Excel – дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Графикалық объектілерді біріктіру (жаңа тәсілмен жасалған сабақ).

Айна Закирова. Алматы қаласы, №175 “Жаңа ғасыр” мектеп-гимназиясының информатигі.

Сабақ атауы

Сілтеме
Интернет материалдары (сайт Google.kz), 8-сынып оқулық-Шевчук.  Infust.kz – оқушылар шығармашылығы.

Жалпы мақсаттар
Диаграмма  туралы ұғым қалыптастыра отырып, оны басқаруға , құруға дағдыландыру. MS Office Excel-дің   кестелік процессорының  графикалық мүмкіндіктерін  пайдалану  оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу. Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын қалыптастыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың топпен  жұмыс істеу, ой қорыту салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту;

Оқыту нәтижелері
[  MS Office Excel-дің   кестелік процессорында диаграмма құру, графикалық мүмкіндіктері туралы ұғым қалыптастыру.
[ Жұппен және топпен жұмыс жасауда пікір алысуға, бір-бірінен үйренуге  жетелейді.
[ өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік;
[ өз пікірін дәлелдейді , басқалармен келіседі немесе келіспейді.
[ өзін және өзгені бағалайды..

 Негізгі идеялар J Оқушының сөйлеу  және бір-бірімен қарым –қатынас жасау біліктіліктерін дамытуда диалогтік оқытудың тиімділігін құра білдім. Оның тиімділігі сабақтағы жайлы атмосфераның қалыптасуы, оқушы мен мұғалім арасындағы  ынтымақтастықтың қалыптасуына әсер етуі.  Білу/Түсіну/Қолдану ғана емес оқушылардың кейіпкерлер іс – әрекеттеріне ойлана талдау жасауы.J Өзінің білмегенін қасындағылардан үйрене отырып, қалай оқуды іске асыруға болатындығын түсінуі және  өзін бағалай білуі.
Сабақтың барысы1-    әрекет :Ұйымдастыру кезеңі:

  • Ø Оқушылармен сәлемдесу
  • Ø Оқушыларды түгендеу
  • Ø оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру

Оқушылар стикерлерге бір-біріне күнінің сәтті өтуіне тілек жазады. (3 минут)

2- әрекет

–       Диаграмма типінің атымен 2 топқа бөлінеді. (Гистограмма, Графикалық)  атауымен  үш топқа бөлу. 1 минут

3 – әрекет:

Жаңа мазмұнды ашу мақсатымен топтық жарыс  оқушыларға «Сөзтізбе

беру». (2 минут)

4 – әрекет:

А)  Мазмұнды ашу мақсатымен жаңа сабақты оқушылардан сұрау арқылы презентацияда дайындалған арнайы слайдтар арқылы талдау. Ол жерде талқыланатын сұрақтар:

  1. Диаграмма туралы не білесіңдер?
  2. Диаграма қайда қолданылады?
  3. Диаграма құрудың  қолайлылығы, тиімділігі неде?

(5 минут)

Ә) Оқушыларға жаңа сабақ туралы  толық мәлімет беретін таратпа қағаздар тарату.

Талпынған бала талапты құстай…”

Жаңа білімді қолдану – жаңа сабаққа практикалық жұмыстар.

а)  2 топ , әр топ мүшесіне әр түрлі диаграмма типін таңдау арқылы топ мүшелерінің сабақ үлгеріміне диаграмма құрады.

ә)   1 –топ  төмендегі  y=x 2  функцияға графика типін таңдап диаграмма тұрғызыңдар.

х у
2 4
4 16
6 36
8 64
10 100
2 144

2- топ  Төмендегі кестеге гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.

Қазақстан халқының ұлттық құрамы (%)

1926 1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009
Қазақтар 57,1 38 30 32,6 36 39,4 50,7 63,3
Орыстар, украиндар, белорустар 33,1 51,5 52,1 51,1 48,1 44,3 37,7 23,3
Басқа ұлттар 9,9 10,5 17,9 16,3 15,9 16,3 11,6 13,1

в) Әр топ өз жұмысын қорғайды – 3 минут

Жабдықтар:

  • Интерактивті  тақта;
  • проектор ;

5 әрекет: «Біздің дүкен»  тапсырмасы. 2 топ алдыңғы сабақтарда өткен формуланы енгізу, есептеу әдістері арқылы өз дүкенінің тауарлар атын, бағасын, түсетін пайданы үлесін есептеп сол жәрмеңке логотипін жасайды.

Логотип компьютерде де, таратылған флипчарттарда да орындалып қорғалады.

6 – әрекет:

Рефлекция. 3 топ жаңа сабақта өтілген жаңа ұғымдарды кірістіре отырып, сөзжұмбақ құрастыру. Бұл тапсырма

MS Office Excel-дің   кестелік процессорында орындалады.Әр топ өз сөзжұмбақтарын интерактивті тақтада көрсетіп, басқа топтар оны шешеді.

Бағалау. Жеке бағалау парақтары арқылы топ басшысы бағалайды.

Жабдықтар:

  • интерактивті тақта;
  • флипчарт ;
  • фломастерлар;
  • үлестірмелі қағаздар.
  • компьютер

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.