3-сынып. Ойна да, ойлан (сыныптан тыс).

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ажы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Ахметова  Айтжамал Рахымбекқызы 

Тақырыбы: 
Сабақтың мақсаты: математикалық есеп шығару арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаң, қатесіз есептерге баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі; тақырыпқа сай суреттер,ойындар,тапсырмалар жазылған плакаттар.

      Сабақ барысы.

Ұйымдастыру бөлімі
-Сәлеметсіздер ме,жиналған көпшілік! Кешті ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем. Қызықты математика атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
-Сіздер бүгін математикалық монтаж ,қызықты есептердің ,фокустардың куәсі боласыздар.
Математика өмірде . Математикалық  монтаж.

1-оқушы
Білім теріп ,бейнетінен қашпаймыз,
Оқу жылын бестікпенен бастаймыз
Жыл бойына жақсы оқимыз біз сонда
Білімменен достасамыз жастай біз

2-оқушы
Терең ғылым сананың ,
Тегі деп ой саламын
Маңыз беріп оқимын,
Есептану сабағын.

   -1.Логикалық сұрақтар.
а)1кг түбіт ауыр ма,1кг қорғасын ауыр ма?
ә)Қорада тауықтар мен қояндар бар.Олардың бастарының саны 19,ал аяқтарының саны 40.Сонда қорада неше қоян ,неше тауық бар?
б)Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұрып мүмкін бе?
в)Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағаттан ойнады.?

     2.Математикалық жұмбақ.
а) Бір қазақ қалаға бара жатыр еді,жолда үш танысы қарсы шықты.Қанша адам қалаға барды?
ә) Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі,
Кәне, кім тез шешеді?

в)Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі,ал бір жұмырқа неше минутта піседі?
3. Математикалық тақпақ.
Мұз айдында 15 бала,
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай 8 бала
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар балаға
Қосылды тағы 5 бала
Сонда барлығы қанша бала?

2.Қаздар қанша?
Көлден ұшты  40қаз,
Қайтып қонды 15 қаз
Қонбады оның нешеуі?
Кәне кім  тез шешеді?
4.Қызықты есептер.
1.7 Ағайынды ұлдың 1-ден қарындасы бар.Жан ұяда барлығы неше бала бар.?
2.2 қайың өсіп тұр.Әр ағашта 2 бұтақ ,әр бұтақта 2 алмұрттан.Барлығы неше алмұрт?
3.Айгүл мен Айнұр  апалы сіңлі.Олардың әрқайсысының бауырлары бар.Жанұяда неше бала бар?

Қорытынды

Сен білесің бе?
Қазақша аудан өлшемдері.
1.Түймедей
2.Теңгедей
3.Ат төбесіндей
4.Алақандай
5.Туырлықтай
6.Ауыл аймағындай

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.