Информатика-8. Жас информатиктер.

aisholpan000Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы Мұхтар Әуезов атындағы №6 орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі Рсалиева Айшолпан Қуанышқызы
Сабақтың тақырыбы
Түрі          8г, 8д – сынып оқушылары аралығындағы  жарыс-кеш
Мақсаты      Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау,   бақылап, бағалау.  Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын  дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын,   белсенділігін арттыру.
Көрнекіліктер:     компьютер,  мультиэпипроектор,  слайд,  құлаққалқалар.

Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жарысқа тамашалауға келген қонақтармен, жарысқа қатысушы оқушылармен сәлемдесу.
II. Жарыс –кешті ашу. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
III. Топ ойыншыларын ортаға шақыру.
IV. Ойын бағдарламасымен  таныстыру.

1-кезең Таныстыру  «Салем-сөздің анасы»
Әр топ топтарының аттарын, эмблемаларын, девизімен таныстыру.

2-кезең Сұрақ-жауап «Кім жылдам?»
Бұл кезеңде әр топқа сұрақ бірдей қойылады,  оқылған 15 сұраққа 1минут ішінде тез, әрі дұрыс жауап беруі керек.

3-кезең  «Түсін мені» ойыны.
Шарты:   Экраннан берліген суретті, топ басшысы шығып, өзі көрген суретті бір-біріне тұспалдап түсіндіреді.

4кезең «Есептер сыры»
Бұл кезеңде экраннан берілген есепті 5 минут ішінде жылдам әрі дұрыс шығару керек.

Көрермендермен ойын.

5-кезең   «Шешендерге сөз берсек…»
Үйге берілген тапсырма бойынша «Компьютердің пайдасы»  және «Компьютердің зияны» тақырыптары беріледі, олар осы тақырып аясында сөз сөйлеп, қорғау қажет.

6-кезең  «Ұшқырлыққа саяхат»
Шарты:  Бұл кезеңде экраннан сөз беріледі, осы сөзден әрбір команда  сөз құрау керек.

V. Жиналған ұпайларды санап топ жеңімпаздарын марапаттау.
Келген қонақтарға сөз беру.

VI. Қорытынды.
Жүргізуші:       Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар, оқушылар!
Бүгінгі өтілетін «Жас информатиктер» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,

Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекші заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! Осыған орай 8 «Г» және 8 «Д» сыныптар аралығында жарыстар өтіледі. Жарысқа қатысатын топтармен таныс болыңыздар.

8 «Г» сыныбынан құралған команда  «Жас прогер» тобы.
8 «Д» сыныбынан құралған топ  «Программист» тобы.

Енді әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!




Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізгелі отырмын.
Енді сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

6 кезеңнен тұрады:
1-кезең Таныстыру  «Салем-сөздің анасы»
2-кезең Сұрақ-жауап «Кім жылдам?»
3-кезең  «Түсін мені» ойыны.
4-кезең «Есептер сыры»
5-кезең   «Шешендерге сөз берсек…»
6-кезең  «Ұшқырлыққа саяхат»

Енді жарысқа дайынбыз ба?

1-кезең
Талаптың мініп тұлпарын
Келдіңіздер бүгін жарысқа
Танысып енді топтармен
Командалар сөз баста
Сәлемдесу салтымен
Сөз берелік әр топқа- деп

1) Сөзді  «Программисттер» тобына береміз.
2) «Жас прогер» тобы өздерін таныстырса.

2- кезең.

Қанеки,ойлан тап жылдам,
Тосырқап тағы сен тұрмай,
Келесі сайыс шарты бұл
Жауап бер, айтшы «кім жылдам?»

Шарты:  Бұл кезеңде әр топқа сұрақ бірей қойылады, оқылған 15 сұраққа 1 минут ішінде тез, әрі дұрыс жауап беру керек.

1. Компьютердің ең негізгі құрылғылары?
Жауабы:Жүйелік блок,пернетақта,монитор
2. Компьютердің миы деп нені айтады?
Жауабы: процессор
3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?
Жауабы: бит
4. Ақпаратты кері кодтау қалай аталады?
Жауабы: декодтау
5. 1байт неше биттен тұрады?
Жауабы: 8 бит
6. Сурет салуға арналған бағдарлама?
Жауабы: Рaint
7. Принтердің неше түрі бар?
Жауабы: 3
8. Компьютердің атасы кім:
Жауабы: Ч.Бэббидж
9. Калькулятордың неше түрі бар?
Жауабы: 2
10. Жою пернесі?
Жауабы: Delete
11. Екілік жүйенің сандары:
Жауабы: 0 және 1
12. Информатика нені зерттейді?
Жауабы: Ақпараттық процестерді
13. Компьютер жанына қойылатын өсімдік?
Жауабы: кактус
14. Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды?
Жауабы: 1946жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде
15. Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі:
Жауабы: Caps lock

3-кезең.
Ыммен айтар ойынның шартыменен,
Қиналар ол «Түсінші мені» деуменен
Шын алғыр озып шығар бұл сайыста
Жасырған сөзді тауып ымдауменен

Шарты:  Экраннан берілген суретті, топ басшысы шығып, өзі көрген суреттті  тобына тұспалдап түсіндіру.

4-кезең.

Есептер сыры –қиын-ақ,
Тез,тап,ойлан жылдамдап.
Шешуін тапсаң ойланып,
Есептер деген-қызық-ақ.

5- кезең
Шешендерше  сөзді толғайық
Сөз өнерін саптап қолдайық
Суырылып сұлу сөз сөйлеп
Аталар ізін жалғайық –деп келесі кезеңді бастаймыз..

Екі командаға тапсырма үйге берілген болатын. «Компьютердің пайдасы» және «Компьютердің зияны» туралы тақырыпта хабарлама жазып, дайындап келіп, оны қорғау.

Компьютердің пайдасы туралы «Программистер» тобы сөз қозғайды.
Компьютердің зияны туралы, даттаушылар  «Жас прогер» тобы.

6-кезең
Жасалық ұшқырлыққа саяхатты
Ойы ұшқыр, өзі жүйрік алға шықты
Әріптерді сөйлетіңдер сөз тудырып,
Шаршамай іске қосып шапшаңдықты

Шарты:  Бұл кезеңде экраннан «ПЕРНЕТАҚТА» сөз беріледі, осы сөзден әрбір команда сөз құрау керек.

Ендігі кезекте  екі команда оқушыларының ән шашуын қабыл- алыңыздар.
Шіркін сайт
Шіркін  ұнайды
Шіркін интернет
Шіркін керемет
Біз ғаламның жастары,
Жаңалыққа талпынған,
Өнер сүйіп алға озып
Бойымызға сыр тұнған
Шіркін сайт
Шіркін  ұнайды
Шіркін интернет
Шіркін керемет
Компьютерді үйренген
Интернетті меңгерген
Біз жастармыз үлгілі
Озық болған білімнен

Ендігі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.