Қазақстан болашағы (ТС).

Ақтөбе облысы, Темір ауданы  №6 Шұбарқұдық негізгі мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі  Бердеева Айнагүл Сайлаубайқызы.

Тақырыбы: Қазақстан болашағы білімді ұрпағында.
Мақсаты: Адам баласының ортақ қазынасы-білімге терең бойлап, әлемді таң
қалдыратындай бәсекеге көтерілу үшін күресуге,Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін күресуге тәрбиелеу.Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.

Әдісі: пікірталас, топпен жұмыс
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайд
Барысы:

І. Кіріспе:
Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қазақстан болашағы білімді ұрпағында» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі.Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер.Сіздер  еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу – басты борыштарыңыз деп санаймыз.
Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін, Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сіздердің алдарыңызда үлкен жауапкершілік тұр. Ендеше ,бүгінгі сабақта білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы туралы айтамыз.

ІІ. «Кеш қалмаңыз» бағдарламасы бойынша пікірталас.
Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің,
Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін,-
деген мақсатта пікірталас ұйымдастыруға шақырамын.
Тақырыбымыз: «Менің болашағым білім бе, әлде ақша ма?»

Алдымен экранға назар аударайық. (Экраннан осы сұраққа жауап берген бірнеше адамның пікірі тыңдалады.)
Осы тақырыпты өрбіту үшін ортаға қонақтарымызды шақырайық.
1. Қонақ_________________________________________

Жүргізуші: Жас мұраты – білім-тәлім талабы, өнер, оқу – жастың қару-жарағы» дегендей, білімнен асар байлық жоқ дейсіз. Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?
-Мен бұл тақырып төңірегінде былай дер едім: Мен негізінен білімді жақтадым, себебі біз келешек Қазақстанның туын тұғырлы, елтаңбасын еңселі ететін Қазақстан жастарымыз. Сондықтан да келешекте тек қана білім керек дер едім. Білімді ұрпақ бар жерде ешқандай қиыншылық болмай, тек қана келешекте елімізді көркейтер азамат пен азаматша боларына сенімдімін.
Жүргізуші:Білімді болып, ақшасыз қалайша студент атанасыз? Ортаға 2-ші қонағымызды шақырайық.____________________________________
– «Мен білім де, ақша да керек деймін. Өйткені қазіргі нарыққа байланысты білімді ақша басып кетіп тұр. Сонымен қатар қазір қалтаңда ақша болмаса, сен оқуға түсе алмайсың, мейлі сенің басыңда білімің бола берсін, сен сонда да ақшаң болмаса оқуға түсе алмайсың».

Жүргізуші: «Адамдық – борышың, халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, ар сақта, соны біл» дейді 3-қонағымыз ____________________________________
–Маған ақшаның қажеті жоқ , мен тек адал еңбек қылсам болды.. Мысалы, менің таңдап тұрған мамандығым- мұғалім. Мен мұғалім болып оқушыларға жақсы білім беріп, оларды білген сайын тереңдетіп, үйреткім келеді. Мен ақшаны қаламаймын. Тек халқыма адал еңбек қылсам болды.

Жүргізуші: «Қасиеттің бәрі керек адамға, ақша, қызмет, атақ та, лауазым да», дейді 4- қонағымыз. ___________________________________________
– Мен мамандықты таңдағанда ол туралы бәрін біліп алу керек деп ойлаймын. Ол мамандықтың ақшасын, ол мамандық арқылы қандай үлкен жетістіктерге жететінін білу керек. Басқа лауазымды адамдар үлкен пайда тауып жатқанда, біз неге сондай мамандықты таңдамасқа.

ІІІ. Аталы –сөз білімді болуға бастайды. Оқу –білім туралы нақыл сөздер.

Мұғалім: Иә, біздің қонақтарымыз өз ойларымен бөлісті. Білім жолы – қиын жол. Елбасымыз да  жас ұрпаққа арнайы назар аударып, «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында » деген. Білімді адамның көкірегі ояу болады, жақсы мен жаманды айыра біледі. Міне, осы туралы енді сендер өз ойларыңды ортаға салсаңдар.

Бәрі хормен:
Біз намыскер қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді Отан қыранымыз.
«Талап, еңбек, терең ой, қанағат қыл,
Рақым ет»,- дер Абай айтқан ұранымыз.

Айгерім: Мұсылман дінінен шыққан Хазіретәлі байлықтан білімнің артықтығын 10 түрлі жауаппен дәлелдеген.

