Асыл сөз (сыныптан тыс).

 Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағыбаева Айтолқын Жақашқызы

Тақырыбы:

Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын

 Сабақтың типі: білімді бекіту, жүйелеу
Сыныбы: 7 «а», 7 «ә»

      Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың интеллектуалдық ойын арқылы білімін бекіту, жүйелеу. Өз ойларын толық жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге баулу.
Сабақытың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, суреттер
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, сөзжұмбақ

Сабақтың өту жоспары:

І тур. «Білгенге маржан»
ІІ тур. «Әліппе»
ІІІ тур. «Құрастырма сурет»
IV тур. «Филолог және әдебиетші»
V тур. «Сөзжұмбақ»
VІ тур. «Қорытындылау, марапаттау»

Сабақтың өту барысы:

І тур. «Білгенге маржан»
6 кітап беріледі. Әрқайсысында сұрақтар жасырылған. Дұрыс жауапқа  1 ұпай. Мақал-мәтелді жалғастыр:

  1. «Жылы-жылы сөйлесең, …»     (жылан інінен шығады)
  2. «Ақымақтың ақылы …»               (түстен кейін кіреді)
  3. «Ер жігіт елі үшін туады, …»      (елі үшін өледі)
  4. «Батыр майданда, …»                         (болат қайнауда шынығады)
  5. «Өнерлі жігіт …»                                           (өрге озар)
  6. «Атадан ұл туса игі, …»             (ата жолын қуса игі)

ІІ тур. «Әліппе» Дұрыс жауапқа 1 ұпай.
І топ. Б-дан басталып, Қ әріпіне аяқталатын 5 сөз айту. /1 минут/

ІІ топ. А-дан басталып, Т әріпіне аяқталатын 5 сөз айту. /1 минут/

ІІІ тур
Оқушылар жасырылған суретті табу керек. /2 көмек беріледі/ Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

 


 

 

 Мәдениет үйі                                                                                                                                         Күшікбай

IV тур. «Филолог және әдебиетші»

1)    Екі топқа сөздерге дыбыстық талдау жасауға тапсырма беріледі.

Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

І топқа: «Егемен», «Елбасы»     ІІ топқа:  «Тәуелсіз»,  «Отан»

2)    Екі топ «Отаным тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында бір шумақ өлең шығару.

V тур. «Сөзжұмбақ»

Екі топқа жұмбақ жасырылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1)    Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта

Теңселіп, тербеледі адам соқса.

Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда  үндемейді адам жоқта.                                     /домбыра/

 

2)    Тұмсығы мықты,

Ой мен қырды, тегістеп шықты.                                     /үтік/

 

3)    Бір бұлбұл отырады салып әнді,

Жүруге аяғы жоқ, емес жанды.

Өнері қандай асқан деп ойладым,

Бір демде жер түбінен хабар алды.                               /радио/

 

4)    Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер.                     /қол/

VІ тур. «Қорытындылау, марапаттау»

Жеңіске жеткен топты марапаттау. Сайысқа қатысқан оқушыларға алғыс айту.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.