И-9. IF шартты операторына есептер шығару

ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Орынбекұлы Нұрлыбек.
Тақырыбы:
Түрі: Интерактивті жарыс сабақ

Типі: Білімді жүйелеу,бақылау,бағалау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік :
1) Оқушылардың өткен сабақтар бойынша алған білімдерін жетілдіру.
2) Есептер шығаруда шартты операторды тиімді пайдаланып, практикада
қолдану арқылы білімдітиянақтау.
2. Тәрбиелік:
1) Оқушыларға адамгершілік тәрбие бере отырып,компьютерде жұмыс істеуде ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
2) Еңбексүйгіштікке баули отырып, ұйымдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
3) Өз орталарында сыйымды, кішіпейіл бола білуге баули отырып, білімді шыншыл өжет тұлғаны қалыптастыру.
3. Дамытушылық:
1) Оқушылардың шеберлік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін
жан-жақты дамыту.
2) Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттері арқылы толық және нанымды
жауап беруге дағдыландыру.
3) Қызығушылықтарын дамыта отырып, ойларын дұрыс тұжырымдап,
сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету.

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсінік беру, практикалық, ойын,
шығармашылық іздену, бақылау.
Көрнекілігі: 9 сынып оқулығы, электронды оқулық, компьютер, проектор,
презентациялар, Паскаль тілінің бағдарламасы, презентациялар.

Жаңа технология: Ақпараттық – компьютерлік, ұжымдық.

Пән аралық байланыс: Математика, физика, ағылшын тілі.

Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесіп, көңіл –күйлерін және сабаққа дайындығын білу арқылы топтарға бөлу. 1.топ « Егер » 2.топ « Онда » 3.топ « Әйтпесе »
ІІ. Еске түсіру кезеңі
Сұрақтар беру арқылы үй тапсырмасын тексеру
1) Қандай жағдайда шартты операторларды пайдаланамыз?
2) Шартты оператордың синтаксистік диаграммасынан нені байқаймыз?
3) Берілген блок-схема бойынша шартты оператордың орындалуы мен тармақталу түрін көрсетіп,баяндап бер?
4) Шартты оператордың шарты ретінде қандай өрнектің мәні және шарт өрнегін жазу үшін қандай белгілер қолданамыз?
ІІІ. Шығармашылық жұмыс
Әр топқа компьютерден есептер беріледі.Оқушылар есепке блок-схема мен программасын құрып,Паскаль бағдарламасында теріп тексереді әрі қорғайды.
« Егер » тобына математикалық есеп

Функцияның мәнін есептейтін программа құр. а , в , с үш нақты сан берілген.Олардың ең үлкенін табатын программа құрыңдар.
« Онда » тобына физикалық есеп
Пеш үстіне су қойылған. Пеш температурасы ( оның мәні пернетақтадан енгізіледі ) артқанда,су қайнады деген хабар берілетін программа құрыңдар./ Судың қайнау температурасын білу керек /
« Әйтпесе » тобына тұрмыстық есеп
Байқауға бойының биіктігі 180 см-ден кем емес қыздар шақырылды. Дананың байқаудан өту – өтпеуін анықтаңдар.
IV. Сергіту сәті
1. / Көзге жаттығу жұмыстарын жасау /
2. Тармақталу ойыны
Егер ( ? ) онда ( ? ) әйтпесе ( ? )
if then else
V.Бекіту
« Ойлан тап » ойыны арқылы Excel бағдарламасында жасалған тапсырмалармен жұмыс жасау
VI. Оқушы білімін бағалау
Оқушылардың білімін бақылау және бағалау.
VII. Уйге тапсырма
п:3.5 оқуға /тест жұмысына дайындалу/.
Есептер жинағынан №43 есеп
Озық тапсырма: №36 Жұмбақ жасырып және оның жауабын талдайтын программа жаз?
Сабақтың жалпы жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл күйлерің қалай? Сабаққа түгелдей қатысып отырмыз ба?
Сабағымызды бастамас бұрын, әркім өз компьютеріміздің жұмыс істеуге дайындығын тексерейік.
Дайын болсақ, сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «IF шартты операторына есептер шығару». Ең алдымен біз үш топқа бөлінейік.
І топ – 1 қатар «ЕГЕР» тобы.
ІІ топ – 2 қатар «ОНДА» тобы
ІІІ топ – 3 қатар «ӘЙТПЕСЕ» тобы
Өздерің байқағандай топ атаулары шартты оператордың түйінді сөздері екен. Онда біз шартты операторды еске түсірейік. /экраннан сұраққатр қойылады/
ІІ. Еске түсіру.
1) Қандай жағдайда шартты операторларды пайдаланамыз?
2) Шартты оператордың синтаксистік диаграммасынан нені байқаймыз?
3) Берілген блок-схема бойынша шартты оператордың орындалуы мен тармақталу түрін көрсетіп,баяндап бер?
4) Шартты оператордың шарты ретінде қандай өрнектің мәні және шарт өрнегін жазу үшін қандай белгілер қолданамыз?
Жауаптары:
1) Тармақталу процесі бар есептерді шешуде шартты операторды қолданамыз.
2) Шартты оператордың синтаксистік диаграммасынан, оны екі түрлі жазуға болатынын көреміз. Бірі толымды түр, екіншісі толымсыз түрде.

