Мақала салу

Ең алдымен тіркелу керек. Ол үшін сайт бетінің төменгі жағындағы көк түсті өрістегі «Регистрация» деген жазуды басамыз. Сонда шыққан терезешеге ағылшын әрібімен логин-атымызды, е-майлымызды жазып, «Регистрация» -ны басамыз.

Ары қарай е-майлымызды ашып, келген паролды көшіріп аламыз.

Сайтқа қайта кіріп, төменгі бөліктегі «Вход»–ты басамыз. Ашылған терезешеге логин-атымызды, паролымызды жазып «Войти»-ді басамыз.

Сайттың өзімізге арналған жеке бетімізге кіреміз. Осы бетте жоғары оң жақта Привет сөзінің қасынан сіздің атыңыз көрініп тұрады. Соны басып жеке мәліметтерімізді толтырамыз. Осы жерде өзіңізге ығайлы жаңа парол таңдайсыз, астынғы жағындағы аватардың қасынан “обзор”– ды басып компьютерден жеке суретімізді көрсетеміз де, төменгі жағындағы “Обновить профиль” дегенді басамыз. Сайтқа тіркелу аяқталады. Бұл әрекетті кейін жасауға да болады.

Осы беттен «Информатик ұстаздар» сілтемесін басып, сайтты қарай береміз.

Мақала салу үшін сайттың жоғарғы жолындағы Добавить – запись дегенді басамыз. Редактор терезесі шығады.

Жариаланатын (салынатын) мақала – ол сайттың редакторында тікелей терілетін немесе копировать /вставить командалары арқылы салынатын мақалалар.

Жүкетелетін мақала – сайтқа “загрузить” деген команданы басу арқылы өз компьютеріңізден салынатын файл/мақала. Жүктелетін файл/мақала атауы ағылшын әрпімен пробелсіз жазылуы керек. (мыс: inf10_kauipsidik_tehnikasy)

Сайтқа жүкетелетін (салынатын мақала емес) файлдардың (презентация, мақала(сабақ), архив, сурет) атаулары (имя файла) міндетті түрде ағылшын әрпімен жазылу керек. (мыс: inf10_kauipsidik_tehnikasy)

Бұл ереже сақталмаса және мақала авторы туралы мәлімет (аты-жөні, мекені) толық болмаса жүкетеген/салынған мақалаңыз/файлыңыз өшіріледі.
Мақалаңызға жеке сурет қою үшін мына бетті оқыңыз:  Жеке сурет қою.

Редакторға түскен мәтін жолдарының арасы алшақ болып кетуі мүмкін. Ондай жағдайды мәтін редакторының құралдарынан HTML -жапсырмасын басамыз. Осы тәртіпте мәтін жолдарының арасындағы бос орындарды Del пернесімен өшіреміз. Сөздер бір-біріне жабысып қалса, пробелмен арасын ашып қоямыз.

Редактор бетінің төменгі жағынан  

ЕСКЕРТУ:

Сайтқа салынатын сурет jpg немесе png форматында болу керек. Сонымен қатар сайтқа жүкетелетін суреттің немесе файлдың аты ағылшын әріпімен жазылуы керек.

Сайтқа салынатын суреттің өлшемі 800х800 -ден аспауы керек. Жеке сурет салсаңыз биіктігі 150 пс-ден аспауы керек. Сайтқа салынатын суреттің типін jpg-ке келтіру үшін және өлшемдерін өзгерту үшін пуск/все программы/Microsoft office/средства Microsoft office/Microsoft Picture немесе диспечер рисунков Office бағдарламасын пайдалануға болады.

Шағын суреттерді салғанда мақаланың оң жағын немесе сол жағын көрсеткен тиімді.

Сайтқа салынған мақала ішінде кездесетін файлдарға (мыс: сабақтың презентациясы) сілтеме қою үшін файлды жеке жүктеу керек.
Ол үшін:
Редактор терезесінің сол жағынан Медиафайлы / Библиотекабасамыз;


Файл жүктеліп болған соң, ол шағын терезеде көрініп тұрады. Терезенің төменгі жағынан файл сілтемесін көшіріп алу керек.
Немесе файл Медиафайл библиотекасында тұрса, файл атын көрсетіп, редактировать жазуын шертеміз.
URL файла деген жолдағы сілтемені көшіріп аламыз.

Редактор тұрған бетке өтіп, Сілтеме қойлатын сөйлемді (сөзді) белгілейміз;

Суретте көрсетілген кнопканы басканда сілтеме қойылатын жол шығады. Сол жерге сілтемені қондырамыз (вставить) / добваить ссылку.

Мақалада көрсетілетін видеоны басқа сайтқа (kaztube.kz н/е басқа) жүктеп қойып, сілтемесін жоғарыда айтылғандай белгілі бір сөзге бекітіп қондырасыз.

Еегер сайтқа мақала салу сізге бәрі-бір қиын болса хабарласыңыз: 87025493013

немесе сабағыңызды жіберіңіз: mykat2005@mail.ru

Мақалаға жеке сурет қою

Мақалаға видео қою

Егере мақалаңыздың арасына виедо қойығыңыз келсе, алдымен kaztube.kz (youtube.com сайтынан Қазақстанда баяу көшірілді немесе көрсету жылдамдығы төмен) сайтына видеоңызды жүктейсіз. Қалай істеу керектігі туралы сайттың өзінде түсінікті етіп жазылған.

Видеоңыз kaztube.kz сайтына шыққан соң, встроить -деген жеріндегі <iframe width=”731″ height=”467″ src=”http://kaztube.kz/ru/video/embed/70493″ frameborder=”0″></iframe> түріндегі кодты көшіріп алыңыз. Информтаик ұстаздар сайтына салып жатқан мақалаңызды HTML редактор бетіне ауыстырып, өзіңіз қалаған жерге кодты қойыңыз. Сонда бұл видео мақалаңыздың арасынан көрініп тұрады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.