Сән ұғымы. Стиль түрлері.

Қызылорда қаласы
№197 қазақ орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі:
Альжанова Роза Зейнуллаевна
Сән ұғымы. Стиль түрлері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: оқушыларға сән ұғымы туралы және стиль түрлерімен таныстырып толық мағлұмат беру;
2. Дамытушылыгы: сәннің даму сатысы мен қоғамдағы атқаратын рөлі туралы ойларын дамыту, шығармашылығын қалыптастыру;
3.Тәрб иеліл ігі: : оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндіру, сарамандық жумыс.
Сабақтың көрнекілігі: киімтүрлері, компьютер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушы лардың сабаққа қатысуын, құрал- жабдықтарын түгендеу, тексеру. Зейіндерін сабаққа аударту.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
Сән – адамзат баласы пайда болғаннан бастап пайда болды.Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын, арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда.Сән (мода) – латын сөзі, өлшем, әдіс, іс-әрекет түрі. Мағынасы уақытша келісімді, сәнді киіне білу деген ұғым береді
Әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі бүгінде бар құбылыс. Іс тіге білетін, бүл кәсіпті сүйетін адам, өзіне жарасымды да сәнді киімді қашан да тігіп ала алады.Киім кию мәдениеті адамньщ біл ім інің , талғамының, ортаға қары м-қаты насы ны ң көрсеткіші.Талғам – бәрінен бұрын адамның өзіне шек қоя білуі (нені, қайда, қашан кию керек, өзінің сырт келбетіне көзқарасы, өзін-езі ұстай білуі т.б.).Сәнді – арнайы көркемдеуші сәнгер жасайды. Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, түтынушы халықтың талабына сай келетіндей етіп орындайды. Оларды көркемдеуші деп атаймыз.
Стиль (грекше балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша) сөзі – әдебиет пен енерде автордың, туы нды ның мәнерін, мазмүнын, идеялық көркемдік ерекшеліктерін білдіреді.
• Стиль –
• Классикалық
• Фольклорлық
• Романтикалық
• Спорттық
Классикалық стиль (байсалды, іскер, әсем) – тұрақты , ғасы рлар с ү згісін ен өткен, мүлдем өзгермейтін, ерлердің жұпты, үштік костюмі, «ағылшын» пальтосы, плащ, ал әйелдердің киіміне ұзын жеңді көйлектер, тік немесе бүрмелі белдемшелер «шинель» костюмдері жатады.
Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бүл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмыстарын кеңінен қолданамыз.
Романтикалық стиль – бұл ұшқыр, қиял елестер, ізденістер тобы. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.
Спорттық стиль – демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер үлгісі.
Жаңа сабақты бекіту:
1. Сән сезінің мағынасы?
2. Стиль. Стильдің түрлері?
3. Классикалы қ стиль мен фольклорлық стильдің айырмашлығы?
4. Романтикалық стиль мен спорттық стильдің бір-бірінен ерекшелігі неде?
5. Бүгінгі сабақтың бағытын талдау?
6. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз?
Қорытынды.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Қазақстандағы белгілі сән үлгілерінің түрлерімен танысу.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.