Инф-5сын. Сабақтың тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны.

Шардарбекова Меруерт
Информатика пәнінің мұғалімі
Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы
Тараз қаласы

Сабақтың көрнекілік материалдарын (сж+прз) осы жерден көшіріп алыңыз.

Сабақтың тақырыбы:«Білім биржасы» зияткерлік ойыны.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.

Ойын барысы: Ойынға 5 адамнан тұратын 3 топ қатысады. 5 адамнан бөлек 2 жүргізуші,
лотоны жарнамалап көрсететін 1 қыз болады. Ойын 4 турдан тұрады.

І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.

ІІ тур. Эрудиттер сайысы. Топтар оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.

ІІІ тур.Таңдау – табыс. Әрбір топ таңдаған пән бойынша берілген тапсырманы орындайды.

ІҮ – тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.

Қажетті құралдар: күміс қобдиша, «Ұлы тұлғалар галереясына» ұсынылған портрет, әртүрлі купюрадағы «эвролар» («эврика» сөзінен шыққан зияткерлік ақша бірлігі)

Техникалық құрал: компьютер, проектор, микрофон, жылжымалы экран.

Бағдарламалық жабдық: жасалған слайдтар, Excel-де жасалған бағалау парағы

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).

«Болашақ» дарындылар тобы: 5 «А»

Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

«Эврика» – тапқырлар тобы 5 «Б»

Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

«Асыл тас» білгірлер тобы 5 «Г»

Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Гимназияның көкке шырқар қыранымыз.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», – деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «эврика» сөзінен алынған «эвро» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 эвродан бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.

Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 10 эвро. Топ капитаны бағаны 10 эвродан жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.

Аукционға №1 лот – Ежелгі дүние жүзі тарихы пәні қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10 эвро. Қай топ жоғары баға береді? …………тобы бір, ……….тобы екі, ………….тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына ……..эвро қосады.

Сұрағы: Әлемде адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, олардың сырт келбеті – түрі- түсі, шашы, көзінің түстері, бас сүйегі мен бет пішіні, нәсілдері бір-бірінен өзгеше болып жаратылады. Оның себебі не?

Жауабы: табиғат ерекшеліктеріне байланысты.

№2 лот. Аукционға математика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)

Сұрағы: Үш ат жегілген шана 1 сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай?
Жауабы: 15 км/сағ.

№3 лот. Ұлы тұлғалар галереясы. (Сауда жүргізіледі)

Сіздердің назарларыңызға (проектор арқылы экраннан көрсетіледі) ұсынылып отырған Ұлы тұлға – бала би деген атақтан дана би деген атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғандағы сөздері бізге жеткен. Яғни, «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Еліміздің құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз». Бұл Ұлы адам кім?
Жауабы: Қазыбек би

№4 лот. Аукционға орыс тілі пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)

Вопрос: Найдите лишнее слово в ряду:

Загадка, задача, ребус, игра, шарада
Жауабы: ребус

Назар аударыңыздар!

№5 лот. Күміс қобдиша. (Сауда жүргізіледі). Қобдишада не жасырынған?

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар!

Жауабы: тышқан, (компьютердің енгізу құрылғысы)

№6 лот. Аукционға қазақ әдебиеті пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі).

Сұрағы:

–        Өзің білмес ісіңді
Білгендерден сұрап біл.
Өліп жатсаң, наданнан
Қабіріңді жырақ қыл! – деген өсиет сөзді кім айтты және қай шығармадан алынды?
Жауабы: «Жиренше мен Қарашаш сұлу» әңгімесі (шешендік сөзі), Жиреншенің сөзі,

Осымен І – тур аяқталды. Қорытындысын экраннан көре аласыздар. Жоғары капитал жинаған топ….

Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт – 2 минут. Әрбір дұрыс жауап құны – 10 эвро. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше,

«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті» – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт!

ІІ – тур. Эрудиттер сайысы.

№1 топқа арналған сұрақтар:

Сұрақтар

  1. ҚР Мемлекеттік туының авторы кім?
  2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады?
  3. Қазақстанның Республика күні
  4. Қазақ тілінде дұрыс оқылу заңдылығы қалай аталады?
  5. Сөздің ең кішкене бөлігі
  6. Сөз және оның мағынасын зерттейтін сала
  7. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді
  8. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады?
  9. 640 саны 5-ке бөліне ме?

10.  1 километрде неше метр?
11.  Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан?
12.  Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы
13.  Paint графикалық редакторында неше құрал бар?
14.  Пернетақтада Ғ1 –ден Ғ12-ге дейінгі пернелер қалай аталады?
15.  Тарих атасы кім?
16.  Тасқа салынған адамдардың, жануарлардың суреттерін қалай атайды?
17.  Белгілі жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер
18.  Часть речи, которая обозначает предмет и отвечает на вопрос кто? Что?
19.  Женский, мужской, средний. Это?
20.  Слово, противоположные по значению называются…………..
21.  «Юлиан күнтізбесін» кім жасады?
22.  Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылым
23.  Көбелек, қоңыз, инелік, шыбын-шіркейді бір сөзбен не дейді?
24.  Ұя салмайтын құс
25.  «Д» қандай дыбыс?
26.  Суыққа ең төзімді құстар
27.  Жердің су қабатын қалай атайды?
28.  Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит
29.  Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ дыбысталуы әр түрлі сөздер тобы
30.  Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе?

ІІ – тур қорытындысын экраннан көре аласыздар.

Енді, «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», – деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.

ІІІ – тур «Таңдау табыс» деп аталады. Әр топ ұсынылған пәндерден біреуін таңдап, берілген тапсырманы орындайды. Сұрақ құны – 50 эвро. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.

ІІІ – тур «Таңдау – табыс». Қазақ тілі

Екі буынды екі сөздің бірінен-бірінің айырмашылығы – бірінші дыбысында.

Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса, құс аты болады, егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса, сан есім болады. Ол қандай сөздер?
Жауабы: үкі, екі

Орыс тілі

Сколько букв и сколько звуков в слове «съем» и в слове «семь»?

Мягкий знак и твердый знак
Разговаривают так:
–        Сколько я пирожных съем?
Мягкий знак ответил: «Семь!»
Ответ: съем – 4 буквы, 3 звука семь – 4 буквы, 3 звука

Математика

Бөрененің ұзындығы 120 см. Оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша?
Жауабы: 120*1/3=40,120см – 40см = 80 см

Қазақстан тарихы /бейне сұрақ/

Алдарыңыздағы тарихи – мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

Жауабы: Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Түркістан қаласы

Информатика

Ең ерте заманғы есептеу құралы қалай аталады?

Жауабы: Есепшот

Енді топтардың жауаптарын тыңдайық. Эксперттерден топ жауаптарын бағалап, қорытындысын айтуын сұраймыз. (Топтардың қорытынды капиталын жариялау)

Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.

Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға – 30 эвро. Кім жоғары баға ұсынады? /70-ке дейін/

№1 лот. Тілі бар, үні жоқ, 

Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
/кітап/

№2 лот. Он екі парақ-
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем-ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/

№3 лот. Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
/өшіргіш/

№4 лот. Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.  /ручка/ 

№5 лот. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
/сызғыш/

№6 лот. Дүниеге тұмсызсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі.
/қарындаш/

№7 лот. Күн-күн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық
/күнтізбе/

№8 лот. Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады.

/күнделік/

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі)

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдағы 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.