Информатика сабағында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі.

Жақсылықова Жаңагүл Жасанқызы №82 Қаратерең орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаттары: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса , білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға , Қазақстан Рсепубликасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
–          ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
–          білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап , жүзеге асыру;
–          оқу-тәрбие процесінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-ізденушілік және оқу -әдістемелік жұмыстарын жүргізу;
–          мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру;
–          білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды , электрондық оқулықтарды жасақтау;
–          педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін көтеру.

Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:
–          қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктідігі;
–          жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
–          білім мен тәрбиенің бірізділігі;
–          жалпы компьютерлік сауаттылық;
–          оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы ( интенсификация).

Нәтижелер:
–          жаңа ақпараттық технолгияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;
–          жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
–          жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
–          біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
–          білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;
–          республиканың  білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп , білім берудің басқару салаларының ақпараттық желісін құру.

ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі шығыстанушы Әбубәкір Диваев былай деген екен: «Білімнің нұры себілмейінші , бірде-бір озық ел бола алмайды» . Егемен Қазақстанның гүлденген өркениетті ел болуы, бүгінгі жастардың көзі ашық , білімді азамат болып жетілуіне байланысты.

Қазіргідей санның сапаға ауысуы кезеңінде , ұстаз алдында мынадай талап , міндеттертуындайды:
–          ұстаздың алдымен өзінің білімді болуы;
–          шәкірттерінен білімді талап етуші болуы;
–          білімді тыңдаушы болуы;
–          сонымен қатар білім жолындағыларды қолдаушы болуы.

Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты- өз пәнінен білім беріп қана қоймай ,әр баланы шығармашылыққа шыңдау , баланың өзіне деген сенімін туғызу.

Жаңа формация мұғалімі – рухани –адамгершілігі , рефлекцияға қабілетті , ақпараттық – коммуникативтік, әлеуметтік – тұлғалық және басқа да құзырлылықтары қалыптасқан , шығармашыл ұстаз.

Технология – дайын бұйым алу үшін өндірістік процестерде пайдаланылатын шикізаттың , материалдың немесе шала өнімнің пішінін , қасиетін , күйін өзгерту , оларды дайындау және өңдеу тәсілдерінің жиынтығы. Интерактивті технология – бірлесіп әрекет жасау ұғымын білдіреді. Сабақ барысында оқушылардың топтармен жұмыс жасауға қалыптаспауы мүмкін емес.

Қарапайым тақта  және компьютер проекторын қарағанда , интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіндігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.

Сабақта мұғалім интеркативтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы , әрі уақыт үнемдейді. Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда , көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағымда интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Қызметтестер мен бірге отырып сабақа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады , бұл  тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес , сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.

Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады , мысалы: белгілі бір материалдарды интерактивтілік тақтада орындау арқылы файлдарды белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады , бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы қолдануға болады. Оқу материалдар базасын жасау , қызметтестермен жасаған материалдарды өз сабағымда пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді , сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек  болады. Көп сабағымда байқағанымдай сабақтың оқушыларға қызықты және дәлелді болды , және оны жылдам есте сақтайды. Интерактивтік тақта оқу сапасын жоғары деңгейде тағы  да  мұғалімдердің уақытын үнемдейді , оған бұрын өтілген материалдардың екінші қайталауға қажеті жоқ. Сабақ алдын – ала дайындалған болуы керек , сонда  ғана материалдар жылдам түсіндіріледі.

Интерактивті  құралдар:

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге , оқу барасында компьютерді пайдалануға , модельдеуге , электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды  қолдануға , интернетте жұмыс істеуге , компьютерлік оқыту бағдарламасымен негізделген. Ақпараттық әдістемелек  материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек  ұрпақтың жан-жақты білім алуына , іскер әрі талантты , шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық , психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәскелестік қабілеті 50  елдің қатарына кіру стратегіиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр- бұл ақпараттық қоғам дәуірі , технологиялық мәдениет дәуірі , айналадағы дүниеге , адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту , дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып , оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапсын жоғарылатуды көздейді.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды.Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі- қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі қоғамды  ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі- білім беру бағдарламасын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» – деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру , логикалық – құрлымдық ойлау қабілеттерін дамыту , ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану қарастырылып , ақпараттық қоғамға бейідеу.

