Ш. Мұртазаның «Қара маржан» романы.

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ынтымақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің жоғарғы санатқа үміткер мұғалімі Исина Алданыш Жолбарысбекқызы

Сабақтың  тақырыбы:
Сабақтың  түрі: сот сабағы, жалпы сыныптық .
Сабақтың типі: проблемалық , қалыптан тыс.
Сабақтың  мақсаты: романды жалпы шолып талдау.
Сабақтың білімділік міндеті: кейіпкерлердің тағдырларын таныта білу, автор ұсынған негізгі идеяны айқындау.
Дамытушылық міндеті: ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік міндеті: әрбір оқушыны жаманнан жақсыны айыра білуге, жаманнан қашып, жақсыны қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:талдау-жинақтау, сұрақ- жауап.
Сабақтың ұраны:
Жақсы жүрген жеріне кент салады,
Жаман жүрген жеріне өрт салады.

Кіріспе сөз.  –Балалар, біз өткен жолы Ш. Мұртазаның өмірі мен шығармашылығымен таныстық. «Қара маржан» романы да сендерге таныс. Қосымша сабақта оқып талдадық .

Бұл роман өндіріс тақырыбына арналған. Бүгінгі жұмысшы өмірін, білімді ізденімпаз инженер, геологтар тірлігін айқын көрсеткен.Басты кейіпкерлер Нариман мен Жарас қана емес, Ақан қарт,Әділ, Мәрзия, Таңшолпан, Женя Антонов, Ақыраповтар – дараланған мінездерімен жақсы ашылған бейнелер. (қысқа түрде романға шолу жасау).

«Қара маржан» романы бойынша сот сабағын бастаймыз.

-Кәне, сот келеді орындарыңыздан тұрыңыздар!

Сот төрағасы:-сіздерге оқиға барысы жақсы таныс. Нәртас кенішінің бас инженері , романдағы басты кейіпкер Нариман тағдыры сөз болады.Нариманға қастандық жасаушы-

лар өз жазасын алуға тиіс. Романдағы Әділ өмірі трагедияға толы. Бүгін соны анықтайық.

Айыптаушы:-Нариманға қастандық жасаушы – Жарас Хамзин. Ол-Нариманмен бірге оқып, бірге өскен жігіт.Нариманның ерекше қабілетін көре алмады. Нариман мектепті алтын медальмен бітірді. Жарас Нариманның Сарыбай кенішін судан құрғату жөніндегі ашқан жаңалығын өз пайдасына пайдаланып, кандидаттығын қорғады.

Нариман:-Рас, менің ашқан жаңалығымды пайдаланды. Бірақ мен оны сотқа бермедім, кейін өзі түсінер деп ойладым. Ар-ұяты жанын жемей ме?

Жарас:- мен сені осы адалдығың үшін жек көремін. Сондықтан сенімен кездескім кел-

мейді. Екеуміздің алыста, көз көрмес жерде жүргеніміз жақсы.

Айыптаушы:-Жарас Хамзиннің қастандығы бұнымен бітпейді.Ол Нариманның ұнатып жүрген қызы Таңшолпанды алып қашады.Нәртасқа жұмысқа келгенде оны аяқтан шалып,

елге жамандайды. Сыбайласы Аманқұл Ақыраповпен серуенге алып шыққанда да, қаскөй ниетте болады.Мылтық өзі атылып кетті деген сылтаумен атуды да ойлайды. Қолдың асыранды арқарын атып, табиғатқа да зияндық жасады.Бір басында қылмыстары жеткілікті.

Сот төрағасы:-Бұл жөнінде  мәтінмен жұмыс жүргізген сарапшыларды тыңдайық .

Бірінші сарапшы:-Романда  Жарастың кінәлі екендігін растайтын фактілер көп. Көре алмаушылық , қызғаншақтық қасиет Жарастың бойында бар.Оны мына бір сөзінен байқауға болады.-Асатпай жатып құлдық деп, келмей жатып бас инженерлікті ұстата салу тым мырзалық сияқты Константин Александрович . «Адамды тану үшін бір пұт тұз жеу керек» деген орыс мақалын ұмытқан жоқ шығарсыз. Бас инженерліккеА. Ақыраповты қою керек. Өзіміздің кадр. Ал Данаевтың маскүнем екендігін мен білемін, тіпті ол авария жасаған-дейді. Шындығына келетін болсақ ,болған істің өңін айналдырып айтқан. Тіс ауруына байланысты сауықтыру орнында болғаны рас. Оған бұл кінәлі емес. Аварияға байланысты да соны айтуға болады.

Екінші сарапшы:- Жарастың жасаған жамандығы өте көп. Сөзіміз дәлелді болу үшін фактілерге жүгінейік.Жарас Аманқұлға былай дейді :-Нариман  карьердегі «жаппай жарылысын» жасай берсін. Сен қарсы бол,кейін айтуға жақсы. Бірақ оның «жаппай жарылысы» Нариманды жарып жібереді. Оның себебін саған өзім саған айтамын. Осы ниетпен оны сүріндіреді. Әділге де зиянын тигізеді.

Әділ:- Кезінде өзіндік ой-пікірім бар, адалдықты ту қылып ұстаушы едім. Менің түбіме жеткен- арақ. . Осының кесірінен әйелім Мәрзия мен балам Ермектен айырылдым, азғын-

дық  жолға түстім. Қыздырманың қызыл тіліне еріп, Нариманға ор қаздым.Ақыры түбіме жетті.

Мәрзия:- Жастықтың әсері ме, семья құруға үстірт қарадым. Балам Ермекті тірі жетім еттім. Әке-шешемді ел бетіне қарағысыз қылып, Әділден ажырастым. Әділ адал болатын, кісіге қиянаты жоқ еді. Арақ ішіп, адамдық жолдан кетті. Бақытымды Нариманнан таптым.

Бірінші сарапшы:-Нариман мен Мәрзияның бақытты өмірлеріне тосқауыл қойылып келді. Оны бастайтын-Аманқұл, нұсқау беруші-Жарас. Олар Әділді жақсы пайдаланды. Аздаған тиын-тебен беріп, тәтті сөзбен алдап отырды.

Сот төрағасы:-Әділді пайдаланып жасаған әрекет немен аяқталды?

Бірінші сарапшы:-Әрине, сәтсіздікпен.Әділ істеген қылмыстарын хат арқылы хабарлайды.

Сөйтсе «жаппай жарылысқа» тек аммонит қана пайдалану керек екен.Ал олар аммонал салып шығынға ұшыратқан.

Бұдан кейін сөз алған ақтаушылар өз көзқарастарын білдірді.Барлығы роман желісі бойынша сөйледі. Сот өз мүшелермен сарапқа сала отырып, мынадай шешімге келді. Жарас өз жазасын алды. Оны ар жазасы жазаламақ. Бұдан өткен жаза жоқ- деп шешті.

Қорытындылау.
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы баптарды  еске түсірдік.
Роман бойынша сұрақтар қойылды.

Үйге: Жазушы туралы қосымша мматериалдар дайындау.

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.