Өзін-өзі тану. Атамекен – алтын бесік

Зәмзәгүл Елдезерова.

Пәні : өзін-өзі тану
Сыныбы:7
Сабақтың тақырыбы:
Мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.
Міндеттері:
– Атамекенді қадірлей білуге, атамекенге қызымет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағұлмат беру;
– Оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;
– өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Электронды оқулық, слайдтар
Шаттық шеңбері
Атамекен
Сөзі: Қ.Мырза Әлі
Әні: Е. Хасанғалив
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көк ойнаймын, көп күлем.
Айдармнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем
Қайырмасы:
Қайда жүрсең , атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен

Әңгімелесу
1) Атамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді?
2) Адамның туған жері әрқашанда атамекен бола ма?
3) Адамда екі атамекен бола ма? Отан ше?
4) Өз атамекенін сүйе білу адам өміріне қалай әсер етеді?
5) Сенің арман – қиялыңда атамекеніңе қандай орын берілген?

Мәтінмен жұмыс

Бір шымшым топырақ
Ғ. Оралбаев
1) Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?
2) «Атамекен», «туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар?
3) Өз атамекенің , туған жерің , Отаның туралы айтып беріңдер.

Сергіту сәті.
«Жақсы» тақырыбындағы ширату-ойынын ойнауды ұсынамын (балалар шеңберде тұрады):
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Оқу ақпараты

Атамекен-туған халқымның,ұлтыңның мекен еткен,ата бабаңның қоныс тепкен жері.Туған жер-әр адамның дүние есігін ашып,өмірге келген жері.

Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жиа бастаған сәттен өз болашағына,өткеніне ден қоя бастайды.Адамның болашағы да,өткеніде атамекенмен тығыз байланыста болады.

Дәйексөз
«Туған жер-тұғырың,туған ел-қыдырың»

Түйіндеме
Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын.Балаларды өте жақсы көремін.Сол балалардың,бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.

Менде адаммын жаралған сүйек,еттен,
Арым бар,намысым бар жер тербеткен
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен.

Балаларыма,немере,шөберелеріме айтар жалғыз тілегім:Елді сүйер ұлан болыңдар!Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер.
Б.Момышұлы

Дәптермен жұмыс
«Атамекенім-мақтанышым»тақырыбында өз атамекені туралы шығарма жазу.

Мәтіндермен жұмыс
1.Мұхтар туған жер З.Қабдолов
2.Менің аулым К.Нығметова
Тапсырма
Атамекен
М.Айтқожина
Мекен ғой бұл,ел көшкен қия құздан
Қара тастан жас тамып,күй ағызған
Жақсыны да,жаманды көрген далада,
Кеңдігінен кеудеге сыя алғызған.
Мекен ғой бұл тұлпардың ізі қалған,
Көкжиектегі жүріпті жүзіп арман.
Домбырадан бір мезгіл күй толастап,
Арулардан нәзік ән үзіп алған.
Жүректен – жүрекке

Қармақшым
Туған жер Қармақшым қазынам
Көрмесем мен сені сағынам.
Қорқыттың киесі дарыған
Қолдасын Марал бабам!
Қармақшым жыраулар мекені
Толқыта ән салып кетеді
Қандай жер өзіңе жетеді
Ғашықпын саған далам.
Қайырмасы:
Ән – жырым дастаным Қармақшым
Аяулы аспаным.
Арайлы ақ таным Қармақшым
Мәңгілік мақтаным

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.