8-сынып. Компьютерлік вирустардан қорғау.

Шығыс Қазақстан облысы,  Тарбағатай ауданы,  Ақсуат ауылы  № 2 Ақсуат орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Болысова Гүлмира Мақсұтқанқызы.   

Сабақтың мақсаты:  Компьютерлік  вирус және вирустарды   қорғау программаларымен танысады.
Міндеттері:
1. Оқушылармен компьютерлік вирус  ұғымын,  олардан қорғану жолдарын түсінеді.
2. Оқушылар оқулықтан (компьютерден SIN.KAZ) тексті оқып өз ойларын айтып, шығармашылық қабілетін дамытады.
3. Бір- бірінің пікірін тыңдап, сыйлай білуге , жаман мен жақсыны ажырата білуге үйренеді.

Сабақтың түрі:  Жаңа тақырыппен таныстыру.
Әдіс тәсілдері:    Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау.
Көрнекіліктер: 8 сынып оқулығы, компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық. 
Стратегиялар:  
Екі жақты күнделік.
Дискуссиялық карта. 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру.

II . Үй тапсырмасын сұрау.

Интерактивті тақтада «Рет бірлігін анықтау»  тест сұрақтары жазылып сақталған.                                 

1. Қызығушылықты ояту.                                                                                                                     

Интерактивті тақтада: жанды сұрақ, тақпақ жолдары оқылады.                                          

а)  Ақпараттану күнбе – күн,     

Өрге басып келеді.   

Программа  зиянкес                                                                                                               

Компьютерге енеді,,,,, ?

б)    Ақылды машиналардың дұрыс жұмыс істеуін қиындататын, айтарлықтай проблемалар туындататын…? 

Жауабы :Вирус

 2. Мағынаны ажырату. Олай болса бүгінгі өтетін  жаңа тақырыбымыз

§ 5.5. Компьютерлік вирустар .

Электронды оқулықтан  №4 Модульді жүктеп, вирустар тақырыбын оқыту.             Екі жақты күнделік кестесімен жұмыс.

Маңызды жолдары Не үшін маңызды?
 

 

 

1)    Көршілеріне маңызды сөйлемдерін оқып беру.

2)           Екі оқушы ойларын ортаға салады. (көршіңнің жазғаны, есінде ме? сұрағын қоямын)

3)    Оқулықты қайта ашқызып тоқтаған жерлерінен бастап ары оқыту.

4)    Мәтінді  оқып, болған соң не істеуге  болатынына көздері жетеді.

5)   Сұрақ қою.               Вирустардың пайдасы бар ма?

Иә Жоқ
   

 

 

6)    Дискуссиялық  карта

Сергіту сәті. «Мен мақтанамын»

3 . Ой толғаныс.

Дискуссия (Дебат) 

а)Иә  дегендер жауапты жазғандар                            б)Жоқ  деген жауап жазғандар                                  в)Ортаға кімнің ойында күдік бар солар отырыңдар.

-Топтың ішіндегі әр адамға өз ойын айтқызу.

– Көңіл қойып тыңдау керек.

Ой жинақтау үшін электронды оқулықтан  тест орындату

ІІІ.Бағалау.  Оқушылардың  айтқан пікірлеріне, тестен жинаған балдарын ескеріп баға қою.

 Сабақтағы түсірілім, 8 сынып оқушылары.

Екі топтың дебат кезіндегі ақылдасу сәті.

1-ші топ

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.