И-8. Деректер базасы. Деректер базасымен жүргізілетін амалдар.

Айна Закирова. Алматы қаласы, №175 “Жаңа ғасыр” мектеп-гимназиясының информатигі.

Сілтеме
Интернет материалдары (сайт Google.kz), 8-сынып оқулық-Шевчук.

Жалпы мақсаттар
Деректер базасы  туралы ұғым қалыптастыра отырып, оны басқаруға , құруға дағдыландыру. Электрондық кесте  MS Office Excel-де  деректер базасын құру. Деректер базасын құруда қолдану дағдысын қалыптастыру. Деректер базасын пайдаланып оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу. Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын қалыптастыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Оқушылардың топпен  жұмыс істеу, ой қорыту салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту;


Сабақтыт талдау:  Жаңа мазмұнды оқытудың  қашықтықтан оқыту кезеңіне өткен кезде теориялық алған білімімді  практикамен ұштастыру мақсатында таңдап алған  8 «И» сыныбына «Деректер базасы. Деректер базасымен жүргізілетін амалдар» тақырыбында сабақ өттім. Сабақ барысын ұйымдастыру кезеңіне бастадым.  Бұрын  сабақтарда (яғни кусқа дейінгі) осы кезеңде мен тек оқушылармен амандасып, оларды  түгелдеумен шектелсем осы сабақты да алдыңғы сабақ іспеттес сыныпта жағымды  атмосфералық ахуал қалыптастыру мақсатымен  оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, бір-бірінің қолынан алып, есімінің бас әрпіне сәйкес бір-бір жағымды сөз тіркестерін қосып тілек білдірулерін өтіндім. Осыдан оқушылар,  Динара-дарынды бол, Бекмұрат-батыр бол, Досқали-дана бол, Әлия-әдемі бол, Әділет-әйгілі бол, Берікбол – уәдеңе берік бол және т.б. сияқты тілектер білдіріп жатты. Осылай сабақ сыныпта жағымды атмосфералық ахуал қалыптастырудың оқушыларды бір-біріне жақындап, көңіл күйлерінің көтерілуіне өз әсерін тигізетініне көзім жетті. Шаттық шеңберінен отырмай жатып оқушыларға менің үстелімде жатқан үш офитік программалардың аты жазылған қағаз қиындылары таратып, сол бойынша өз парталарын табуды өтіндім. Осылайша мен оқушыларды 3 топқа бөлдім. Олар  Word, Excel, Power Point деген атаулар болды. Топқа біріккен оқушылармен бірге сабақтық келесі кезеңі үй тапсырмасын сұрауға көштім.Үй тапсырмасын сұрауда мен  MS Office Excel терезесінің құрылысын сұрау мақсатымен таратпа қағаздар тараттым. Ол қағазда терезе бейнесі бар, сол терезенің  әрбір компонентінің атын жазу керек болды. Бұл тапсырмаға мен 5 минут уақыт бердім. Үй тапсырмасын сұрап болғаннан кейін оқушылармен жаңа сабаққа бағыт беру мақсатында мен арнай презентацияда дайындалған   деректер базасы олармен жүргізілетін амалдар мәселесі төңірегінде ой бөлістім. Осы кезде мен оқушылардан: Деректер базасы дегенімізді естігендерің бар ма? Ол қайда қолданылады? Оны компьютерде жасау қаншалықты қолайлы деген сұрақтарға жауап алдым. Жауап алу   барысында кейбір оқушылардың жаңа тақырып жөнінде кейбір ақпараттарды білетіні анықталды. Мысалы: Әлия – Мен деректер базасын «Технодомда ноутбук алу кезде кестестірдім. Оның осы салада қолайлы екеніне сол кезде көз жеткіздім деп жауап берсе, Бекмұрат – апай оны азаматтарды тіркеу бөлімінде кездестіруге болады. Осы салада ол кез-келген азаматты тез табуға қолайлы деп атап көрсетіп кетті. Деректер базасы жөнінде талқыоап болғаннан кейін мен оқушыларға жаңа сабақ жөнінде толық ақпарат беретін таратпа қағаздарын тараттым. Ол ақпаратты оқушылар топта оқып, талқылады. Осы талқыда олар өз ойларын флипчарттар мен компьтерге паралель түсірді, яғни тапсырма әр топ өз деректер базасын ұсыну керек болатын. Өз ойларын қағазға және электронды нұсқада дайындалған топтарға қорғауға 3 минут уақыттан берілді. Әсіресе: үш топтың ішінде маған әсер қалдырғаны  «Excel» тобының электронды нұсқасы болды. Онда олар мектеп оқушыларының деректер базасын құрды. Базада тек оқушы туралы мәлімет ғана емес оның ата-анасы, олардың жұмыс орны сияқты ақпаратпен де танысуға болады. Бұл топ осы деректер сынып жетекшілеріне қолайлы екендігіне де тоқталып өтті. Өз жұмыстарын қорғау барысында оқушылар бір-біріне сұрақтар да қойып жатты. Мысалы: кітапхананың кітаптары  деректер базасын құрған «Word»  тобындағы  Гаухарға «Power Point» тобындағы – Жанерке сен өзің ұсынып тұрған деректер  базаңды тағы да қалай дамытар едің  деген сұраққа,  мен өз деректер базамды дамыту үшін арнайы құрылғылар, яғни әр оқырман кітапханаға кіргенде кітап жөніндегі мәліметті ілініп тұрған таблодан өзі ашып біле алатындай етіп дамытуға болатын еді деп жауап берді. Жаңа тақырып бойынша оқушыларға 2-тапсырма берілді. Ол осы деректер базаның 3 түрлі жіктелуіне байланысты оларды ВЕНН диаграммасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын  бейнелеп көрсету керек болатын. Бұл тапсырманы да оқушылар өте жақсы орындап шықты. Сабақтың келесі рефлексия  кезеңінде  презентацияда дайындалған сұрақтар қойылды. Сұрақтар әрине жаңа сабақ бойынша құралған болатын. Оқушылар сұрақтарға топпен жарыса отырып жауап берді. Осыдан мен оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігіне көз жеткіздім. Бағалау кезеңінде сайланған топ басшылары топ мүшелеріне балл қойды. Қойылған әр балға олар түсініктеме беріп кетті. Мысалы: «Word»  тобының басшысы Таңшолпан топ мүшесі Берікболға сен бүгін сабаққа белсене қатыспадың, топтық талқылауға да, сұрақтарға да қатыспай, тек сен флипчарттқа деректер базасын түсіруге ғ

ана көмек көрсеттің деп 5 балл, яғни 3 деген балл берді.

Сабақтың ұтымды жақтары:Сабаққа қойылған мақсатқа жетіп, жаңа сабақ туралы оқушыларға ұғым қалыптастырып, берілген тапсырмаларды орындата білдім есептеймін. Сабақта қолданған жаңа әдіс-тәсілдердің оқушыларға қызықты, болғанын пікір алу барысында көз жеткіздім.

Сабақтың кем тұстары: Жаңа әдіс-тәсілдің оқушыларға ұнады десек те, олардың әлі де болса жаңа әдіске төселмегендігі, ойларын еркін жеткізе алмауы, кейбір айтылған пікірлерді аяғына дейін тыңдай білмеуі,  үлгерімі төмен оқушылардың тотық жұмысқа белесене қатыспауы сияқты жайттар орын алды.

Өз сабағыма ұсынысым: Әлі болса түрлі әдістерді қолданып, тапсырмаларды түрлендіру. Берілетін кейбі тапсырмалар туралы оқушылардың пікірімен де санасу керек деп есептедім

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.