Бастауыш. Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа орта мектебі Өткізген: Айтбаева Ж.

Сабақтың тақырыбы: Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу.
Сабақтың мақсаты:

  • Бірдей қосылғыштардың қосындысын табудың мән – мағынысын ашу,  сәйкес терминдерді игеруге машықтандыру, екі амалмен шығарылатын  есеп және түрлендіру.
  • Кестеден тыс қосу мен  азайтуды меңгерту.
  • Ой – өрісін, өзіндік іс – әрекетін, дүниетанымын, белсенділігін арттыру.
  • Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: логикалық есеп, нақты заттар: домбыра, сырға «Наурыз мерекесі» плакат, альбом: «Қазақстан – 2030 » бағдарламасы.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың барысы:
А. 1. Ұйымдастыру

Сергіту минуты.
Біз биікке самғайық,
Математикалық біліммен.
Болашаққа шарлайық,
Кім біледі, кім ойшыл,
Білімді де барлайық.

Ә. Кіріспе сөз.
«Өткен күннен алыс жоқ,

Келер күннен жақын жоқ» – деген данышпан, дана халқымыз. Ендеше, оқушылар бүгін сабағымызда болашаққа ойын түрінде саяхат жасайық. Сендер түрлі тапсырмаларды  орындай отырып, көз алдарыңа болақты елестететін боласыңдар.

Оқушылар «болашақ»  деген сендер ой – елегінен қандай сөздерді өткізіп, көз алдарыңа нені елестетесіңдер?

Топтастыру әдісі:
–         Мына  жерде  болашақ туралы құпия сөз жазылған. Сабаққа белсене қатысып, тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар білетін боласыңдар.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
–         Осының барлығының бастауы – білімде. Білімдеріңді, үй тапсырмасын
тексеруге Робот келіпті. Оқыған оқушы жауабы  дұрыс болса қызыл түс, қате болса көк түс көрсетеді.

№7, 147- бет.
а) Р = 3см + 4см + 5см =12см

ә) Р = 3дм + 3дм + 3дм = 9дм

б) Р = 4м + 6м + 10м = 20м

Болашақта біздің іс – әрекетімізге бағыт беріп отыратын Роботтар болады екен.

III. A. Жаңа сабақ:  « Шешуін кім  табады?» ойыны.
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп, тербеледі адам соқса.
Шешен тіл сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда үндемейді адам жоқта.             (домбыра)

Интерактивті тақтадағы суретпен жұмыс.
№ 1. Бұл ненің суреті ?
Суретте екі домбырадан неше рет алынған ?
Барлығы неше домбыра ?
2 домбырадан 3 рет алынған.
Барлығы 6 домбыра.

2 + 2 + 2 = 6 домбыра

Ә. № 2. «Не істедің ?» ойыны.
Оқушылар талдап, дәптерге орындайды.
–         Барлық сырға нешеу ? (сегіз)
–         Екі сырғадан неше рет алынған ? (4 рет)
–         Оны білу үшін не істедіңдер ? (қостық)
–         Домбыра, сырға қандай заттар ?
–         Сырға зергерлік бұйым, домбыра аспап.
–         Олай болса, қазақ халқының ұлттық бұйымдары, салт – дәстүрі жаңа заманға сай дамып, көркейе түседі екен.

№ 3. « Кім жылдам ?» ойыны.
(8,6, 10, 9, 12 ) санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастырдым. Интерактивті тақтамен жұмыс.

8 = 4 + 4                                       9 = 3+ 3+ 3
8 = 2 + 2 + 2 + 2                               12 = 4+ 4+ 4
10 = 5 + 5                                      12 = 3 + 3+ 3+3
10 = 2 + 2+ 2+ 2 + 2                         12 = 6 + 6
12 = 2 +2 +2 +2 +2 +2                      6 = 3 + 3
6 = 2 +2 +2

– Балалар болашақта әркім комьпютер арқылы өз білімін жетілдіретін болады. Электронды оқулықтар пайда болады, яғни мына сендердің жатқан оқулықтарың комьпютерде теріліп, әрбір адм өзіне керегін алып оқитын болады.

Б. Сергіту минуты. «Ақ көгершін » өлеңі.
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт ел ішін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп
Көз алмастан жолынан.
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы:
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.

Болашақта адамдар білімді, мейірімді, ізгілікке жаны жақын болатынын сендердің сөздеріңнен байқап тұрмыз.
Себебі: жаңа заман болашағы сендерсіңдер.

В. Көгершін тапсырмасы: «Ойлан, тап»

(12      6)         = 8

– Көгершін барлық әлемде бейбітшілік болады дегеннің белгісі, соғыс болмайды, әрбір халық, әрбір ұлт тату – тәтті өмір сүреді екен.

Г. «Наурыз мерекесі» суретпен жұмыс.
№ 4.

Түсті қағаз – 37 парақ                      – ? парақ
Ақ қағаз – ? 18 парақ артық

Шешуі: 37 + ( 37 + 18) = 92(парақ)
Жауабы: Барлығы 92 парақ

Түсті  қағаз – 37 парақ

Ақ қағаз – ? 18 парақ артық

Шешуі: 37 + 18 = 55 (парақ)

Жауабы: Ақ қағаз 55 парақ

Ғ. 5. «Кім шапшаң ? » ойыны.

х – 32 = 53
х = 53 + 32
х = 85

85- 32 = 53
53 =53

IV. Бекіту. Сұрақ – жауап әдісі.

–         Ендеше, құпия сөз сырын ашайық.
«2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін» сөзі шығады.

Міне, балалар, біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан болашағын барысқа теңеген. Өйткені: барыс текті, алғыр, тәкаппар, батыл аң. Болашақ тізгіні білімді, тәрбиелі жастар «Қазақстан – 2030 » бағдарламасы.

V.Бағалау.
VI.Үйге тапсырма: 149 – бет,№ 6
№ 5. Болашағымыз жарқын болсын балалар!

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.