3) Бұл блок-схемада шартты оператордың екі түрдегі тармақталуы көрсетілген. А) нұсқада толық түрде, яғни егер шарт орындалса, 1 серия, ал орындалмаса 2 серия командасы орындалады. Ал б) нұсқада толымсыз түрі көрсетілген. Мұнда егер шарт орындалса, онда 1 серия командалары орындалады, әйтпесе ештеңе орындалмайды.

4) Шартты оператордың шарты ретінде логикалық өрнектің мәні (Boolean-бульдік) тип қолданылады. Ал шарт өрнегін жазу үшін қатынас белгілері қолданылады.

ІІІ. Шығармашылық жұмыс.
/Әр топқа компьютер арқылы есептер беріледі:/
« Егер » тобына математикалық есеп
Функцияның мәнін есептейтін программа құр. а , в , с үш нақты сан берілген.Олардың ең үлкенін табатын программа құрыңдар.

« Онда » тобына физикалық есеп
Пеш үстіне су қойылған. Пеш температурасы (оның мәні пернетақтадан енгізіледі) артқанда,су қайнады деген хабар берілетін программа құрыңдар./ Судың қайнау температурасын білу керек /
« Әйтпесе » тобына тұрмыстық есеп
Байқауға бойының биіктігі 180 см-ден кем емес қыздар шақырылды. Дананың байқаудан өту – өтпеуін анықтаңдар.
Әр топ есептің блок-схемасын сызып, программасын компьютерде жазып, тексеріп, қорғайды.
IV. Сергіту сәті
а) / Компьютер арқылы көзге жаттығуын жасау /
ә) «Тармақталу ойыны»
Егер ( ? ) онда ( ? ) әйтпесе ( ? )
«Егер» тобы кез-келген шарт айтады да, қалған топ осы шартқа байланысты мысал айтады.
Үлгі: «ЕГЕР» жаңбыр жауса «ОНДА» қолшатыр ұстаймыз «ӘЙТПЕСЕ» қолшатыр ұстамаймыз.
V.Бекіту
«Ойлан, тап» ойыны арқылы Excel бағдарламасында жасалған тапсырмалармен жұмыс жасау. Берілген есепті шеше отырып, блок-схема мен шартты оператордың жазылуындағы бос жерді өздері толтырады.

VI. Оқушы білімін бағалау
Оқушылардың білімін топтарбойынша бақылау арқылы бағалау.
VII. Уйге тапсырма
п:3.5 оқуға /тест жұмысына дайындалу/.
Есептер жинағынан №43 есеп
Озық тапсырма: №36 Жұмбақ жасырып және оның жауабын талдайтын программа жаз?

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.