ХХІ ғасыр- ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру , мектеп ұстаздарының , басшыларының , педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты . Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып , білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Мектепті ақпараттандыру осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіп , оны оқыту , үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін , өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп , Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны  оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп , нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жаңа заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімсді деп санауға болады. Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрыңғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан , тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес , қабылдау , есте сақтау жоғары деңгейде болады.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

  • Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескіндермен салыстыруға болмайды.
  • Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
  • Слайдтарда, флипчартта кестелер жіберілсе , тез арада түзетуге болады.
  • Сабақта ACTIV ote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады
  • ACTIV wand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
  • Сабақтың өнімділігі артады.
  • Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Біз бейбіт елде , мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің , кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге , өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабілдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру , яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген , ақпаратты технологияны терең меңгерген , жылдам өзгеріп жтатын бүгінгі заманға лайықты , жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда . Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр.

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу  жасайық.

ACTIVboard (Promethean компаниясы) – ACTIV studio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер , мултимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Активті қалам- бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIV wand указкасының  ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard  – интеракивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. «Оң қол» сонмен бірге « сол қолмен»  жұмыс жасауға қолайлы құрал.

ACTIVslate  панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушыларға белсенді мүмкіндік береді. Конференция немес презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады. ACTIVboardХR көмегімен қатысушылар кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады.

ACTIVboardХR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай – ақ тақтада жаза алады.

ACTIVpanelpro ( Активпанель)  үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы , онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro  өте жеңіл зат , бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады , ал проектор болса кескінді үлекейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro  ДК басқарады , сурет салады , жазу жазады – бұл ақпаратты құрылғыларға жатады.

ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады , презентация мен конференция материалдарын ACTIV studio 2 немесе ACTIV primary тақтасыз компьютерде дайындауға мүмкіндік беретін құрылғы . ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады , бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батариясыз қалам флипчат беттерінде жазу жаза алады.

ACTIV ote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға , бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттің көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIV ote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIV ote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.

Сабақта уақытты үнемдеу , демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді.  Информатика  және басқа да сабақтарда интерактивті тақтамен жұмыс жасаған өте қолайлы. Мысалы информатика пәнін алайық…

Интерактивті тақтамен үш режимінде де жұмыс жасауға болады . Сол режимдердің әр қайсысына тоқталайық.

Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим , бұр режимді семинар сабақтарын жүргізгенде қолдануға болады. Ақ тақта режимін қолданғанда оны бет қағазмен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен , негізгі ұғымдарын ерекшелеу (сызу) үшін түрлі түсті қаламдарлы қолдануға болады.

Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суреттер пайдалануға болады.

Екінші режим – Office режимі . Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын , яғни материалдар дайындауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының , Excel электрондық кестесінің құжаттары , Power Point – презентациясы болуы мүмкін . Практикалық сабақты жүргізуде қайталаудың ролі ескеріледі. Қайталауды жүргізудің нұсқалары блиц-тестер, стандартты есептерді шығару екені белгілі. Практикалық сабақтың бұл бөлігі жүзеге асыру мақсатында сабаққа дайындық материалдарын жақсы даярлау қажет , ол үшін интерактивті тақтаны қолдану мүмкіншіліктеріне тоқталамыз. Оқушыға берілетін

тапсырманы немесе оқушы орындауға тиісті жұмысты мұғалім бірінші өзі интерактивті тақтадан  толық көрсетеді. Ал оқушылардың барлығы тақтадан тапсырманың орындалу жолдарын көріп, өз беттерінше жұмыс жасауға кіріседі.

Үшінші режим – тақтаның итерактивті режимдегі жұмысы. Бұл қайталау  сабақтарын жүргізгенде өткен материалдарды қайталау қажет , сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компоненттерін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға  , графикалық редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Интерактивті тақта оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге , дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Оқу процесінде , оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті тақтаны қолдану оқушылардың жеке тәжірибесіне , шығармашылық ізденісіне байланысты.

Интерактивті құралдарды сабақта пайдалану дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
–          пән бойынша базалық білімді меңгерту;
–          алған білімді жүйелеу;
–          өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру;
–          жалпы оқуға деген ынтасын арттыру.

Интерактивті технологиямен жұмыс істеу барысында оқушылар пәннің мазмұнын ғана меңгеріп қоймайды , сонымен қатар оқығанды қорытындылауға , білімін тереңдетуге , оны белгілі бір жағдайда пайдалануға мүмкіндік алады. Оқулықтан тыс компоненттер арқылы интерактивті технология оқушылардың танымдық қызығушылығын , ынтасын арттыруға үлкен мүмкіндіктер береді.

Интерактивті технологиямен жұмыс істеу біліктілігі білімді саналы түрде меңгеріп алуға , оқушылардың оқу пәніне деген ынтасын арттыруға жағдай жасайды.

Оқушылардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру және дамыту – ұзақ та күрделі үрдіс , ол пәнді оқып – үйренудің өн бойында үнемі жүргізіледі және ең алдымен пәнді оқып- үйрету жүйесімен анықталады.

Қорытындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану ,оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.