И-11. Microsoft Access редакторында дайындалған кестелерге байланыстар мен сұратулар енгізу.

SrimbetAnar000Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Мұхтар Әуезов атындағы № 6 қазақ орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Срымбетова Анар Шамшадинқызы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:MS Access мәліметтер базасының негізгі объектілері жайлы білім қалыптастыру, дайын деректер қорына байланыстар мен сұратулар құру жолдары жайлы білімдер беру;
Дамытушылық: оқушылардың MS Access–те кестелермен еркін жұмыс жасай білуге, компьютерді кең салалы қолдануға дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды компьютермен жұмыс жасау кезінде тиянақтылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-репродуктивтік, сұрақ-жауап, өзара іздену,  компьютерлік технологияның элементтері
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, презентациялар, тест, ТСО (компьютер, мультиэпипроектор)
Пәнаралық байланыс: география.

Сабақ барысы:
I.  Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Сыныптың, құрал-жабдықтардың, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Сұрақ-жауап әдісі.
2. Компьютермен жұмыс.

III.Үй тапсырмасын қорытындылау
Tест арқылы
IV. Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
2. Проектормен көрсете отырып түсіндіру.

V. Жаңа сабақты пысықтау
Практикалық жұмыс (компьютерде орындау)

VI. Қорытындылау
Тірек- сызба әдісі
VII. Үйге тапсырма беру
VIII. Бағалау.

Сабақтың барысы
I.  Ұйымдастыру кезеңі
а) cәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
б) сыныптың, құрал-жабдықтардың, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Балалар, орыстың атақты химигі Н.Д. Зелинский өзінің еңбектерінде «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма!»деп айтқан екен. Балалар сіздер келісесіздер ме осы ғалымның сөзімен?  Онда ешқашанда білім алудан кеш қалмаңыздар деп, бүгінгі сабағымызды бастайық(слайд 1.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта біз сіздермен Microsoft Access редакторында кесте мен пішін құрып, пішінге батырмалар енгізуді үйренген болатынбыз. Осы өтілген тақырып бойынша менің сізлдерге қоятын мынадай сұрақтарым бар:

  1. 1.     Пішін дегеніміз не? (Пішін дегеніміз -кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады.)
  2. Пішін құру тәсілдерін атап беріңіздер.

(Пішін құру Құру тәсілдері: автоматты түрде -Автоформа, шебер арқылы-Мастер форм, өз қолымен – Конструктор.)

  1. Пішінді көрсету режимдері қандай? (конструктор режимі, форма режимі,  кесте режимі).
  2. 4.     Режимдер арасында ауысу қалай іске асады? (Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады.)
  3. «Конструктор режимінде»  пішіннің 3 бөлімі қарастырылған. Оларды атап беріңіздер.

 (1. форманың тақырып жолы-бұл бөлім форманың 1-ші бетінің ең басында орналасады және тақырыптың атауын орналастыруға арналған;
      2. форманың ескерту бөлімі – соңғы беттің ең соныңда орналасқан, пайдаланушыға арналған кеңестер және басқада қажет ақпаратты орналастыруға пайдаланады.

  1.    3.  деректер аумағы – деректердің жазулары орналасқан.)

Енді балалар әркім өздерінің компьютерлеріне отырып, өткен тақырып бойынша жұмыс жасаймыз, тапсырма барлықтарыңа ортақ, яғни алдын-ала дайын кестелеріңе пішін құрып, оларға батырмалар енгізу жолдарын көрсетесіздер, балалар уақытымыз шектеулі, компьютерде барынша шапшаң қимылдауға тырысайық!

III. Үй тапсырмасын қорытындылау

Тест арқылы

Жарайсыңдар, ал енді орнымызда тұрмай компьютердің жұмыс үстелінде «Тест» деген қапшық тұр, байқадыңыздар ма? Осы тест қапшығын ашып, тест сұрақтарына жылдам жауап бере қойыңыздар! Сұрақтар өтілген тақырыптар бойынша берілген, мұқият болып жауап беріңіздер!
Барлығы 8 сұрақ, қанша сұраққа дұрыс жауап бергендеріңізді сабақ аяғында айтасыздар!

IV. Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру (слайд  2)
Проектормен көрсете отырып түсіндіру.
А) Дайын кестелерді жеке-жеке ашып аламыз.
Б) Добавить поле –Переименовать столбец- Код таблицы 3- 1….14сандарымен нөмірлейміз…
Кестенің барлығын жауып, Работа с базами данных командасын орындап, Схема данных өрісін шертеміз, пайда болған терезеден
3  кестені де Добавить командасы арқылы орындап алып, терезені жабамыз.
Ашылған 3 терезенің 1-шісінен бастап бір-біріне байланыс жүргіземіз
Күтілетін нәтижелер көрінісі:
1.
2.
V. Жаңа сабақты пысықтау
Практикалық жұмыс (тапсырмаларды компьютерде орындау)

VI. Қорытындылау
Тірек- сызба әдісі(4, 5,6 слайдтар)
VII. Үйге тапсырма беру  үйге өз бетеріңше кесте құрып,  оған кестеаралық байланыс пен сұрату енгізіп үйрену.
VIII. Бағалау.

 

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.