Өзін – өзі тану. Елім деп соғар жүрегім.

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы Қ. Терібаев атындағы  орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Құсайынова Индира Бақытжанқызы

Мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адавмгершілік құндылық ретінедегі мәнін түсіндіру. Отанына,туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Отанға, туған жерге дегенмахаббаттың мәнін түсіндіру;
  • Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;
  • Отанына, туған  жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: үнтаспа, слайд, нақыл сөздер.

Сабақ барысы

Шаттық шеңбері:

Оқушылар үнтаспаға қосылып «Атамекен» әнін орындайды.

Әңгімелесу:

«Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі?
Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар?
Отанға деген сүйіспеншілік, құрметтеріңді қалай білдіресіңдер?

Мәтінмен жұмыс
«Оқып үйренейік» айдарымен берілген Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасымен оқушыларды таныстыру. Шығарманын ортасында сұрақ қою.

Қалай ойлайсыңдар қара шал қай жерді мезем отыр?
Мәтіннің соңында сұрақтар қою.
Қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
Қарттың туған жердің топыраған жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?
Өздерің туған жердің қасиетін қалай түсініп, бағалайсыңдар?

Дәйексөз:
Сабақта берілген аұпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында оқулықта М.Шахановтың «Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігінді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес» деген қанатты сөзбен таныстырып, өз ойларын айтқызу.

Өзіммен өзім

Оқушылар алдын ала дайындалған слайдқа назарларын аударады, үнтаспадан күй орындалады. Жақсы әуен мен слайдқа қарай отырып өз елі, туған жері туралы ойлап, соңында әсерлерімен бөліседі.

Сахналау

Сахналау әдістемелік тәсілінде оқушылардың орындаушылық шеберліктерінен гөрі, мәселені шешуі мен өз ойларын бүкпесіз ашық жеткізе алуларына баса назар аудару.Оқулықта берілген тапсырманы  рөлге бөліп оқып, өз ойларыңмен жалғастырыңдар.

Түйіндеме

Балаларға оқулықтағы «Назар аударайық» айдарыммен берілген ақпаратты мұқият қарап шығып, жадына сақтаудытапсыру.

Жүректен жүрекке: Оқушылар алдын – ала дайындалып қойылған журекшелерге өз тілектерін жазып, тақтада ақ ватманнан қиылған үлкен жүрекшеге кішкене жүрекшелерді іледі. Жансыз жүректі жандандырады.

Үйге тапсырма. «Елім менің Қазақстан» тақырыбында шығарма.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.