Физика 7 класс. Қысым.

ШҚО. Үржар ауданы. Үржар ауылы  «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нің Физика және информатика пәні мұғалімі Аскербаева Рысхан Сағымбайқызы

Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға күштің әрекетінің  тіреу ауданына тәуелді болатыны жөнінде түсінік бере отырып , қысым, қысымның бірліктері туралы білім қалыптастыру.
2. Масса, тығыздық, күш сияқты негізгі ұғымдарды қалыптастыруды одан әрі дамыту
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, тәжірибе
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар, тәжірибе жасауға арналған құралдар.
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер,  интерактивті тақта.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.а) Өткен  тақырыпқа қысқаша шолу
  Ауызша  Сұрақ- жауап алу
1. Табиғаттағы құбылыстардың болу себебін зерттейтін  ғылым. (физика)
2. «Жұпардың иісін жасыра алмайсың»-бұл қай құбылысқа негізделген? (диффузия)

3.  Заттың үш күйін ата. (қатты, сұйық газ)
4. Аспан денелерін зерттейтін ғылым. (астрономия)
5. Жердің табиғи  серігі. (Ай)
6. Екі дененің жанасқанда, олардың молекулаларының араласу құбылысы…(диффузия)
7.  Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы? (телескоп)
8. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
9. Термодинамиканың 3 қағидасы  (Кез-келген зат молекуладан турады, молекула үздіксіз қозғалыста болады,  молекула өзара әрекеттеседі)
10. Траектория дегеніміз не ?

11. Қандай планеталарды төменгі деп атаймыз? (Жер орбитасының ішіндегі)
12. Ауырлық күші деген не? (Денелердің жерге тартылу күші ауырлық күші деп аталады)
13. Динамометр әрекеті қандай заңға негізделген?(Гук заңына негізделген)
14. Деформация деген не?(дене пішімінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атаймыз)
15. Күш деген не?(Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама)

ә) «Сәйкестендір»  /Интерактивті тақтамен жұмыс/

Б) Теңін тап   /Интерактивті тақтамен жұмыс/

 ІІІ. Жаңа сабақ.
• Мұғалімнің кіріспе сөзі: Біз өткен тақырыптаүйкеліс күші тақырыбымен таныс болдық, сонымен:
1.Үйкеліс күші деген не?
2. Үйкеліс түрлері?
3. Үйкелістің пайда болу себептері?
4. Нормаль қысым күші?

Оқушының жауаптары: Бір дене екінші денеің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.
Ғ үйк – үйкеліс күші.

• Сырғанау үйкелісі
• Домалау үйкелісі
• Тыныштық үйкелісі

Үйкелістің пайда болу себептері:
• Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы
• Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.
Үйкеліс :
• Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,
• Олардың өңделу сапасына;
• Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.

Сабақтың толық нұсқасын көренкіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Физика-9. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс теңдеулеріне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің, үдеуі, еркін түсуі,  …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.