  1. Білім артық, себебі ол пайғамбардан, ғалымдардан қалған мирас.
  2. Білім сені асырайды, ал дүниені сен асырайсың.
  3. Білімің көп болса, досың көп болады. Ал керісінше дүниең көп болса, көре алмайтын қызғаншақ адамдар көп болады.
  4. Білімді іздей берсең, толып, көбейеді. Ал байлығыңды жұмсай берсең, азайып, құриды.
  5. Білімді болсаң, ел сені құрметтейді. Ал байлығың болса, қызғанышпен қарайды.
  6. Білімді ұрыдан сақтау қажет емес. Ал дүние ұрланып кетеді.
  7. Білімің көп болса, оған есеп керек емес, ал дүниең көп болса, есеп керек.
  8. Білімді қанша ғасыр жинасаң да іріп –шірімейді, ал дүние жинасаң ол шіріп, бүлінеді.
  9. Білім дініңді жарық қылады, ал дүние адам дінін қарайтады, тура жолдан тайдырады.
  10. Білімді адам ақылды, даналы сөйлейді, ал дүниесі көп адам байлығына мас болып, мақтанып сөйлейді.

 

1-    оқушы: Аталы сөз білімді болуға бастайды.  Сондықтан да біз аталы сөздерді жаттап жүреміз.

Мұғалім: Ендеше, білім туралы айтылған қандай аталы сөздерді білесіңдер?

2-    оқушы:
Ашу деген –ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Білім деген –дария ,
Алдын тоссаң, тоқырар.

3-    оқушы: Жерден ауыр не? Судан терең не?

4-    оқушы: Жерден ауыр дегенім- ақыл- білім, Судан терең дегенім- оқу,      ғылым.

5-    оқушы:Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

6-    оқушы: Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

7-    оқушы: “ Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,
Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.
Құр жасы елулерге келсе-дағы,
Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл”-

8-    оқушы: Білімсіздер тіліне берік болсын,
Білімдінің тіліне ерік болсын.

9-    оқушы: Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не  істесе де келістіріп істейді.

10-оқушы: Білімнен жақсырақ қазына болмас,
Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас.

11-оқушы : Оқушы: Абай тамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.

12-оқушы: Абай атамыздың мына бір өлеңінде де білімнің пайдасы туралы айтылады:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
Пайдасын көре түра тексермедім,
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

13- оқушы: Ал Ыбырай атамыз барлық балаларды былай деп оқуға шақырған:

«Кел, балалар, оқылық!»

ІV. «Жалғасын тап» ойыны.

Мақалдың жартысын табу.

  1. Ақыл азбайды, ( Білім тозбайды)
  2. Білек сүріндіре алмағанды…( Білім сүріндіреді)
  3. Білекті бірді жығар, ( Білімді мыңды жығар)
  4. Қына тасқа бітеді, (Білім басқа бітеді)
  5. Оқу- білім қазығы, (Білім –өмір азығы)
  6. Білімдімен бір жүрген…( Білмегенін біледі)
  7. Ақылды ұл білім іздер, ( Ақымақ ұл шылым іздер)
  8. Ақыл- тобайтын тон, ( Білім – таусылмайтын кен)

V. «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» Көрініс көрсету.

«Байлық, Бақыт, Ақыл»

Ертеде Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосады. Үшеуі адам баласына  тигізген пайдасы жайында таласып қалады.

Байлық: Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние мүлікке бай, ішіп –жемі мол болады.

Бақыт: Мен бақытпын, кімнің басына қонсам, соның атақ- даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін. Ақ дегенін алғыс, Қара дегенін қарғыс етемін.

Ақыл: О, достарым! Мен сендердің таластарыңа қосыла алмаймын. Мен ақылмын. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер, данышпанға барайық.

–         Олар Данышпанға келеді. Данышпан үшеуінің дауын тыңдап алғаннан кейін былай дейді:

Данышпан: Өмірдің өзі сабақ. Байлық- бір жұттық, Бақыт – баянсыз. Ал Ақылдың еңбек, білім деген сүйеніші, тіреуі бар. Сондықтан да ақылды болып, білім алып, еңбек ете білген адам байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүре алады.

–         Сөйтіп, олар табысып, достасыпты. Данышпанға алғыс айтып, адам өмірінің адалдық жолында қызмет етуге кірісіпті. Сенде бұлардың адамға қызмет ететінін білесіңдер. Олар әрқайсысы өз орнымен болуы тиіс. Сондықтан, ақыл, білім болған жерде байлық тиа, бақыт та болады.

VІ. «Қара жәшік» ойыны. Білімімізді тексерейік.

1-    топқа: Айнаны жасыру: Бұл – беті тегіс, жарық сәулесін шағылдыратын дене. Ежелгі адамдар шағылған бейненің қалай пайда болатынын білмеген,сондықтан бұл құбылысты сиқыр деп санаған.Адамзат қазіргі күнге дейін оның  көмегімен болашақтың тылсым құпия әлеміне еніп,оқиғалар желісін алдын ала білуге тырысады.Ежелгі адамдар оның орнына  таза суды пайдаланған. Оны  қолдана отырып бал ашуға,ырымдауға және болашақты болжауға болады.  Ол  автомобиль жүргізушілеріне айналасындағы көліктерді қарап,бақылау үшін қажет.

