Тақырыбы: «Менің құқықтық алаңым» (ТС).

Батыс  Қазақстан облысы, Орал қаласы,М.Өтемісұлы  атындағы сауықтыру мектеп- интернатының  тәрбиешісі Мүтиева Светлана Тантаевна

Мақсаты:
● адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
• құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;
• өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
• оқушылардың логикалық ойлау мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту дағдыларын дамыту;
• оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсіндіру.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, ромашка гүлі салынған қағаз беттері,
Сабақтың түрі:Топқа бөлу
Міндеттері:
Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы – «Менің құқықтық алаңым».

– Біз қай елдің азаматымыз?
– Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
– ҚР-ның астанасы қай қала?
– ҚР-ның Президенті кім?
– ҚР-ның Ата заңы қашан қабылданды?

ҚР-ның Мемлекеттік нышандарын ата?
– Кіріспе сөз.
– Халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалып тәуелсездік алып егемендікке қол жетті. 1995 жылы
– 30 желтоқсанда ҚР-ның негізгі заңы қабылданды Конституция бүкіл заңдардың қайнары болады. Қандай да болса қаулы шешім тек конституция негізінде қабылданады Қ.Р-ның конституциясы ІХ бөлімнен, 98 баптан тұрады. Бұл заңда балалар мен жас өспірімдерге ерекше қамқорлык жасау үшін балалардың құқыктарын қорғайтын конвенция 1989 жылы БҰҰ Бас Асамблеясында қабылданған.
Конвенция 54 баптан ІІІ бөлімнен тұрады.
Конвенция деген не?
Конвенция дегеніміз – келісім шарт. Халықаралық келісімдердің кең тараған түрі.Онда балалар өздерінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлық пен қорғауды қажет ететіндігі, әсіресе басты қамқорлық пен жауапкершілік ата-анасына жүктелетіндігі расталады.Конвенцияның бірінші бөлімінің 1 бабында бала сипаттамасы көрсетілген, яғни 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады.
2.Баланың заңды өкілдері ата-анасы, бала асырап алушылар, қамқоршысы.
Балалар, Конституция туралы өзімізге қажетті жалпы ақпарат алдық.Ендеше “ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы” деген нақыл сөзге сүйене отырып Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары мен міндеттері туралы 3-тараудың баптарына тоқтала кетейік.
2-бап
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды.Мемлекет баланы зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.
24-бап
Әрбір баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
28-бап
Әрбір баланың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға құқығы бар.
20-бап
Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар.
21-бап
Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиеленуге құқығы бар.
16-бап
Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

19-бап
Әрбір бала өзінің жасына, денсаулығына және қажеттеріне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы.
7-бап
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы.
13-бап
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы.

Баланың міндеттері
Әрбір бала ҚР-ның Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір – қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.
21-бап
Баланың отбасында өмір сүруіне және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы бар.
Мына тапсырмаларды орындаймыз Ертегілер желісі бойынша ертегі кейіпкерлердің қандай құқығы бұзылды және оны кім бұзды? Соны ойланып табуымыз қажет
1 топ тапсырмасы «Алтын сақа»
«Алтын сақа» ертегісіндегі жағымсыз кейіпкер кім?
Баланың өміріне қандай қауіп төнді?
Бала құқығы бұзылды ма?
2 топ «Қырык өтірік» ертегісі
«Қырық өтірік» ертегесіндегі мұратына жеткен кейіпкер кім?
Бұл жерде қандай құқық туралы болады?
Хан жарлығы қандай?
13-бапта бала өз пікірін еркін білдіруге құқығы бар деп атап көрсеткен.Бала құқығы бұзылған жоқ.
Жақсы балалар Ертегі кейіпкерлерінің қандай құқық бұзғанын және кімнің құқығы қорғалғаның ой елгінен өткіздік. Олай болса адамның құқығымен міндеті бір-бірімен тығыз байланысты

(Слайд №1-3)
Сөздікпен жұмыс.

1. Кәне, анықтап алайық, құқық дегеніміз не?
Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы
Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен
қарым-қатынасқа қойылатын талап.
Мораль- адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.
Конституция – конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлектеттік биліктің органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси- құқықтық акт
Декларация – тараптар мақұлдаған жалпы принцитер мен мақсаттарды
қалыптастыратын салтанатты акт. (Слайд №4)
Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие. . Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Бала құқықтары туралы Конвенция
3. Бала Құқықтары туралы Декларация
4. Азаматтық Кодекс
5. Неке және отбасы туралы Заң (Слайд №5)

2. Топтарға сұрақ

– Осы құжаттарда бала деп көрсетілгендер кімдер, неше жастағылар деп ойлайсыңдар?

(Кәмелеттік жасқа толмағандар). (Слайд №6)

4. «Құқықтық алаң» ұғымын анықтау

Құқық ұғымын анықтадық. Ал енді «құқықтық алаң» дегеніміз не?

Құқықтық алаң – адам құқықтарының жиынтығы
5. Шағын топтармен жұмыс

Сіздердің столдарыңызда түймедақ гүлдері жатыр. Алаңқайда өскен бұл гүлдер сіздер үшін құқықтық алаңқайдың символы іспеттес болсын.
Тапсырма. Әр топ өзінің құқықтық алаңқайын жасап шығару керек. Гүлге өздерінде бар деп есептейтін құқықтарын жазу керек.

«Құқық алаңы» жобасын құру және талқылау. (3-5 минут).

Әр топ өздерінің жобасын қорғайды да, тақтаға іледі.
(Слайд №9)

Баланың құқықтық алаңымен танысу. (Слайд №10)
(Бұл слайдта баланың тұтас конституциялық құқықтары берілген. Ол үлкен алаң болып безендірілген. Яғни бөлек-бөлек түймедақ гүлдерінен әр түрлі түсті алаңқай құрастырылып шықты.)
Ал енді шын мәнінде біздің құқықтық алаңымыз қандай екен? Соған назар аударайық. Сіздердің алаңқайларыңыз бұл алаңмен сәйкес келе ме екен, тексерейік. (Слайд №11)

Бала құқықтарының иллюстрациясы. (Слайд №12, 13, 14, 15).
«Кім жылдам»
1-топ
1 Көшеде ақсақал ата суға барып су алып жатыр. Сен не істер едің?
2. Сыныпта бір досым қаламын үйге қалдырып кетеді. Сен не істер едің?

2-топ
1 Қарт әже көшеде келе жатып құлап қалды. Сен не істер едің?
2 Үзілісте бір досыңды байқамай қағып кеттің. Сен не істер едің?

ҚР балалардың міндеттері:
• білім алуға
• тәртіп сақтауға
• мектеп мүлкін сақтауға;
• үлкендерді сыйлауға;
• ана тілдің тазалығын сақтауға;
• әрдайым таза, ұқыпты жүруге;
• темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге, т.б.

(Слайд №18-21)

Мектепте кездесетін жағдаяттарды талқылау (Слайд №22-29)

Қорытынды:
Балалар, құқық бар жерде міндет те бар. Енді соған тоқталайық. Сіздердің құқықтарыңыздың шектелетін кездері де болады. Құқықтарыңызды кім шектей алады?
• Сенің ар-ұятың

• Жалпыға ортақ нормалар мен әдеп ережелері

• Заңдар

Практикалық жұмыс. «Қай құжат артық?» ). (Слайд №16)

Мына балалар құқығы қаралған құжаттардың ішінде бір құжат артық. Соны табу керек.

«Әрекет қабілеттілік пирамидасы» ). (Слайд №17)

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.