Тақырыбы: “Жетімді жебеп, қолдаған жан» (ТС).

ШҚО Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Информатика пәні мұғалімі – Муратканова Перезат Муратовна.

Мақсаты: «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының  президенті Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мағлумат беру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер.
Шаттық шеңбері: Мұғалім балаларга шеңбер құрып тұруды ұсынады:
–           Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)
Қарады саған да
Шуақпен төгіп нұр.

Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:

— Біз бүгінгі сабақта балаларға қамқор жан – Сара Алпысқызы Назарбаева туралы айтамыз және де адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.

       1-жүргізуші :  Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында  Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н.Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.

2-жүргізуші :  Кейде адам баласының қытымыр қыстан жалығып,шуағы мол көктемді аңсайтыны бар.Көктемдегі күн сәулесі көңіліне күн сыйлайды.Өзінді сергек сезініп, дүр сылкініп қаласын.Біртүрлі қанат біткендей болады.Неге екені белгісіз,жүзінен нұр төгіліп,иман ескен жақсы адамдарды мен осы көгілдір көктемге ұқсатамын. Жылы сөзін тыңдаған сайын жаның сүйсінеді.Жақсы ісі жігеріңе жігер қосады.Сенің де жүрегінде ізгілік бүр жарып,мейірімділік бағы жайқала бастайды.Үстіміздегі жылдың  12 ақпанда  70жасқа толғалы отырған Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева – осындай жандардың бірі.

1-жүргізуші :   Ол Президенттің  зайыбы  ғана емес,ең алдымен  әйел,ана және балаларға қамқор жан. Балаларға жақсылық жасау үшіноларды сүйе білу қажет.
“Балалар  Жаратқанның жер бетіне жіберілген ең ғажайып құбылыс.Сол үшін біз, үлкендер,балаларға ерекше құрметпен қарап,айырықша қамқорлық жасауымыз керек”-дейді Сара Алпысқызы

       2-жүргізуші :  НАЗАРБАЕВА САРА АЛПЫСҚЫЗЫ –  қоғам қайраткері, экономист. Қазіргі Бұқар жырау ауданың  Қызылжар ауылының түлегі. Қарағаңды зауыт – ЖТО-ны  бітірген.  Қарағанды металлургия комбинатанда, «Қарағанды көмір»  ӨБ-де мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Қор өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, балаларға адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беруде қоғамға нақты көмек көрсетеді. «Бөбек» республикалық қоры республиканың барлық аймақтарында жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларына, көп балалы отбасылардың балаларына қолдау және көмек көрсету бойынша балалар қорларын ұйымдастырды.

1-жүргізуші :  Осыған қоса «Бөбек»  қор аурудын асқынған түрлерімен сырқаттанған балаларға Қазақстан мен шетел клиникаларында емдейтін балалар мекемелері мен ұйымдарына қамқорлық көрсетеді. Әсіресе Арал мен Семей ядролық полигоны сияқты экологиялық апатты аймағының балаларына ерекше көңіл бөлінеді.

       2-жүргізуші :  Сара Назарбаева бірқатар кітаптардың авторы: «Порфирий Корнеевич Ивановтың ”Детка“ жүйесін пайдаланумен қатысушылардың денсаулығын, адамгершілік тәрбиесін нығайту және дамытудың педагогикалық мәселелері» (1999 ж.); «Адамның денсаулығы және П.К. Ивановтың ”Детка“ жүйесі» (1999 ж. бірлескен авторлықта); «Өзіңе жол. Порфирий Корнеевич Ивановтың ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде» (1999 ж.); «Өмір этикасы» (2001 ж.); «Сүйіспеншілікпен» (2001 ж.).

1-жүргізуші :  Сара Алпысқызы Назарбаеваның жетім және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласында талмай еңбек еткені үшін марапаттары:

I дәрежедегі Достық Ордені (желтоқсан 2001 жыл);

«Алтын жүрек» халықаралық сыйақысының лауреаты (мамыр 2006 жыл); Өзін-өзі тану философиясына және оқу мәдениетіне зор үлес қосқаны үшін — Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медаль (қараша 2003 жыл);

БҰҰ-ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалі (желтоқсан 2007 жыл); Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы;

Жетім балалардың мәселелерін шешуде ерекше еңбегі үшін — «СОС-Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медалі (1999 жыл);
«Unity» халықаралық сыйақысы;

Мейірімділік қасиеттің мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.

Мұғалім тақтаға «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді. Ана – халық үғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Адамдарға немқұрайлы қарама

(мейiрiмдiлiк, әдiлеттiлiк)

  • Бiреуге өз көмегiңдi ұсынудан ұялма, алдымен қиындыққа душар болғандарға, әлсiздерге, ауруларға көмектес.
  • Айналаңдағы адамдардың жұмыс iстеуiне, дем алуына бөгет жасама.
  • Әдептi, сыйлай біл, бiреуге көңiлсiз қарама, үлкендерге сый көрсет.
  • Бiреудiң пiкiрiн, бiреудiң әдетiн сыйлай бiл, яғни басқа адамдарға төзiмдi бол. Бiрақ олардың кемшiлiгiне, терiс пiкiрiне, терiс мiнезiне еш уақытта келiспе.

Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.

Ойын:

Балаларды мейірімді болуға дағдыландыру үшін «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастырылады. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің!; Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің!

Сабақ соңында балалар адамдарға,  айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді. Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді:

–           Күлімдеген күн мейірімді!
–           Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
–           Таза мөлдір су мейірімді!
–           Бәрімізді көтеріп түрған жер мейірімді!
–           Аяулы анам мейірімді!
–           Қадірлі әкем мейірімді!
–           Әлпештеген әжем мейірімді!
–           Еркелеткен атам мейірімді!
–           Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
–           Тату-тәтті достарым мейірімді! және т.б.
Тәрбие сағатының презентациясын көшіріп алыңыз

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.