2-    топқа «Қағазды» жасыру: Адамзат бұл затты іздеумен  тарихи ұзақ жолдан өтті. Әр заманда тас, саз балшық, ағаш сүйек, тері, қайың қабығы, балауыз, метелл, папирус осы заттың орнына жұмсалып келді. Ең алғаш Қытайда пайда болды. Олар оны талшықты өсімдіктерден жасап шығарды.Ал 1719 жылы француздар оны ағаш сүрегінен жасаған.Бүгінде  әртүрлі химиялық заттардың көмегімен адамдарға өте қажет бұл материалдың  ақтығын, беріктігін әр түрлі етіп жасай алады.

VІІ. «Болашақ біздің көзімізбен».

Топпен жұмыс. Болашақтың мектебінің суретін салу.

VІІІ. «Ел ертеңдері көз алдымызда».

Мұғалім: Дәл 15 жыл бұрын Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі  стратегиясы қабылданды. Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз  басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді. Бүгінгі күні біздің еліміз 2030 Стратегиясын мерзімінен бұрын орындауға қол жеткізіп, енді «Қазақстан -2050» стратегиясын қабылдады.Ондағы мақсат- еліміз 30- 40 жылдай уақыт ішінде әлемдегі ең бай, ең білімді дамыған елдер қатарында болу.Ал сендер өздеріңді сонау алыс болашақта, 2050 жылы 40- 45 жасқа жеткен кезде қандай күйде көргілерің келеді? Қане, қиялға ерік беріп көрейікші.

    Өзінің болашағын ойлаған кез келген мемлекет бірінші кезекте балалардың қамын ойлайды. Білімді болып өсуіне жағдай жасайды. Білімді адам қор болмайды дегендей, Қазақстанның ел ертеңдері ортамызда.

    Банкир: Биыл 2050жыл. Ұлы Абай атамыз «Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз» деп бекер айтпаған. Егеменде еліміз өркендеді. Банк жұмыстары жолға қойылды. Несие ең төмен 4%-бен берілуде. Азия даму банкінің үлесі 50млн. АҚШ доллары. Бұл өзге дамушы елдер үшін үлгі.

     Ғалым: «Өнер жастан шығады» дейді халық. Өнерпаздық, тапқырлық, даналық ізгі қасиет адам бойына бірден пайда болмайды. Ол үшін көп оқу керек. Қазақстан ғылымы әлемнің ең биік шыңына көтерілді.Барлық кәсіпорындар жаңа технологиялық әдістермен жұмыс жасауда.

    Ұшқыш: Мен гүлденген Қазақстанның ғылымды, компьютерді меңгерген әуе жолының ұшқышымын. Қай тілде болсын еркін сөйлеймін. Ең керемет, барлық жағдайларға төзімді ұшақтар біздің елімізде жасалуда.

     Мұғалім: «Қазақстан -2050» бағдарламасында білімге қатысты тапсырмалар бар. Сол тапсырмалар орындалып, сабақта компьютердің ең озық үлгілерін қолдана алатын дәрежеге жетті. Үлгермеген бір де бір оқушы жоқ. «Білімдіге дүние жарық» деген осы.

     Экономист: Еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосу –біздің парызымыз. Экономикалық және саяси қатынастар дамыды. Әлем елдерінен тілшілер ағылып келіп, Орта Азия барысына айналған Қазақстанды мақтанышпен айтады.

   Дәрігер: Елдің салауатты өмірі үшін денсаулық өте қажет. Адамдардың денсаулықтары мықты. Еліміздің медицинасы кез келген ауруды емдей алатындай әлемді таңғалдырған биік деңгейге көтерілді.

ІХ. Қорытынды.

Мұғалім: Қазіргі заман-білімдінің заманы. Елімізде жастарға білім алу үшін өте көп жағдай жасалып отыр. «Балапан» бағдарламасы,соңғы 15 жылда республика бойынша салынған  942 мектеп, әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер,Соңғы 12 жылда  182%-ға ұлғайған жоғары білім алуға берілетін гранттар саны, 8 мың талантты жасқа әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алуға мүмкіндік берген «Болашақ» бағдарламасы-барлығы да сендер үшін атқарылып жатқан жұмыстар. . Сондықтан оқы, білім ал, еліңе адал қызмет ет.  Еліміздің ертеңі, болашағы мен келешегі сендерсіңдер.

Қонақтар мен әр топқа «Еңбек», «қуаныш», «болашақ», «білім» деген сөздер беріледі. Осы сөздерге жақсы тілектер айтып қорытындылау.

Мұғалім: Жүсіп Баласағұн айтқандай,

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар- дегендей, білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.