелсіз сарапшы 2 топтың ұпай санын есептеп, нәтижесін айтады. Мақтау қағазына жеңген топқа мақтау қағазы, ал екінші топқа алғыс хат беріледі.
  2. Үйге тапсырма: 2.3 – тақырып. Басқару элементтері. Базалық элементтер анықтамасын жаттап келу.

САБАҚ АЯҚТАЛДЫ. САУ БОЛЫҢДАР!

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліәктерімен (флч, прз, сж…) бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

2 комментария

  1. Елдербек

    Ерсайынның сабағы өте жақсы ойластырылған. Сабақ уақытына сай жылдам, әрі қызықты, әрі нәтижелі, әрі қарапайым. Тағы да осындай сабақтарыңды күтеміз, жарайсың, Ерсайын!

  2. Елдербек

    Ерсайынның сабағы өте жақсы ойластырылған. Сабақ уақытына сай жылдам, әрі қызықты, әрі нәтижелі, әрі қарапайым. Тағы да осындай сабақтарыңды күтеміз, жарайсың, Ерсайын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.